Н. А. Маженова экономикалық теория


 Экономикалық өсу факторлары, оның оң және



Pdf көрінісі
бет91/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

12.5. Экономикалық өсу факторлары, оның оң және  
          теріс жақтары 
 
Экономикалық өсу факторлары:  
  Табиғи  ресурстар.  Табиғи  ресурстардың    байлығына   ие 
болу  жоғары  қарқынды  экономикалық  өсуге  кепіл  бермейді. 
Оларды тиімді  және  рационалды  пайдалану мәнді.  


Экономикалық теория 
 
139 
  Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуіне  жұмысбастылық  
деңгейі, оның рационалды қолданылуы, еңбек өнімділік деңгейі, 
денсаулық жағдайы әсер етеді. 
  Негізгі  капитал.  Экономикалық  өсуі  үшін  негізінен 
инвестицияның  көбеюі.  Капиталдың  қорлануы  және  жинақтануы, 
қорқайтымдылығы жоғарылауы. 
  Ғылыми-техникалық  прогресс.  Өнертабу  және  инновация, 
олардың  өндіріске  еңгізілуі,  экономикалық  өсудің  негізгі 
факторы болады. 
  Қоғамдағы  жиынтық  сұраныс.  Жиынтық  сұраныстың  
жоғарғы  деңгейі  өндіріс  көлемін    көбейтуге  кәсіпкерлерді 
ынталандырады. 
Жедел дамыған экономика арқылы өседі (оң жағы): 
  өндіріс көлемі және қоғам байлығы; 
  әлем елдеріндегі орыны; 
  адам  өмірінің  материалдық  қамтамасын  етілуі,  олардың 
бос уақыты, білімі және мәдениеті; 
  өндіріс  механикаландыруы  және  автоматтандырылуы, 
еңбек жағдайы жақсарады. 
Жалпы  өндірістің  дамуы  және  индустриализациясы  оған 
байланысты проблемалар жасайды: (теріс жағы): 
  адамдар тұратын ортаның ластануы және нашарлануы; 
  орыны толықтырылмайтын  ресурстардың азаюы (көмір, 
мұнай, металл рудасы және т.б.). 
  үлкен қалалардың өсуі және артық толықтырылуы. 
  Жұмыс  күшінің    жиі  қайта  квалификациялау  қажеттілігі 
және еңбек өзгерісі; 
  еңбек қызметінің интенсификациясы. 
Экономикалық өсудің  интенсивті типі өндіріс ресурстарын 
неғұрлым тиімді пайдалануды қалайды.  
Ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдары әрқилы.  
ҚР-да  табиғи  ресурстар  үшін  бұл  неғұрлым  пайдалы 
қазбаларды  толық  игеру,  кешенді  және  шикізатты  терең  өңдеу, 
табиғатты бүлінуден қорғау және т.б. болып табылады.  
Еңбек 
құралдарын 
негізгі 
капиталдың 
өнімділік 
элементтерін  пайдалануда,  яғни  машиналардан,  станоктардан, 
жабдықтардан және т.б. көрінеді.  


Н. А. Маженова 
 
140 
ҚР-да  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  еңбекті 
ұйымдастыру 
деңгейіне, 
ғылыми 
негізделген 
әдістерді 
пайдалануға, 
жұмысшылардың 
білімділік 
және 
кәсіби 
дайындығына,  олардың  орындаған  жұмыстарының  қатынасына 
тәуелді болады.  
Еңбек  күшінің  сапалық  сипаттамасында  жұмысшылардың 
денсаулық  жағдайы,  еңбекті  қайтару  интенсивтілігі  мен 
мерзімділігінің артуы басты рөл атқарады.  
Қазіргі  жағдайларда  экономикалық  өсудің  маңызды 
факторы болып “ғылыми-техникалық прогресс” (ҒТП) табылады.  
 ҒТП  –  бұл,  өндірістегі  техника  мен  технологиялық 
процестердің  ғылыми-техникалық  принциптеріне  негізделген, 
біртіндеп  жетілдірілуі  мен  таралуы.  ҚР-да  экономистер, 
«ғылыми-техникалық  революцияны»  (ҒТР)  ерекше  бағалайды, 
ҒТР  -  қоғамдағы  өндірістік  күштердің  дамуындағы    сапалы 
секіріс  және  өндірістегі  техника  мен  технологиялық  төңкерісі. 
ҒТП-тегі  революциялық  формасы  өндірісте  сапалы  жаңа 
ғылыми  принциптердің  пайдалануына  көшуін  білдіреді,  ҒТР 
өндірістің барлық технологиялық әдістерін қалыптастырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет