9.4 Қара топырақты жеке тип ретінде қарастырып оның классикациясын
қҧруды қолға алған В.В.Докучаев (1896) болды. Одан кейін қара
топырақтарды типшелерге бӛлу жҧмыстарын Н.М.Сибирцев (1899, 1901)
жалғастырды. Қара топырақ классификациясын қҧруға С.И.Коржинский,
Л.И. Прасолов, Н.Н. Розов, Е.Н. Иванова және т.б. ғалымдар қатысты. Ҧзақ
жолдар бойы қара топырақты зерттеген мәліметтерді жинақтап талдап
қорытындай келе топырақтың ТМД мемлекеттерінде қазіргі қолданып
жҥрген классификациясы жасалды. Осы классификация бойынша қара
топырақтардың 5 типшелерін бӛледі: кҥлгінденген, сілтісізденген, нағыз,
кәдімгі, оңтҥстік, ал тегі бойынша кәдімгідей, карбонатты, терең
сілтісізденген, әлсіз дамыған, жетілмеген, кебірленген және б.
Тегі бойынша кәдімгідей, карбонатты, кебірленген, жетілмеген, әлсіз
дамыған, тереңге сілтісізденген және т. б. бӛлінеді.
Тҥрлерін гумус мӛлшері, гумус қабатының қалыңдығы (А+В
1
), ілесетін
процестердің даму дәрежесіне қарай (әлсіз, орташа және с. с.) бӛледі.
Тҥршелері – гранулометриялық (механикалық) қҧрамы бойынша
(орташа-, ауыр қҧмбалшықты, балшықты және оның тҥршелері).
9.5 Қара топырақтарда минералдардың ҧсақ фракцияларының бҧзылу,
ӛзгеру және орнын ауыстыру процестері нашар дамыған.
Олар гумуске ең бай топырақтар қатарына жатады (максималды мӛлшері
10-12 %). Гумус қҧрамында гуминді қҧшқыл басым болады. Сонымен қатар
микробтармен ыдырауға тӛзімді, сондықтан оны жиналуға мҥмкіндік
жасайды.
Қара топырақтардың катиондармен алмасу сиымдылығы жоғары келеді
(35-70 мг-экв/100 г топырақта).
Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарапқа жақын болады.
Қара топырақтардың су-физикалық қасиеттері ерекше жақсы келеді.
9.6 Жер шарында қара топырақтар ең кӛп игерілгін топырақтар болып
саналады, оларды кӛбінесе астықты дақылдарды ӛсіріп ӛндіруге
пайдаланады.
Қара топырақтар жоғары потенциалды қҧнарлылықпен қамтамасыз
етілген, бірақ олардың тиімдылығы жылу- және ылғалмен қамтамасыз
етілуіне, топырақтың биологиялық белсенділігіне байланысты болады.
Сонымен қатар қара топырақтар қҧрғақшылыққа шалдығады, сондықтан
олардың су режимін жақсарту ҥшін кӛптеген агротехникалық шаралар
кешенін қолдану керек.
Қара топырақты тиімді пайдаланудың маңызды шаралар қатарына
жататындар: су және жел эрозиясын болдырмау, дҧрыс ауыспалы егістерді
игеру, ылғалды жинау және ҧтымды пайдалану шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |