ҚР СТ 1.1-2003 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық
реттеу жүйесі. Стандарттау жəне жұмыстың жанама түрлері. Терминдер мен
анықтамалар. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ 1.45- Қызметкерлерді оқыту жəне олардың біліктілігі. Стандарттау,
сертификаттау, аккредиттеу жəне сапа менеджменті саласында мамандарды
даярлаумен жəне біліктілігін арттырумен айналысатын ұйымдарға
қойылатын талаптар.
ҚР СТ 2.1-2000 Мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесі.
Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ ИСО/ХЭК 43-1-2002 Құзіреттілігін зертханааралық салыстыру
жолымен тексеру. 1-бөлім. Зертханалардың құзіреттілігін тексеру
бағдарламасын əзірлеу жəне қолдану.
ҚР СТ ИСО/ХЭК 43-1:2002 Құзіреттілігін зертханааралық салыстыру
жолымен тексеру. 2-бөлім: Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдарға
құзіреттілігін тексеру бағдарламасын таңдау жəне пайдалану.
ҚР СТ ИСО/ХЭК 62-2001 Сапа жүйесін бағалауды жəне сертификаттауды/
тіркеуді жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 Өнімді сертификаттау жөніндегі органдарға
қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ ИСО/ХЭК 66-2002 Экологиялық менеджмент жүйелерін бағалауды
жəне сертификаттауды/тіркеуді жүзеге асыратын органдарға қойылатын
жалпы талаптар.
ҚР СТ ИСО 9000-2001 Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі ережелер жəне
сөздік.
ҚР СТ ИСО 10013-2001 Сапа жөніндегі басшылықтар əзірлеу туралы басшы
нұсқаулар.
ҚР СТ ГОСТ Р ИСО 14001-2000 Қоршаған ортаны басқару жүйелері.
Қолдану жөніндегі талаптар жəне басшылық.
ИСО 17000-2004 Сəйкестікті бағалау. Сөздік жəне жалпы принциптер.
ИСО/ХЭК 17011:2004 Сəйкестікті бағалау. Сəйкестікті бағалау жөніндегі
органдарды аккредиттейтін аккредиттеу органдарына қойылатын жалпы
талаптар.
СТ РК ИСО/МЭК 17025-2001 Сынау жəне калибрлеу зертханаларының
құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар.
СТ РК ИСО 19011-2002 Сапа менеджменті жүйелерінің жəне/немесе
қоршаған ортаны қорғаудың аудиті.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта СТ РК 1.1, СТ РК 2.1, СТ РК ИСО 9000, ГОСТ ИСО
5725-1, ГОСТ ИСО 5725-6, ИСО 17000 [1, 2, 3] сəйкес терминдер мен
анықтамалар қолданылды. Осы стандартта оларға қосымша ретінде
мынадай терминдер мен олардың анықтамалары белгіленген:
59
3.1 Сəйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор:
үəкілетті орган белгілеген тəртіппен аттестатталған маман.
3.2 Сарапшы-аудитордың аттестаты: осы стандарт талаптарына сəйкес
берілген, аталған маманның көрсетілген бағытта мен салаларда жұмыс
атқаруы үшін аттестатталғанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.
3.3 Сарапшы-аудиторға кандидат: сарапшы-аудитор атағын алуға
талаптанатын жəне теориялық оқу курсынан өткен маман.
3.4 Сарапшы-аудиторды аттестаттау саласы: белгілі бір бағыт шегіндегі
срапшы-аудитордың осыған қатысты құзыреттілігі белгіленген үлгідегі
аттестатпен расталған қызмет саласы.
3.5 Сарапшы-аудитордың құзыреттілігі: маманның Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде стандарттау, сəйкестікті растау,
сынау жасау, аккредиттеу, тауардың шыққан тегі елін анықтау жұмыстарын
орындауға қажетті білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен жеке қасиеттерінің
жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: