жəне қауіпсіздік сұрақтарының маңызы ерекше, себебі ол бəсекелестік
күресінде негізгі тетік болады.
Осы мəселенің өзекті болатындығы, ол қазіргі заманғы рынок, көп жағдайда
жасанды рынок, көп мөлшерде жасанды өнімдермен қаныққан. Біздің елдің
заңнамасымен өндіру, сатып алу, жеткізу, елдің аумағына алып келу жəне
мекендеушілерге сапасыз жəне қауіпті тағам өнімдерін сату рұқсат
етілмейді, осындай өнімдерді сараптау оны келешекте пайдалану болмаса
жоюды анықтауға мүмкіндік береді.
Бірақ сараптау, тек қана тауардың, жұмыстың жəне қызметтің сапасын
тексерумен шектелмейді.
Сарапатаудың бірнеше түрлері бар, олардың əрқайсысы белгілі əдістер
көмегімен жүргізіледі жəне өздерінің белгілі мақсатын ұстанады.
Сараптау – ол ғылымның жəне техниканың белгілі бір саласында
қандай-да
с ұ р а қ т а р д ы ш е ш у д е
арнаулы білімді қажет ететін, білікті маманмен жүргізілетін зерттеу.
Сараптау жүргізу туралы тəртіп, ол іске асырылатын келесі негізгі
жағдайларды қарастырады:
•
тауардың сапасына қатысты өндіруші жəне сатыпалушы арасында талас
туылған кезде;
•
апатты ауытпалық болмаса авария нəтижесінде, тасымалдау үдерісінде,
тауардың бұзылу жағдайында;
•
ұзақ мерзімді сақтау үдерісінде тауардың бұзылу жағдайында;
•
салмағы немесе сапасы жетіспеушілік себепті, сатыпалушымен тауарды
қайтару кезінде.
Сараптау жүргізу кезінде сарапшы іс-əрекеттегі құжаттарды
басшылыққа алуы керек: ҚР СТ, ГОСТ-тармен, технологиялық
нұсқаулармен, нормалармен жəне б.
Тағам өндірісі өнімдеріне қатысты ең маңызды
келесі сараптау топтарын ажыратады: саудалық, тауармамандық, санитар-
гигиеналық, ветеринарлық жəне экологиялық.
Тауарлық сараптау – сарапшымен тауардың негізқалаушы
сипаттамаларын бағалау, сонымен қатар тауардың қозғалыста болғанындағы
өзгеруі.
Сараптау жүргізген кезде тауардың барлық негізқалаушы
сипаттамалары бағалануы мүмкін: ассортименттік, сапалық, мөлшерлік,
бағалығы болмаса олардың бөліктері.
Тауармамандық сараптау – тауарлардың органолептикалық, физика-
химиялық жəне микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тұтынулық
қасиеттерін бағалау, сонымен қатар олардың мөлшерлік сипаттамаларының
көрсеткіштерін де. Ол, сынақтау (өлшеу) болмаса сұрақ-жауап жəне/
болмаса маркировкада ақпарат негізінде жəне/болмаса тауарлы-жолдама
құжаттармен іске асырылады.
Санитарлық-гигиеналық сараптау – тауарлардың санитарлық-
гигиеналық қауіпсіздігін растау үшін сарапшылармен іске асырылатын,
тауарлардың қасиеттерін бағалау.
47