Н. А. Маженова экономикалық теория


 Экономикалық өсудің модельдері



Pdf көрінісі
бет92/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

12.6. Экономикалық өсудің модельдері 
 
Экономикалық өсудің модельдері: 
  неокейнсиандық моделі; 
  неоклассикалық моделі; 
  В. Леонтьевтің «шығын-өндіру» моделі; 
  «нөлдік экономикалық өсу» концепциясы.  
Экономикалық  өсудің  неокейнсиандық  моделі  «инвестиция» 
және «мультипликатор» категорияларына негізделеді. Экономикалық 
өсу  салынған  бастапқы  инвестицияның  мультипликациялық 
тиімділік нәтижесі болады. 
Кейнсиандық  мектеп  экономикалық  өсуді,  ең  алдымен, 
сұраныс  факторларымен  байланыстырады  және  мемлекеттің 
қазыналық  және  несие  –  ақша  саясаты  көмегімен  оны,  ең 
алдымен,  қысқамерзімді  кезеңде  реттей  алатындығын  көрсетті. 
Сұраныстың  басты  бөлігі  –  капитал  салымдар  мультипликатор 
көмегімен  пайда  ұлғаяды.  Сонымен  қатар,  олар  пайданың 


Экономикалық теория 
 
141 
өсуінен  туындайды,  яғни  капитал  салымдары  пайданың 
ұлғаюымен анықталынады.  
Экономикалық  өсудің  неоклассикалық  моделі  «өндірістік 
қызмет»  категориясына  негізделеді.  Тек  микро-  емес,  макро 
деңгейде  барлық  өндірістік  факторларды  (жер,  еңбек,  капитал, 
ҒТП)  жақсы  пайдалану  жолдарымен  ғана    экономикалық  өсуге 
жетуге болады.  
Өндірістік  функцияның  негізінде  келесідей  қорытынды 
жасалынады: капитал және еңбек өндіріс факторларының сәйкес 
шекті  өндірушілік  негізінде  марапатталынады;  өндірістік 
функциялар  бір  фактор  бірлігінің  басқаның  белгілі  бір 
мөлшерімен  технологиялық  айырбастауы  қоғамға  қаншалықты 
тұратындығын  нақты  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Ұлттық  өнім 
өсімінің сол бір көлемі не капитал салымдарының кеңеюімен, не 
еңбекті  пайдаланудың  кеңеюімен  алынуы  мүмкін;  өндірісте 
және  ұлттық  өнімнің  өсуінде  ғылыми  –  техникалық  прогрестің 
сапалық факторларының үлесін айқындау міндеті шешіледі.  
В. Леонтьев – ұдайы өндірістің - өндіріс, бөлу, айырбас және 
тұтыну  –  барлық  фазасында  құрылымдық  өзара  тәуекелділікке 
негізделген жалпы нарықтық тепе-теңділіктің макроэкономикалық 
моделін ұсынды. Оның моделі «шығын-өнім» деп аталады және ол 
шахмат кестесі түрінде құрастырылған.  
Біріншіден,  жиынтық  сұраныс  және  басқа  салалармен 
(шығындар) ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтердің 
көрінісі  ретінде  –  бұл,  баланстық  столбасы  (тігінен)?. 
Екіншіден,  жиынтық  ұсыныстың  және  өздері  шығарып 
ұсынатын  сатушылардың  материалдық  игіліктері  мен  қызметі   
–  бұл,  баланстың    жолы  (қатары).  Осы  кестені  талдау  негізінде 
экономикалық өсудің болжауын жасауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет