Н. А. Маженова
138
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмалы
шамалармен өлшейді. Экономикалық өсу екі түрге бөлінеді:
экстенсивті және интенсивті.
Экономикалық өсудің экстенсивті типі оның бұрынғы
техникалық негіздерін сақтай отырып, өндіріс факторларының
сандық көбеюіне жеткізеді.
Экономикалық өсудің интенсивті типі болжайды, өнім
өндіру масштабының көбеюін және өндіріс факторларының
сапалы жетілдіру жолдарын; өндіріс құралдарын прогресивті
және экономикалық еңбек заттарын қолдану, жұмыс күшінің
квалификациясын жоғарылату.
Экстенсивті өсу өндірістің қосымша факторлары – жер,
еңбек, капитал арқылы артады және олардың сапалық және
техникалық деңгейлері өзгеріссіз қалады. Қоғам ресурстары
және еңбек ресурстары шексіз болып келмейді.
Интенсивті өсу жетілдірілген техникалық базадағы еңбек
өнімділігінің артуы есебінен және өндіріс факторларының
тиімді пайдалануымен болады. Бұл жағдайда қоғам алдында
өндіретін игіліктердің бір уақытта сандық және сапалық
артуымен әртүрлі міндеттерді – қоғам мүшелерінің тұрмысын
көтеруді қамтамасыз ету, материалдық негізді құру, ғылыми
және мәдениеттің дамуына қаржы салу, елдің қауіпсіздігін
қамтамасыз
етуді
ашуға
мүмкіндік
береді.
Осыдан
экономикалық интенсивті өсудің артықшылығын көреміз.
Өндірістің дамуында экстенсивті және интенсивті өсу
факторлары бірігіп, үйлесіп кетеді. Мысалы бір уақытта еңбек
күшінің санымен оның сапасы немесе өндіріс өрісінің кеңеюі және
өндірістік процестегі техникалық базаның жетілуін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: