2.2 Кəсіпорындарда СМЖ-ны енгізу бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру
СМЖ-ның жұмыс істеуінің тиімділігі көбіне дайындау жəне енгізу
кезеңдерінде анықталады. СМЖ-ны енгізу бойынша ұйымдастыру жұмысы
туралы шешім қабылдау кəсіпорынның бірінші басшысының құзырында
болады.
Бірінші кезеңде СМЖ-ны жасауға дайындық кезінде, кəсіпорын
басшылығы сапа саласындағы саясатты ұстанып, сапа саласындағы
міндетті, саясатты, мақсатты анықтауы керек:
•
ол кəсіпорынның жалпы саясатының жəне стратегиясының бір бөлігі;
•
өнімнің сапасын жақсартуға бағытталған мақсатты белгілеу үшін негіз
болады.
СМЖ-ны жасау бойынша жұмыстарды орындау үшін кəсіпорын
б а с ш ы с ы б ұ й р ы қ п е н с а п а ү ш і н ж а у а п т ы с а п а қ ы з м е т і н
ұ й ы м д а с т ы р а д ы , С М Ж - н ы д а й ы н д ау б о й ы н ш а т о п қ ұ р а й д ы
(топ,шоғырландыру кеңесі )жəне оның басшысын тағайындайды.
Кəсіпорын Басшысы жұмыстың жалпы басшысын тағайындайды жəне
ИСО стандарттарын дайындау,енгізу бойынша стратегиялық шешім
36
қабылдайды жəне осы жұмыстың соңғы нəтижесіне жеке-дара
жауапкершілік атқарады. Енгізудің жедел (қолма-қол,тікелей) басқару, сапа
үшін жауапты, топтың жетекші болып тағайындалуы басшылықтың уəкіліне
жүктелу мүмкін.
Басшылықтың уəкілі басшылықты СМЖ-ның құжатын дайындау үдерісі
туралы жүйелі түрде (уақытылы) басшылықты ақпараттандырып тұрады
жəне қажетті кезде тексеру болмаса көмек үшін осы үдеріске араласады.
Топ құрамына, СМЖ-ның құжаттарын дайындау бойынша,өндірістің
жетекші бөлімшелерінің мамандары кіреді. Сапа қызметінің қызметкерлері
жəне топтың мүшелері өзіне ИСО 9001:2000 талаптарын зерделеуді
енгізетін, сонымен қатар СМЖ-ны жасау əдістерін жəне қажетті барлық
құжаттарды дайындауды кіргізетін арнаулы бағдарламалар бойынша
дайындықтан өтуі керек.
Жұмыстың басталуына дейін топ жұмысты жүргізу жоспарын
(бағдарламаны) жасайды. Бағдарламада (жоспарда) жұмыстардың кезеңдері
(түрлері), атқарушылар, мерзімі жəне қажет кезінде осы жұмыстардың
орындалу бағасы анықталады.
Бағдарламаға келесі жұмыс түрлері кіргізіледі:
•
сапа саласындағы Саясатты жəне мақсатты дайындау. Сапа саласындағы
Саясат құжатталып жəне əрбір жұмыскерге жеткізілуі тиіс;
•
мекеменің СМЖ ұйымдастырулық құрылымын дайындау (дəлдеу);
•
бизнес үдерістердің тізімін анықтау;
• СМЖ мекеменің лауазымдық тұлғаларының уəкілеттігі жəне «уəкілеттікті
тарату ұяқалып (матрицасы) жəне СМЖ жауапкершілік» дайындау;
•
мотивациялық (себептік) тетіктерді дайындау (экономикалық жəне
моралдық ынталандыру əдістері жəне формалары) СМЖ дайындауды
қамтамасыз ету жəне енгізу;
•
лауазымды тұлғаларды жəне мекеменің, СМЖ-ны дайындау бойынша
жұмыстарға жұмылдырылған қызметкерлерін оқыту.
Кəсіпорын СМЖ дайындауға көбіне кəсіпқой консультантарды
шақырылады. Консультациялық қызметтің құны (бағасы)шығындар
сметасында қарастырылуы керек.
Екінші кезеңде кəсіпорындағы өнімнің (қызметтің)сапасын басқаруға
кешенді талдау жүргізіледі жəне СМЖ-нің тұжырымдамалық моделі
дайындалады.
Кезеңді орындау бұрыннан бар басқару жүйесін талдаудан, сапа
саласындағы кəсіпорынның іс-əрекетінің күшті жəне əлсіз жақтарын,
сонымен қатар ұйымдастырулық құрылымын жəне өнімнің сапасын бақылау
əдістерін пайдаланудан басталады.
Сапа саласындағы Саясатта жəне ИСО 9001:2000 талаптарына
кəсіпорындағы сапаны басқарудың нақты жағдайының сəйкестігін бағалау
келесі бағытта іске асырылады:
•
мамандық деңгейін жəне қызметкерлердің кəсіптігін айқындау;
37
•
сапалы өнім (қызмет)шығару үшін сəйкестік құрал-саймандардың
болуын бағалау;
•
жеткізілген шикізат жəне материалдардың сапасын тексеру əдістерін
анықтау;
•
өндіріс үдерісінде жəне дайын өнімнің с апасын ақырғы
(соңғы)бақылауды,сапаны бақылауды ұйымдастыру.
Талдау жүргізуге бөлімшелер жəне кəсіпорынның барлық қызметтері
тартылады, олар белгіленген формаға жəне мезгілге сəйкес сапа қызметіне
қажетті ақпарат ұсынады. Талдаудың негізгі нысандары болатындар:
•
жасалынатын СМЖ пайдаланатын кəсіпорынның құжаттары;
•
сапаны қамтамасыз ету бойынша бөлімшелердің іс-əрекеті;
•
бөлімшелер, лауазымды ұсыныстар,жауапкершілікті таратуды жəне
кəсіпорындағы уəкілеттікті анықтау туралы жағдай;
•
өнімнің,қызметтің сапасын беру туралы ақпарат;
•
бизнес-үдерістер;
•
жұмыс орнын ұйымдастыруға талаптар;
•
формулярлар,бақылаулық тізілім;
•
жедел нормалар,əдістемелік,жұмысшы,бақылаулық ұсыныстар;
•
деректерді электрондық өңдеу бағдарламасы;
•
метрологиялық қамтамасыз ету құжаттары;
•
сынақтау бағдарламалары, ұсыныстар, бақылау карталары;
•
стандарттар жəне спецификациялар;
•
сапа туралы қағаздық жəне (болмаса) электрондық сақтаушылардағы
жазбалар;
•
Талдау, кəсіпорынның құжаттары ең аз талаптарға қаншалықты
сəйкестігін көрсетуі керек жəне СМЖ пайдалануы мүмкін.
Сапаны басқарудың нақты жағдайына талдау жүргізу шеңберінде
команда келесіні айқындауы керек:
•
жұмыс орындарында үдерістер қалай нақты орындалады;
•
үдерістерге қандай алшақтық (саналық жəне санасыз)бар;
•
осы алшақтықтың қайсысы кездейсоқ болады,ал қайсысы жетістікке
жету үшін СМЖ-нің жобасында ескерілуі керек;
•
Бұл міндеттер барлық бөлімшелерді қамтуы керек.
Тəжірибелі консультант тарапынан көмек сапаны басқарудың нақты
жағдайын талдауды едəуір жеңілдетуі мүмкін жəне шеттегі маманның
бағалауының əділдігі жоғары болуы мүмкін.
Əрекеттегі СМЖ талдаудан кейін кəсіпорынның СМЖ концептуалды
моделі (басқару) дайындалады.
Бірінші кезекте бизне с-үдерістерді анықтау жəне олардың
ұйымдастырулық-технологиялық сұлбасын (блок-сұлба)дайындау
керек.Талдау жүргізудің нəтижелері бойынша дайындаудың жоспар-графигі
жасалынады,СМЖ құжаттары түзетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |