7
Еңбек құқығының қайнар көздері – иерархияға негізделген және
белгілі тәртіп бойынша қабылданатын еңбектік құқықтық
қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің
жиынтығы.
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері
Негізгі:
1) Қазақстан
Республикасының
Конституциясы;
2) ҚР конституциялық
заңдары;
3) ҚР еңбек кодексі;
4) ҚР Президентінің
нормативтік құқықтық
жарлықтары;
5) ҚР Үкіметінің,
Конституциялық кеңесінің
және Жоғарғы сотының
нормативтік қаулылары;
6) министрліктер
мен кейбір
мемлекеттік орталық басқару
органдары басшыларының
нормативтік бұйрықтары,
мемлекеттік комитеттер мен басқа
мемлекеттік орталық органдардың
еңбектің салалық жағдайларына
қатысты нормативтік қаулылары;
7) маслихаттар мен әкімдердің
еңбекті ұйымдастырудың
аймақтық жағдайын белгілеу
мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық шешімдері.
Туынды
8
Туынды
Ережелер (правила) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы қызметтің кейбір түрін ұйымдастыру және
жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық
актілер.
Қағида (жобылық қағида, типтік қағида – примерные
положения, типовые положения) - белгілі бір мемлекеттік
органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі
мен өкілеттігін, сонымен қатар, қызметтің нақты түрін
жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық
акт.
Нұскаулық (инструкции) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы еңбек заңнамасын қолдануды жіктеп көрсететін
нормативтік құқықтық акт.