Тілдік пәндер бойынша қалыптастырушы
бағалаудың ерекшеліктері
• Тыңдалым мен айтылым дағдыларын бағалау: медиақұрал материалдарымен
жұмыс (бейнежазба, аудио, бейнематериалдан мәлімет жинау, талқылау сұрақтарын
дайындау, сөздікпен жұмыс, фильмге шолу, сипаттама), мәтінмен жұмыс
(салыстырмалы талдау, мазмұндау, диалог, монолог); медиақұрал материалдарымен
жұмыс (бейнежазба, аудио, бейнебаяндағы көтерілген мәселені талқылау, сыни
пікір айту, өз көзқарасын дәлелдеу).
• Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау
(шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған
дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе
жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен
жұмыс).
•
Оқылым дағдыларын бағалау: мәтінмен жұмыс (стилі, жанры, тіліндегі
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу, ақпаратты өңдеп пікірге қатысты (үндеу
хат, мақала) жазу, түсініп оқу, жаңа сөздермен жұмыс, проблемалық сұрақтар
құрастыру, тест тапсырмалары, кестемен жұмыс, салыстыру) кері байланыс беру,
талқылау, талдау.