Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет128/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   490
Байланысты:
index (15)

ПӨ  Кфбр ПӘК 2,0% 

Құрғақ зат 90-110 ц/га, немесе астық 45-55 

ц/га 

НМӨ шектелген ылғалмен 

қамтамасыз етілу  фактор бойынша  

Құрғақ зат – 30-40 ц/га, 

Немесе астық – 15-20 ц/га 

Агротехника деңгейіне 

байланысты НӨ  

Құрғақ зат – 10-20 ц/га,  немесе 

астық –  5-12 ц/га 



 

114 


 

 

Сурет  3.  Егістіктердің  реттелетін  және  реттелмейтін  факторлармен 



қамтамасыз етілуіне  байланысты ПӨ-НМӨ-НӨ деңгейлерінің арақатынастары 

 

Өсімдіктердің 



ылғалға 

қатынасын 

сипаттайтын  

көрсеткіштер.

 

Өсімдіктердің  (егістіктердің)  ылғалға  қажетсінуі  үш 

көрсеткішпен  -транспирациялық  коэффициент  (ТК),  супайдалану 

коэфициенті (Кс) және жиынды супайдалануымен (Жс) - сипатталады. 



Транспирациялық  коэфициент

  -  бір  өлшем  құрғақ  зат  мөлшерін 

қалыптастыру  үшін    өсімдіктерге  транспирацияға  қажетті,  яғни 

жапырақтардың,  өсімдіктердің  бетінен  бүлануына  шығындалған  ылғал 

мөлшерін  дәлелдейді.  Транспирация  өсімдіктердің    температурасын 

реттеу    (терморегулятор)    рөлін  атқарады  және  оларды  ысытып 

жіберуден  (адамның  терлеуіне  лайықты),  опатқа  ұшыраудан  сақтап 

қалады,  тамыр  жүйесімен    суды  соруына,  топырақтан  алынған 

минералды  заттарды  –  азот,  фосфор,  калий  және  микроэлементтерді  -

өсімдіктер бойынан жүргізуіне әсер етеді.  

Бірқатар 

кең 


тараған 

дақылдардың 

транспирациялық 

коэффициентінің  орташа  көрсеткіштері:  бидай  -450-550,  арпа  -300-450, 

сұлы-400-550, ас бұршақ -400-450, жүгері -300-450, шай жүгері (сорго) -

150-200,  жоңышқа  -700-900,  құмдақ  эспарцет  -300-350,  еркекшөп-400-

600,  судан  шөп  -300-400,  ол  біріншіден,  өсімдіктердің    салыстырмалы 

құаңшылығын,  екіншіден,  өсімдіктермен  транспирацияға  және  бір 

өлшем  құрғақ  зат  құрастыру  үшін  жұмсалатын  ылғал  мөлшерін 

сипаттайды.  Жоғарғыда  көрсетілген  сандар  бойынша  мынадай 

қорытынды  жасауға  болады:  арпа    бидайға  қарағанда  қуаңшылыққа 

төзімді,  құаңшылыққа  өте  төзімді  дақыл  -  шай  жүгері,  ылғал  сүйгіш-

жоңышқа  және  т.б.;  алайда  бұл  көрсеткіштерді  тепе-тендік  есептерінде 

қолдану  өте  қиын,  өйткені    танаптық  жағдайында  топырақтағы  ылғал 

тек  қана  өсімдіктердің  транспирациясына  емес  және  сонымен  қатар 

әрбір  егістік  аумағынан  (топырақ  бетінен)  булануына  жұмсалады, 

сондықтан  есептерде    басқа  көрсеткіш  –  су  пайдалану  коэффициенті  - 

пайдаланылады. 



Су пайдалану коэффициенті

 

( Кс) -

  өсіп-жетілу кезеңінде егістіктің 

транспирация  мен  топырақ  бетінен  булануын  қоса  есептегендегі  бір 

өлшем өсімдік шаруашылығы өнімінің (кг, ц, т, астық, құрғақ биомасса, 

немесе  түйнектер,  тамыржемістілер  және  т.б.)    нақты  шығындалған  

ылғал мөлшерін (мм, м

3

) сипаттайды.  



Жиынды  су  пайдалану  (Жс)  – 

1  га  егістікте  (1м

2

,  га)  өсіп-жетілу 



кезеңіндегі  өсімдік  транспирациясы    мен  топырақ  бетінің  булануын 

ескере  отырып  дақылдың  өнім  қалыптастыруына  шығындалған  мм, 

немесе м

3

 –пен алынған ылғалдың мөлшерін сипаттайды.  



Транспирацияға жұмсалған шығын жағдайға байланысты ылғалдың 

жалпы  шығынынан  20-50%-ға  жетеді,  яғни  топырақ  бетінен  булануға 

шығындалған  ылғал  мөлшері  50-80%  жетеді.  Осыған  орай  прогресивті 



 

115 


технологиялардың  маңызды  міндеті  -  топырақ  бетінен  булану  арқылы 

шығатын ылғал мөлшерін азайту.  

Егістіктің    нақты  супайдалану  коэффициенті  нақты  танапта 

шыңдығындағы  жиынды  супайдалану  мен  дақыл  өніміне  негізделе 

отырып мына формула бойынша есептелінеді: 

 

Кс = Жс/Өқз, мұнда 



 

Жс — жалпы жиынды супайдалану (мм/га, м

3

/га); 


Өқз — құрғақ зат өнімі, астық (ц/га). 

Қазақстанда  ең  қолайлы  егіншілік  аудандардың  өзі      ылғалмен 

нашар    қамтамасыз  етілуімен  сипатталады,  өйткені  орташа  көпжылдық 

түсетін  жауын-шашын    мөлшері  жылына  250-330  мм-ден  аспайды. 

Сондықтан  бұл  аймақтарда  барлық факторлардың  ішінде  ылғал  бірінші 

минимумда  тұрады,  сайып  келгенде,  нақты  мүмкін  өнім  деңгейін 

анықтайды,  ал  өсімдіктерді  ылғалмен  қамтамасыз  ететін  шаралар  мен 

оларды реттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет