Бағдарламасы 2 Кедендік Одақтағы техникалық реттеудегі өзгерістер 19



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата24.07.2020
өлшемі1,01 Mb.
#75584
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Айым

Аудиттің  бағдарламасы  -  ол  бір  болмаса  бірнеше  аудиттің  жиынтығы, 

нақты  уақыт  кезеңіне  жоспарланған  жəне  нақты  мақсатқа  жетуге 

бағытталған.  Аудиттің  бағдарламасының  менеджменті  жақсы  таныс  РДСА 

циклы бойынша көрсетілген. 

 

 



 

 

 



«Plan»  (жоспарлау)  кезеңінде  аудиттің  бағдарламасы  белгіленеді,жекелеп 

анықталатындар: 

аудиттің бағдарламасының мақсаты,ол əрбір аудитордың мақсаты; 



аудиттің  бағдарламасы  бойынша  жауапты  тұлғаға,міндеттер  жəне  

құзіреттілігіне тиісті талаптар; 

аудиттің бағдарламасының ұзақтығы; 



аудит бағдарламасының тəуекелі; 

аудит бағдарламасының тəртібі;  



аудит бағдарламасының қорлары. 



 

«До»(«орындау»)  кезеңі  аудит  бағдарламасын  іске  асыруға  тиісті  жəне 

оған кіретіндер: 

аудит  бағдарламасы  бойынша  қызығушылық  білдіретін  жақтарға 



хабарлау; 

əрбір  нақты  аудит  үшін  мақсаттарды  көлемдеу  жəне  критерилерді 



анықтау; 

аудиттерді жоспарлау; 



аудиттерді қорлармен қамтамасыз ету; 

аудиттердің жазбаларын басқару; 



аудиттің өзін жүргізу. 

 

«Сһеск»  (проверка)  кезеңінде  аудиттің  бағдарламасының  мониторингін 

аудит бағдарламасына жауапты жүргізеді жəне бағдарлауды кіргізеді: 

шаралардың аудит бағдарламасына сəйкестігі; 



аудиторлық типтің өзінің мүшелері; 

тексерілетін  мекемеден,аудиторлардан  жəне  басқа  қызығушылық 



танытатын  жақтардан    кері  байланыс  каналдары  бойынша  түскен 

ақпараттар.  Соңғы  кезде  «Асt»  («жақсарту  əрекеті»)  талдау  жəне 

аудит бағдарламасын жақсарту жүргізіледі.  

 

 



 

 

   



 

Жақсарту  үшін  кіріспе  деректер  болатындар  аудиттің 

жазылу  формасында  аудиттің  бағдарламасының  мониторинг  нəтижесі, 

табылған  негізгі  ойларды  жəне  қызығатын  жақтардың  қажеттіліктерін 

қосқанда.  Аудиттің  бағдарламасын  талдау  жəне  аудиттің  жоспарына 

сəйкестігін белгілеу, жаңа əдістерді айқындау, тəуекелді жəне ақпараттық 

қауіпсіздік сұрақтарын қарастыру қажет.    

Т а л д а у  н ə т и ж е с і 

бойынша  аудит  бағдарламасын  жақсарту  үшін  шешім  қабылдау 

мақсатында,  сонымен  қатар  аудиторлардың  кəсіптік  жетілуіне  тиісті 

жоғары басшылыққа баяндама ұсынылуы керек.   

 

 



 

 

44




ИСО 19011 алтыншы бөлімі аудитті дайындау жəне жүргізу сұрақтарына 

тиесілі, аудитт ің бағдарламасының бөлігі сияқты.  

 

 

 



   

Аудит кезіндегі типтік іс-əрекеттер:  

аудиттің басталуы; 



аудитті жүргізуге дайындық; 

аудитті жүргізу шыралары; 



аудит бойынша есеп дайындау жəне тарату; 

аудитті бітіру; 



кезектегі аудитті жүргізу. 

 

«Аудиттің  басталуында»  тексерілетін  мекемемен  алғашқы  байланыс 



орнатуға жəне аудиттің іске асуына сенімділік керек. 

 

Аудитті  іске  асыруға  ақпараттың  жеткіліктілігі  жəне  дұрыстығы, 



тексерілетін  мекеменің  парапар  қызметтестікке  дайын  екендігі,  сонымен 

қатар уақытының жəне қорлардың жеткіліктілігінің қамтамасыз етілуі. 

 

«Аудит  жүргізуге  дайындық»  құжаттарды  талдауды  кіргізеді,  аудиттің 



жоспарын  дайындауды,  аудиторлық  топтың  ішіндегі  жүмысты  тарату  жəне 

жұмысшы  құжаттарды  дайындау.  Осы  кезде  көлем  жəне  аудиттің 

күрделілігі,  тəуекелдік,  қандай  менеджмент  жүйелері  тексеріледі,  талдау 

əдістері, аудиторлардың құрамы сияқты факторларды есепке алады жəне т.б. 

«Аудитті жүргізу шараларының» кезектілігі төмендегідей: 

кіріспелік мəслихат; 



құжаттарды талдау; 

ақпараттық алмасу; 



рөлдерді жəне міндеттерді тарату; 

ақпаратты жинақтау жəне тексеру; 



аудитті бақылауды құрастыру; 

аудиттің тұжырымын дайындау; 



қорытынды мəслихат. 

 

Кіріспе  жəне  қорытынды  мəслихатты  жүргізу  шаралары  сырттай 



əдеттегі  хаттамалық  мəслихаттан  өзгеше  емес.  Кейбір  жағдайда,  мысалы 

кіші  мекемелерде,  осындай  мəслихаттар  хаттама  жүргізусіз  жай 

хабарландыру  болуы  мүмкін.  Олардың  басты  мақсаты  –  аудиторлық  топ 

жəне тексерілетін мекеменің өкілі арасында қажетті ақпаратпен алмасу.  

 

Əдетте кіріспе мəслихаттан кейін «құжаттарды талдау» жүргізіледі, оны 



тексерілетін мекеме сұраныс бойынша ұсынады. 

 

Ары  қарай  «Ақпараттық  алмасу»,  аудиторлық  топ  ішінде  аудиттің 



жүруіне  талдауға  тиісті,  сонымен  қатар  аудиттің  жүруі  туралы 

қызығушылық  танытқан  жақтарды  ақпараттандыру,  аудиттің  мəселелері; 

жылдамдық  жəне  едəуір  тəуекел  туралы,  аудиттің  мақсаттарына  жетудің 

қиындығы туралы жəне аудиттің жоспарының кез келген өзгерістері туралы. 

Келесі кезең «рөлдерді жəне міндеттерді тарату», бақылаушылар жəне еріп 

жүрушілерге тиісті.  

 

Бақылаушы  –  аудиторлық  топқа  еріп  жүруші  адам,  бірақ  аудитті 

жүргізуші емес. 

 

45



 

Еріп жүруші – аудиторлық топқа көмек ретінде тексерілетін мекемемен 

тағайындалған адам.  

 

«Ақпаратты  жинақтау  жəне  тексеру»  үдерісі,  ол  ақпаратты  таңдап 



жинақтаудан  тұрады,  аудиттің  көлеміне  тиісті,  аудиттің  критериі  бойынша 

аудиттің  куəлігін  бағалауға  жəне  алу  үшін  (мысалы,халықаралық  стандарт 

ИСО  19011бойынша).  Аудиттің  куəлігін  бағалаудың  нəтижесі  аудитті 

бақылау    болады,олар  сəйкестілі  немесе  сəйкессіз  ,ал  кейбір  жағдайда 

жақсарту үшін мүмкіндік болуы мүмкін. 

      Барлық  жүргізілген  аудиттің  қорытындысын  дайындау  мақсатында  



талдау жүргізіледі. Мысалы,мұндай қорытынды менеджмент жүйесінің бір 

немесе  бірнеше  халықаралық  стандарттардың  талаптарына  сəйкестігі 

сұрағына  тиісті  болуы  мүмкін.  «Аудит  бойынша  есепті  дайындау  жəне 

тарату»  аудиторлық  топтың  жетекшісімен  іске  асырылады.Жіберу  алдында 

есеп талдамалануы жəне құжатталған процедураға сəйкес бекітілген болуы 

керек. 


 

«Аудитті  аяқтау»  барлық  жоспарланған  шаралардың  орындалуымен, 

сонымен  қатар  тиісті  сақтау  болмаса  ақпараттық  қауіпсіздік  мақсатында 

аудиттің  жазбаларын  жоюмен  байланысты.  Алынған  тəжірибе  аудиттің 

бағдарламасын жақсарту үшін пайдалануы керек.  

    «Келесі  аудитті  жүргізу»  аудиттің  қорытындысы  бойынша,белгіленген 

əрекетті  тексеру  үшін  керек.  Мысалы,  түзету  болмаса  ескерту  əрекеттерін 

жоспарланға  тəртіпте  тексерілетін  мекеменің  орындауы.  Кейінгі  аудитті 

кезекті аудитпен мысалы инспекциялықпен біріктіруге рұқсат етіледі. 

      ИСО  19011  жетінші  бөлімі  жетіктік  жəне  аудиторларды  бағалау 

сұрақтарына  арналған.  Күмəнсіз,  Аудиторлардың  біліктілігінен  аудиттің 

мақсаттарына  жету,  сонымен  қатар  қызығушылық  танытқан  адамдар 

тарапынан аудиттің өзіне сенімділікке байланысты.  

 

ИСО  19011  екінші  басылымның  ерекшелігі  «жекелік  мінез-құлық» 



түсінігінің енгізілуі.  

 

Мекемелер  үшін  аудиторларды  дайындау  тиісті  консалтингтік 



мекемелермен жүргізіледі. Консалтингтік мекемелерді таңдау кезінде мына 

сияқты  көрсеткіштерді  еске  алу  керек:  жұмыс  тəжірибесі,  менеджмент 

жүйелерінде  халықаралық  сертификаттарының  болуы,  халықаралық 

ұйымдарда  мүшелігі  жəне  консультанттардың  біліктілігі.  Мекемелердің 

консультанттарының  біліктілігі,  ең  алдымен,  жетістікті  жобалармен 

көрсетіледі.  Халықаралық  стандарттарды  енгізу  бойынша  Қазақстандағы 

Консалтингтік  қызмет  нарығындағы  сөзсіз  көшбасшысы  болатын,ол 

Қазақстандық сапа мекемесі (ҚСМ) (700-ден астам жетістікті жобасы бар).  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет