169
ТЕСТТЕР
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына объективті сипаттама беру қандай
талдаудың мақсаты болып есептелінеді:
A) Қаржылық талдаудың
B) Басқарудағы талдаудың
C) Қаржылық менеджменттің
D) Экономикалық талдаудың
E) Маркетингтік талдаудың
2. Қаржылық талдаудың құрамдас элементі:
A) Қаржылық менеджмент
B) Қорпоративті қаржы
C) Институционалды қаржы
D) Басқарудағы талдау
E) Бухгалтерлік есеп
3. Кәсіпорын қаржыларын басқару, капитал мен табыстарды пайдалану және
қалыптастырумен байланысты ақшалай қатынастар:
A) Қаржылық менеджмент
B) Басқарудағы талдау
C) Өндірістік менеджмент
D) Инновациялық менеджмент
E) Қаржылық талдау
4. Кәсіпорынның экономикалық қызметі және оны дамытудағы қаржылық
нәтиже :
A) Пайда
B) Меншікті капитал
C) Инвестициялық капитал
D) Өтімділік
E) Авансталған ресурстардың тиімділігі
5. Баланс баптарының үлес салмағын анықтауға негізделген талдау :
A) Тікелей талдау
B) Трендтік талдау
C) Көлденен талдау
D) Салыстырмалы талдау
E) Кеңістіктік талдау
6. Қандай талдау көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын
мәндері қалыптасады, перспективті талдау жүргізіледі :
A) Трендтік талдау
B) Тікелей талдау
C) Көлденең талдау
170
D) Факторлық талдау
E) Салыстырмалы талдау
7. Жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін
зерттеудің детерминациялық немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен
талдау, бұл :
A) Факторлық талдау
B) Тікелей талдау
C) Көлденең талдау
D) Салыстырмалы талдау
E) Трендтік талдау
8. Ол кәсіпорынға акция иелерінің қаражаттарынан қаншалықты ақша
тапқандығын көрсетеді :
A) Меншікті капиталға алынатын пайда
B) Инвестицияланған капиталға алынатын пайда
C) Аралық өтімділік коэффициенті
D) Өзіндік ресурстармен қамтылу коэффициенті
E) Жалпы өтімділік коэффициенті
9. Баланс пассиві көрсетеді:
A) Қаражаттардың қайдан алыңғанын және сол үшін кәсіпорын кімге қарыз
екендігін
B) Кәсіпорынның меншікті капиталы қалай орналасатындығын
C) Кәсіпорын капиталы қызметтін қандай түрлерінде және сфераларында
қолданатындығын
D) Кәсіпорын капиталының пайдалану өнімділігін
E) Кәсіпорын қаржылық нәтижесі
10. Қандай капиталды тұрақты капитал деп атайды :
A) Инвестицияланған капиталды
B) Меншікті капиталды
C) Акционерлік капиталды
D) Айналым капиталды
E) Шығарылған капитал
11. Акционерлік капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелерге негізделген
капитал:
A) Инвестицияланған капитал
B) Меншікті капитал
C) Жарғылық капитал
D) Айналым капитал
E) Таза айналым капиталы
171
12. Негізгі және айналым капиталының сомасы :
A) Инвестицияланған капитал
B) Меншікті капитал
C) Акционерлік капитал
D) Жарғылық капитал
E) Таза айналым капитал
13. Қорытынды табыстарды қорытынды шығыстармен салыстыру арқылы
анықталған пайда :
A) Таза пайда
B) Бухгалтерлік пайда
C) Бөлінбеген табыс
D) Баланстық пайда
E) Салық салынғанға дейінгі пайда
14. Сату көлемі, сатылатын өнімнің өзіндік құны, сатылатын өнімнің бағасы,
ассортимент құрылымында өзгерістер сияқты факторлар әсерімен
қалыптасатын пайда :
A) Жалпы пайда
B) Таза пайда
C) Баланстық пайда
D) Бухгалтерлік пайда
E) Салық салынғанға дейінгі пайда
15. Кәсіпорынның зиянсыз шегін анықтауға мүмкіндік беретін, қысқа
мерзімде пайда, шығын және табыстардың арасында тәуекелділікке
негізделген талдау :
A) Зиянсыздықты талдау
B) Маржиналдық талдау
C) Басқарудағы талдау
D) Операциялық талдау
E) Өндірістік талдау
16. Базистік кезеңде өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік
құнының арасындағы пайда қалай аталады :
A) Базистік жалпы пайда
B) Базистік бухгалтелік пайда
C) Салық салынғанға дейінгі базистік пайда
D) Базистік таза пайда
E) Есепті кезеңдегі пайда
17. Өнім өндіру мен өткізудің, ішкі және сыртқы факторлар өзгерістеріне
қаржылық нәтиженің реакциясын көрсететін талдау :
A) Операциялық талдау
B) Сыртқы ортаны талдау
172
C) Басқарудағы талдау
D) Көлденен талдау
E) Трендтік талдау
18. Егер сатудан түсетін түсім тек қана айнымалы шығындарды жауып, яғни
кәсіпорын тұрақты шығындар мөлшерінде зиян көріп жұмыс істейтін болса,
онда маржиналдық табыс неге тең :
A) Нольге тең
B) Тұрақты шығындардан кем
C) Тұрақты шығындарға тең
D) Тұрақты шығындардан асады
E) 1-ге тең
19. Егер тауар сатудан түсетін түсім айнымалы шығындарды және тұрақты
шығындардың белгілі бөлігін жабатын болса, онда маржиналдық табыс :
A) Тұрақты шығындардан кем
B) Нольге тең
C) Тұрақты шығындарға тең
D) Тұрақты шығындардан асады
E) 1-ге тең
20. Егер тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындардан асып,
кәсіпорынның қызметі пайдалы болатын болса, онда маржиналдық табыс :
A) Тұрақты шығындардан асады
B) Нольге тең
C) Тұрақты шығындардан кем
D) Тұрақты шығындарға тең
E) 1-ге тең
21. Өнім көлеміне байланысты өзгермелі шығындар :
A) Тікелей шығындар
B) Ағымдағы шығындар
C) Тұрақты шығындар
D) Жалпы шығындар
E) Кіретін шығындар
22. Маржиналдық талдау әдістемесі 3 маңызды экономикалық көрсеткіштер
топтарының өзара қатынастарын зерттеуге негізделеді:
A) Шығындар, өндіріс көлемі және пайда
B) Тұрақты шығындар, айнымалы шығындар және өндіріс көлемі
C) Тұрақты шығындар, айнымалы шығындар және сату көлемі
D) Өнімнің өзіндік құны, өндіріс көлемі және сату көлемі
E) Айнымалы шығындар ,өзіндік құн және өндіріс көлемі
173
23. Ағымдағы өтімді активтердің барлық төлем міндеттемелеріне қатынасы
қандай көрсеткіш :
A) Жалпы өтімділік коэффициенті
B) Абсолютті өтімділік коэффициенті
C) Жедел өтімділік коэффициенті
D) Ағымдағы өтімділік коэффциенті
E) Анықталған өтімділік коэффициенті
24. Кәсіпорынның сатудан түскен түсімі мен айнымалы шығындар
айырмасы, бұл :
A) Маржиналдық табыс
B) Таза табыс
C) Жалпы табыс
D) Бухгалтерлік табыс
E) Жиынтық табысы
25. Тартылған капитал мен жиынтық капитал қатынасы , бұл :
A) Қаржылық тәуелділік коэффициенті
B) Қарыз коэффициенті
C) Меншікті айналым қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті
D) Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті
E) Ауыстыру коэффициенті
26. Тәуелсіздік коэффициенті қалай есептелінеді :
A) Меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы
B) Тартылған капиталдың жиынтық капиталға қатынасы
C) Қарыз капиталының меншікті капиталға қатынасы
D) Меншікті капиталдың негізгі капиталға қатынасы
E) Меншікті капиталдың айналымынан тыс активтерге қатынасы
27. Сатылған өнімнің санын және өнім бірлігіне келетін маржиналдық
табыстың мөлшерін көбейту арқылы көрсетуге болады :
A) Маржиналдық табысты
B) Баланстық пайданы
C) Бухгалтерлік пайданы
D) Жалпы пайданы
E) Таза пайданы
28. Банктің ұзақ мерзімді несиелері, облигациялары, займдары , бұл :
A) Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
B) Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
C) Материалдық емес активтер
D) Кредиторлық берешек
E) Дебиторлық берешек
174
29. Табыстылық көрсеткіштеріне келесі көрсеткіштер жатады :
A) Таза пайда коэффициенті, таза табысқа салынған капиталдың
айналымдылығы, акционерлік капиталға келетін таза табыс
B) Маржиналдық табыстың коэффициенті, таза табыс, маржиналдық табыс
C) Таза пайда, таза сатулар, таза табыстың салынған капиталдың
айналымдылығы
D) Таза пайданың коэффициенті, маржиналдық табыстың коэффициенті,
жалпы пайда
E) Маржиналдық табыстың коэффициенті, қаржы төзімділіктің запасы,
рентабельділік табалдырығы
30. Өнімді өткізуден алынған ақша қаражаттары қандай қызметпен
сипатталады :
A) Операциялық қызмет
B) Инновациялық қызмет
C) Инвестициялық қызмет
D) Қаржылық қызмет
E) Экономикалық қызмет
31.Несиені пайдалану арқылы меншікті капиталдың табыстылығын
жоғарылату тәсілі:
A) Қаржылық тетік
B) Рентабельділік табалдырығы
C) Таза пайда коэффициенті
D) Салынған капитал айналымы
E) Маржиналдық табыс
32. Меншікті капиталдың рентабельділік көрсеткіші қалай анықталады :
A) Таза пайданың меншікті капиталға қатынасы
B) Баланстық пайданың акционерлік капиталға қатынасы
C) Бухгалтерлік пайданың акционерлік капиталға қатынасы
D) Тауарды сатудан табатын пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасы
E) Таза пайданың сату көлеміне қатынасы
33. Өзара шаруашылық қатынастар жүргізу нәтижесінде заңды және жеке
тұлғалардың кәсіпорынға төленбеген қарыз сомалары ,бұл :
A) Дебиторлық берешек
B) Кредиторлық берешек
C) Төлем қабілетсіздік
D) Банкроттық
E) Төлем қабілеттілік
34. Белгілі бір тауарды өндіру немесе қызметтердің нақты нысанын көрсету
түрінде нақтыланған экономикалық қызмет :
A) Іскерлік белсенділік
175
B) Экономикалық тиімділік
C) Өндірістік қызмет
D) Дисконттау
E) Қаражаттар иммобилизациясы
35.Ол айналым активтерінің бір теңгесіне келетін бухгалтерлік пайданың
көлемін көрсетеді :
A) Айналым активтер рентабельділігі
B) Таза айналым капитал рентабельділігі
C) Инвестициялар рентабельділігі
D) Сату рентабельділігі
E) Өнім рентабельділігі
36. Таза айналым капиталының бір теңгесіне келетін бухгалтерлік пайданың
көлемін сипаттайтын көрсеткіш :
A) Таза айналым капиталдың рентабельділігі
B) Меншікті капитал рентабельділігі
C) Айналым активтер рентабельділігі
D) Айналымнан тыс активтер рентабельділігі
E) Жинак активтер рентабельділігі
37. Кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар және мүліктің бір
бөлігін сату есебінен құрылады:
A) Жинақтау қоры
B) Тартылған капитал
C) Резервті капитал
D) Сақтандыру қоры
E) Зейнетақы қоры
38. Меншікті капитал мен банктердің ұзақ мерзімді несиелері және
займдары есебінен қалыптасады
A) Ұзақ мерзімді активтер
B) Қысқа мерзімді активтер
C) Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
D) Материалдық емес активтер
E) Негізгі қорлар
39. Негізгі құралдар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, аяқталмаған
құрылыстар, жалға берушілермен есеп айырысулар және т.б. қандай
активтерге жатады :
A) Ұзақ мерзімді активтерге
B) Қысқа мерзімді активтерге
C) Материалдық емес активтерге
D) Ағымдағы активтерге
E) Айналым активтерге
176
40. Кәсіпорынның сыртқы қаржылық жағдайы нені көрсетеді :
A) Төлемқабілеттілікті
B) Қызметкерлердің еңбек ақыларының деңгейін
C) Өндіріс инфрақұрылымның даму дәрежесін
D) Өндіріс көлемін
E) Өнім сатудың көлемін
41. Қаржылық автономиялық коэффициенті, қаржылық тәуелділік
коэффициенті, қаржылық тәуекелділік коэффициенті – бұл көрсеткіштер
нені сипаттайды :
A) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
B) Кәсіпкерлік қызметтің табыстылығын
C) Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін
D) Кәсіпорынның іскер белсенділігін
E) Кәсіпорынның нарықтағы белсенділігін
42. Кәсіпорын капиталын қалыптастыру құрылымын бағалау үшін мынадай
коэффициент есептелінеді:
A) Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті
B) Автономия коэффициенті
C) Қаржылық тәуекелділік коэффициенті
D) Қаржылық тәуелділік коэффициенті
E) Қаржылық рычаг иығы
43. Қаржылық табыстардың ішкі және сыртқы көзінің
жалпы сомасына қаржыландыратын табыс сомасының қатынасы ретінде
есептелінетін көрсеткіш :
A) Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті
B) Автономия коэффициенті
C) Қаржылық тәуелділік коэффициенті
D) Қаржылық тәуекелділік коэффициенті
E) Маржиналдық табыс коэффициенті
44. Амортизация мен қайта инвестицияланатын пайда сомасы нені құрайды:
A) Өзін-өзі қаржыландыру табысын
B) Маржиналдық табысты
C) Өнім сатудан түсетін түсімді
D) Таза пайданы
E) Зияндылықты
45. Патент, лицензия, кәсіпорынның сауда маркасының беделі құнынан
жинақталады :
A) Материалды емес активтер
B) Ағымдағы активтер
177
C) Белгіленген активтер
D) Айналым қаражаттар
E) Ұзақ мерзімді міндеттемелер
46. Міндеттемелер және меншікті капитал қосындысы, ол :
A) Пассивтер
B) Активтер
C) Келісім-шарттар
D) Ұзақ мерзімді байланыстар
E) Қысқа мерзімді байланыстар
47. «Баланс» терминінің француз тіліндегі мағынасы :
A) Тепе-теңдік
B) Ақпараттың қайнар көзі
C) Қаражаттар
D) Капиталдың қайнар көзі
E) Таза табыс
48. Кәсіпорынның игілігіндегі капиталды орналастыру жөніндегі
мәліметтерді жинақтайтын талдау :
A) Баланс талдауы
B) Маржиналдық талдау
C) Қаржылық талдау
D) Басқарудағы талдау
E) Активтер талдауы
49. Баланстың активтерінің жіктелінуі :
A) Ұзақ мерзімді және ағымдағы активтерге
B) Меншік капитал және ұзақ мерзімді активтерге
C) Ағымдағы және айналым активтерге
D) Қысқа мерзімді және ағымдағы активтерге
E) Меншікті капитал, қысқа мерзімді активтер
50. Айналымдағы қаражаттарды басқаша аталады :
A) Ағымдағы активтер
B) Белгіленген активтер
C) Материалды емес активтер
D) Ұзақ мерзімді активтер
E) Ағымдағы міндеттемелер
51. Дебиторлық берешектің келесі түрлері болады:
A) Әдеттегі және мерзімі өткен
B) Әдеттегі және потенциалды
C) Әдеттегі және болжамдалған
D) Қысқа мерзімді және әдеттегі
178
E) Ұзақ мерзімді және әдеттегі
52. Дебиторлық берешектің сапасын және өтімділігін зерттеуде
қолданылатын көрсеткіш:
A) Қарыздарды инкассациялау кезеңі
B) Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті
C) Қаржылық тәуелділік коэффициенті
D) Автономия коэффициенті
E) Ақшалай қаражаттың орташа қалдықтары
53. Материал сыйымдылық көрсеткіші қалай есептелінеді :
A) Материалдық шығындардың өнім көлеміне қатынасы
B) Өндірілген өнім көлемінің материалдық шығындарға қатынасы
C) Материалдық шығындар сомасы ретінде
D) Өнім көлемінің негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы
E) Негізгі құралдар құнының жұмыскерлер санына қатынасы
54. Кәсіпорын қаржыландырудың негізгі көзі , ол :
A) Меншікті капитал
B) Займдық капитал
C) Кредиторлық берешек
D) Дебиторлық берешек
E) Ақшалай қаражаттар
55. Меншікті капиталдың құрамына :
A) Жарғылық капитал, жинақталған капитал, басқа түсімдер
B) Жарғылық капитал, жинақтау қоры, резервті капитал, кредиторлық
берешек
C) Жарғылық капитал, қосылған капитал, бөлінбеген пайда
D) Жарғылық капитал, резервті капитал, ұзақ мерзімді капитал
E) Жарғылық капитал, ұзақ мерзімді капитал, қысқа мерзімді капитал
56. Жинақталған капитал құрамы:
A) Шығарылған капитал, резервті капитал, эмиссиялық табыс, бөлінбеген
пайда
B) Жарғылық капитал, резервті капитал, жинақтау қоры
C) Жарғылық капитал, резервті капитал, қосылған капитал
D) Резервті капитал, жинақтау қоры, тұтыну қоры
E) Резервті капитал, қосылған капитал, бөлінбеген пайда, мақсатты
қаржыландыру қоры
57. Жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған құрылтайшылардың
салған ақша қаражаттары :
A) Жарғылық капитал
B) Инвестицияланған капитал
179
C) Авансталынған капитал
D) Меншікті капитал
E) Займдық капитал
58. Қандай кәсіпорында жарғылық капитал деп - мемлекет бекіткен, бірақ
толық шаруашылық жүргізуге өкілеттілік берілген мүліктердің құнын
айтамыз
A) Мемлекеттік кәсіпорындарда
B) Акционерлік кәсіпорындарда
C) Жауапкершілігі шектелген серіктестіктерде
D) Жалға алынған кәсіпорындарда
E) Кооперативтік кәсіпорындарда
59. Қандай кәсіпорында жарғылық капитал – бұл акцияның барлық
түрлерінің номиналды құны :
A) Акционерлік қоғамда
B) Мемлекеттік кәсіпорындарда
C) Жауапкершілігі шектелген серіктестіктерде
D) Жалға алынған кәсіпорындарда
E) Жекешеленген кәсіпорындарда
60. Қандай кәсіпорында жарғылық капитал қызметкерлері салымдарының
сомасы болып саналады :
A) Жалға алынған кәсіпорындарда
B) Жекешеленген кәсіпорындарда
C) Кооперативтік кәсіпорындарда
D) Жауапкершілігі шектелген серіктестіктерде
E) Мемлекеттік кәсіпорында
61. Мүлікті қайта бағалау немесе акцияның нарықтық бағасынан артық
бағада сатылуы нәтижесінде қалыптасады :
A) Қосылған капитал
B) Қысқа мерзімді капитал
C) Ұзақ мерзімді капитал
D) Жинақтау қоры
E) Бөлінбеген пайда
62. Кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар және мүліктің бір
бөлігін сату есебінен құрылады
A) Жинақтау қоры
B) Тартылған капитал
C) Резервті капитал
D) Сақтандыру қоры
E) Жарғылық капитал
180
63. Жинақтау қоры, тұтыну қоры, резервті қоры ненің есебінен құрылады
A) Пайда
B) Несие қаражаттарынан
C) Мақсатты түсімдерден
D) Мемлекет дотацияларынан
E) Субсидиялардан
64. Кәсіпорын төлемқабілеттілігін қалпына келтіру және әлеуметтік сфера
объектілерін қамтамасыз ету үшін қайтарылатын және қайтарылмайтын
бюджеттік ассигнациялар, қайтарымсыз түрде алынған құндылықтар – бұл
A) Мақсатты қаржыландырудың және арнайы тағайындалудың қаражаттары
B) Жинақталған капитал
C) Қосылған капитал
D) Жинақтау қоры
E) Сақтандыру қоры
65. Қандай активтер меншікті капитал мен банктердің ұзақ мерзімді
несиелері және займдары есебінен қалыптасады:
A) Ұзақ мерзімді активтер
B) Қысқа мерзімді активтер
C) Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
D) Материалдық емес активтер
E) Негізгі қорлар
66. Негізгі құралдар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, аяқталмаған
құрылыстар, жалға берушілермен есеп айырысулар және т.б. жатады
A) Ұзақ мерзімді активтерге
B) Қысқа мерзімді активтерге
C) Материалдық емес активтерге
D) Ағымдағы активтерге
E) Айналым активтерге
67. Сатылған патенттер, лицензиялар, тауар белгілерін, жерді, пайдалы
қазбаларды пайдалану құқықтары, брокер орындары, бағдарламалық
қамтамасыз етулер жатады :
A) Материалдық емес активтерге
B) Ағымдағы активтерге
C) Айналым активтерге
D) Дебиторлық берешекке
E) Тартылған қаражаттарға
68. Банктің ұзақ мерзімді несиелер, облигациялар, займдар , бұл :
A) Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
B) Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
C) Материалдық емес активтер
181
D) Кредиторлық берешек
E) Дебиторлық берешек
69. Кәсіпорын капиталы меншікті және тартылған капиталға бөлінеді
A) Тиістілік дәрежесіне қарай
B) Пайдалану ұзақтылығына қарай
C) Айналым жылдамдығына қарай
D) Ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығына қарай
E) Инфляциялық процестерге тәуелділігіне қарай
70. Капиталды пайдалану ырғақтылығын сипаттауда қолданылатын
көрсеткіш :
A) Айналымдылық коэффициенті
B) Капитал айналымдылығының ұзақтылығы
C) Капитал сыйымдылығы
D) Капиталдың активтердің кейбір түрлерінде болу ұзақтылығы
E) Меншікті капиталдың рентабельділігі
182
Достарыңызбен бөлісу: |