121
Топырақтағы тұрақты солу ылғалдығынан жоғары ылғалды өнімді
(пайдалы) ылғал деп есептейді және оның мүмкін мөлшері ең төменгі
ылғалсиымдылықтың топырақтың 1 м қабатында оның типі және
механикалық құрамына байланысты үлкен айырмашылығы бар.
Көптеген екпе дақылдар үшін өнімді ылғал қорының қолайлы
мөлшері ең төменгі ылғалсиымдылығының 80-90% шамасында,
сондықтан оны әрбір нақты топырақ үшін білу қажет, өйткені ол
механикалық құрамы мен қара шіріктілігіне байланысты өзгереді.
Карбышев А.Д. (1964) деректері бойынша ең төменгі ылғал
сиымдылықтың топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері 15-
кестеде келтірілген.
Кестеде келтірілген көрсеткіштері топырақтың 1 м қабатындағы
ылғал ұстау қасиеті 117 мм –ден (құмдақ топырақ) 202 мм –ға дейін
(ауыр балшықты топырақ) өзгеретінін дәлелдейді, ал оны өнімді ылғал
қорын бағалағанда ескеру керек.
Шаруашылық жағдайында нақты танап үшін себу алдында
топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғалдың нақты қорын көпшілік
таныған (салмақтық) тәсілмен анықтап және осы көрсеткіштер арқылы
НМӨ-ді есептеу керек.
Кесте 15. Ең төменгі сиымдылықтың 1 м топырақ қабатындағы
өнімді ылғал мөлшері, мм
Топырақ типі және механикалық
құрамы
Топырақ қабаты бойынша (см) өнімді ылғал
мөлшері, мм
0-20
0-50
0-100
Достарыңызбен бөлісу: