2. 7 Өнімдердің экономикалық нəтижелілігі
Адамның мұқтаждығын қанағаттандыру үшін тауарларда белгілі бір
қасиеттер болуы керек. Бұйымдардың қасиеттерінің сəйкестігінің дəрежесі,
соның көмегімен мұқтаждықты қанағаттандыру өнімнің сапасымен
анықталады, былайша сапа өлшемі, тұтынушының қанағаттануының
дəрежесін көрсетеді, ол өнімнің бағасының жəне пайдалану бағасының
қатынасын анықтайды.
Өнімнің сапасын қамтамасыз етудің интегралды экономикалық
факторы - сапаның бағасы болады, бақылауға жіберілген шығындар жəне
бұйымдарды алудан бастарту бойынша кəсіпорынның көтерген шығындар
қосындысы. Сапаға жіберілген шығындардың қосындысы кəсіпорынның
айналымының едəуір бөлігін құрайды.
Сапа бағасы шығындардың екі тобынан құралады:
Өнімнің сапасын қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар жəне өнімнің
сапасын қамтамасыз етуге жұмсалған жəне өнімнің сапасының
қанағаттанғысыздығына жұмсалған шығындар. Бұған байланысты сапаны
қамтамасыз ету үдірісінде, өндірістік менеджмент жүйесінде, сұрақ туады:
сапаның өзгеруіне байланысты əр топ бойынша шығындар қалай өзгереді?
Өндірістік менеджмент жүйесінде онтайлы шығындармен сапаны
қамтамасыз ету үшін тəсілді қолдану тиімді, қашан сапаны қамтамасыз
етуде барлық шығындарды, өнімнің бағасының тұтынушылардың талабына
сəйкестігіне жəне бағаның сəйкестенбеуіне бөледі. Сəйкестенбеу бағасы,
қайта жасауға кеткен шығын, кепілдік мерзімдегі жөндеуге кеткен шығын,
ақауға байланысты ақырғы шығынның қосындысынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |