ФБР-дың пайдалы әсер коэффициентін (К
фбр
) есептеу әдістемесі.
Алынған өнімдегі шоғырланған энергия мөлшерін түскен энергиямен
салыстырып бағалау үшін егістіктермен нақты пайдалану
коэффициентін (К
фбр
) есептеуге қажеттілік туады. Егістіктегі ФБР-дің
пайдалану коэффициенті (К
фбр
) нақты немесе жобалаған өніммен
жоғарыда келтірілген тепе –тендік формуланы түрлендіріп есептеуге
болады:
,
100
*
*
фбр
фбр
Q
Кќ
Ґќ
К
мұнда
К
фбр
– ФБР пайдалану коэффициенті (ПӘК),
%;
Ө
қ
–абсолютті құрғақ зат өнімі, кг/га;
Q
фбр
- өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңіндегі ФБР кірісі, кДж/га;
К
қ
– бүтін өсімдіктегі құрғақ зат өнімінің калориялығы, кДж.
Сонымен, ФБР пайдалану коэффициенті (К
фбр
) егістіктермен
шоғырланған энергия мөлшерінің (Ө
қ
х К
қ
) осы аумаққа түскен ФБР
мөлшерінің (Q
фбр
) пайызбен көрсетілген қатынасы.
Есеп жүргізгенде мынаны ескерген жөн: 12 кестеде өсімдіктердің
калориялығы 1 кг құрғақ зат өніміне келтірілген, сондықтан,
біріншіден, көк балауса өнімінің құрғақ зат өнімінің шығысы орташа
20 % деп алып,
көк балауса өнімін құрғақ зат өніміне ауыстыру керек,
екіншіден, өнімді ц/га немесе т/га кг/га ауыстыру керек, үшіншіден,
алынған пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) (К
фбр
) көрсеткішін өнімнің
және ФБР пайдалану коэффициентін теориялық қатынасымен
салыстыру керек.
Әрине, диқан (егінші) ФБР кірісінің егістікке келіп түсуіне әсер ете
алмайды, бірақ оның пайдалануын оңтайлы егіс құрамын қалыптастыру
арқылы реттеуге болады, өйткені күн радиациясын жылдам үлкен
жапырақ аумағын - 40-50 мың.м
2
/га - қалыптастыратын, сонымен қатар
жапырақтары бірінен кейін бірі орналасқан биік өсетін өсімдіктер
егістері жақсы пайдаланады.
Керісінше, тым үлкен жапырақ беті аумағы қалыптасқан жағдайда
өсімдіктердің көлеңкелігі ұлғаяды, жер оттылығының арасында күн
сәулесінің түсуі нашарлайды, жапырақтарда фотосинтез қарқындылығы
мен өнімділігі азаяды.
Өсімдіктердің фотосинтез әрекеті және келіп түскен радиацияның
географиялық орналасуы бойынша еліміздің әртүрлі аймақтарында,
ТМД аумағында 30 ц/га-дан (солтүстікте), 600 ц/га дейін (оңтүстікте)
өзгешілігімен теориялық мүмкін өнім деңгейі анықталған.
112
Нақты және нақты мүмкін өнімдерді салыстыру егістіктер
өнімділігінің пайдаланбаған резервтерын бағалауға, фотосинтез
әрекетінің көрсеткіштерін есептеуге мүмкіншілік береді, сонымен
қатар тиімді тәсілдерді қолдануын және нақты өнімді нақты мүмкін
өнім деңгейіне жүйелі және жоспарлы жолымен жақындатуын
дәлелдейді. Агротехниканың барлық тәсілдері және қолданатын
технология элементтер, сорттар, ауыспалы егістер және т.б.
егістікке келіп түсетін ФБР пайдалану коэффициентінің пайызын
көтеруге, демек дақылдың өнімділігін арттыруға бағытталуы керек.
Биоценозда радиациялық режімді зерттеудің ғасырлық тарихы бар,
бірақ әлі күнге дейін маңызды мәселенің бірі болып өсімдіктердің
фотосинтез өнімділігінің теориясын даярлау, ал ол ғылыми –
дәлелденген қарқынды типті дақылдар өсіру технология элементтерін
пайдалану арқылы егістіктермен 3-5% күн энергиясын шоғырлануын
қамтамасыз ететін фотосинтез үрдістерін қарқындандыру жолдарын
қамтамасыз етті.
Негізгі реттелмейтін факторлардың бірі бойынша материалдарға
талдау жүргізе отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Қазақстан жағдайында ауылшаруашылық дақылдарының өсіп –
дамуы ФБР кірісімен шектелмейді.
Негізгі мақсат Республикамыздың аумағына келіп түсетін Күн
энергиясын – ФБР-ні толық пайдалану және оның пайдалану
коэффициентін (К
фбр
) суармасыз жерлерде қазіргі 0,3-0,5% - дан 1,0-
1,5% - ға дейін және суармалы жерлерде 2,5-3,0 % дейін көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |