Экономикалық теория
135
төлеуге дайын, бірақ жаппай салымдарды алу, банктердің қарыз
беруі емес көптеген салымшыларға ақшаларын қайтару
мүмкіндігі азаяды. Көптеген банктер күйзеліске ұшырайды. Бір
мезетте бағалы қағаздар курсы төмендеп кетеді.
Кризистің артынан
тоқырау келеді, біртіндеп, тауарлардың
артықшылығы (бір бөлігі төмен бағамен өткізіледі, қалғаны
бұзылады) азаяды. Тауарларды өткізу қалпына келеді, бағаның
төмендеуі қысқарады. Тоқырау кезінде өндіріс көлемі кризистік
кезеңге қарағанда біршама көбейеді. Сонымен қатар капиталдың
көпшілігі өндіріс пен саудадан өз орнын таба алмай банктерге
ағылады, яғни еркін ақша ұсынысын өсіреді. Бірақ оларға деген
сұраныс төмендеу болғандықтан, қарыз пайыз нормасына ең
төмен деңгейге дейін құлдырайды.
Жандану фазалары өндірістік өсуімен сипатталады: Жандану
фазасында кризистің алдындағы өнеркәсіп өндіріс көлемі қалпына
келеді, ал
көтерілу кезінде өнеркәсіптік өнім енді бұл деңгейді
асып берілген цикл шегіндегі жаңа максимумға жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: