4 Жалпы ережелер
4.1 Осы стандарттың талаптарына жауап беретін, уəкілетті органның
өздерінің құрған арнайы комиссиясының (бұдан əрі - Комиссия) ұсынысы
бойынша аттестатталған, белгіленген нысандағы аттесстат алған мамандар
сарапшы-аудитор бола алады. Атесттаттың жарамдылық мерзімі үш жылдан
артық емес мерзіммен белгіленеді. Аталған аттестаттау саласындағы жұмыс
өтілі [4] сəйкес.
4.2 Сарапшы-аудиторларды аттестаттау [4] сəйкес бағыттар бойынша
жүргізіледі.
4.3 Үəкілетті орган аттестаттар береді, сарапшы-аудиторлардың
жұмысына бақылау жасайды, берілген сарапшы-аудиторлардың
аттестаттарын тоқтата тұрады, жояды, жарамдылық мерзімін ұзартады,
өтініш берушіге оның талап етуі бойынша аттестаттау мəселелері туралы
қажетті ақпарат береді, сарапшы-аудиторларды даярлау жəне олардың
біліктілігін арттыру жөніндегі білім беру жəне арнайы бағдарламаларын
келіседі.
4.4 Сарапшы-аудиторларды даярлауға мыналар кіруі тиіс:
•
арнайы (теориялық) дайындықтан өту;
•
практикалық дайындықтан өту (бұдан əрі тəжірибе жинақтау мəтіні
бойынша).
Арнайы дайындық пен тəжірибе жинақтауды сарапшы-аудиторларды
аттестаттау бағыты мен саласына қатысты жүргізеді.
Біліміне, практикалық тəжірибесіне, біліктілігін көтеруіне жəне аталған
аттестаттау бағыттарындағы (қызметі) тəжірибе жинағына байланысты
сарапшы-аудитор бір немесе бірнеше аттестаттау бағыттарында
аттестаттала алады.
60
5 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар
5.1 Сарапшы-аудитордың өз қызметін орындауы үшін қажетті
құзыреттілігі болуы, ұстамды болуы, логикалық ойлау қабілеті болуы,
аналитикалық ақыл- ойы, жігерінің мықты болуы жəне жағдайды шынайы
бағалай білу қабілеті болуы, күрделі процестерді басты преспективалар
қырынан түсінуі, іскерлік этикет ережелерін игеруі тиіс.
Сарапшы-аудитор коммерциялық жəне қаржылық мүдденің немесе
қабылданатын шешімге əсер етуі мүмкін қысымның болмауына негізделген
жұмысын жеке жəне заңды тұлғалармен қызмет атқару кезінде оларға
тəуелсіз болуы, көрсетілетін қысымға қарамастан қабылданатын шешімдер
мен қорытындыларға сенімділігін сақтауы тиіс.
Сарапшы-аудитор:
•
сыпайы -алалаусыз, əділ, шынайы жəне ұстамды;
•
ашық - баламалы идеяларды талқылай алуы немесе əр түрлі
көзқарастарды қабылдай білуі;
•
дипломат - кісілермен жұмыс істеуде əдепті;
•
байқағыш - айналасын ұдайы жəне белсенді тануы жəне оның іс-
əрекеттерімен таныс болуы;
•
қабылдағыш - жағдайларды сезімталдықпен түсінуі, сезінуі жəне оларға
бейімделуі;
•
жай-күйді, жағдайды дұрыс бағалауға жəне оларға бейімделуге
қабілетті;
•
қажырлы - мақсатқа жетуге ұмтыла білуі;
•
тəуекелшіл болуы - логикалық ой қорытындысы негізінде уақытында
шешім қабылдауы;
•
сенімді болуы - тəуелсіз жұмыс істеуі жəне сонымен қатар басқалармен
тиімді бірлікте жұмыс істеуі тиіс.
Сарапшы-аудитор мемлекеттік, коммерциялық жəне қызметтік құпиядан
тұратын, өзіне жұмыс істеу барысында белгілі болған ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз етуі, объективті жəне алалалықсыз болуы,
фактілерге негізделген шешімдер мен қорытындыларды қабылдауы тиіс.
Сарапшы-аудитор біліктілігін жəне практикалық дағдыларын аталған
атесттаттау бағыты бойынша жұмыстарға араласу жолымен ұдайы дамытуы
тиіс.
Сарапшы-аудитор тексерілетін объектілердің аудитінің бағдарламасын
(жоспарын) əзірлей білуі тиіс.
5.2 Сарапшы-аудитор қызмет бағытына тəуелсіз мыналарды:
−
стандарттау бойынша - техникалық реттеу жүйесінің халықаралық
үлгісін жəне Қазаұстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін,
соның ішінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді, негізгі мемлекеттік стандарттарды жəне мемлекетаралық
стандарттарды, стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды,
халықаралық, өңірлік жəне шетелдіктерді де қоса жоспарлау, əзірлеу,
61
келісу, бекіту (қабылдау) жəне қолдану жөніндегі жұмыстардың негізгі
мазмұнын жəне жүргізілу кезеңдерін; Стандарттау жөніндегі
тұжырымдамалар мен бағдарламаларды дайындау, стандарттау
саласында негізгі критерийлер мен бағыттарды анықтау құрылымы мен
тəртібін; стандарттау саласында ақпараттық жəне ноормативтік
қамтамасыз ету жүйесін, стандарттардың жалпы техникалық
жүйелерінің ережелерін қолдануды, соның ішінде өнімді əзірлеу мен
өнеркəсіпке жеткізуді, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауды;
техникалық-экономикалық ақпаратты каталогизациялауды, штрих
кодтауды, жіктеуді жəне кодтауды;
−
ИСО 9000 менеджмент жүйесін, ИСО 14000 қоршаған ортаны, OHSAS
18001 денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қорғауды сертификаттау
бойынша - менеджмент жүйесі негізгі стандарттарының талаптары,
менеджмент жүйесі аясында пайдаланылатын заңнамалық жəне
нормативтік актілер, аудит принциптері, процедуралары жəне əдістері,
бағалау критерийлері, менеджмент жүйесін сертификаттау тəртібі.
Мақсаттық жəне жоспарлы экологиялық көрсеткіштер, қоршаған ортаны
басқару бағдарламалары ҚР СТ ГОСТ Р ИСО-14001 сəйкес;
−
өнімнің, қызмет көрсетудің жəне өнеркəсіптік процестердің
сəйкестігін растау жөніндегі - техникалық реттеу саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді жəне сарапшы-аудиторды аттестаттау
саласына сəйкес нормативтік құжаттарды, өнімнің, қызмет көрсетудің
жəне өнеркəсіптік процестердің сəйкестігін растау жөніндегі
жұмыстардың процедуралары мен оларды жүргізу əдістерін;
−
сəйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын
аккредиттеу жөнінде - аккредиттеу субъектілеріне қойылатын
талаптарды белгілейтін техикалық реттеу саласындағы нормативтік жəне
техникалық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді, аккредиттеу
процедураларын, аккредиттелген субъектілердің жұмысын аккредиттеу,
бақылау жөніндегі құаттарды рəсімдеу ережелерін, метрологиялық
қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі аспектілерін, ИСО/IES 17011
талаптарын;
−
тауардың шыққан тегі елін анықта бойынша - Қазақстан
Республикасының, ТМД жəне Еуропалық Экономикалық Қауымдастық
елдерінің тауарларды шығарған елді анықтау бойынша техникалық
реттеу саласындағы негізгі ережелерін, принциптерін, терминологиясы
мен нормативтік құқықтық актілерін; тауарды шығару сертификатын
беретін уəкілетті ұйымдарды; сертификат түрлерін, тауарларды оларды
шығарған елді анықтау мақсатында сараптама жасау, тауардың шыққан
тегі, соның ішінде ақырғысы (ретроспективті) туралы сертификатты
(телқұжатты) рəсімдеу, куəландыру жəне беру процедураларын;
«Тауардың шыққан тегі туралы актіні» рəсімдеу жəне қолдану тəртібін;
тауарларды шығарған елді анықтау жөнінде жұмысқа қатысушылардың
құқығын жəне жауапкершілігін біліп, түсінуі тиіс.
62
|