123
потенциалды
мүмкін
өнім
деңгейін
тиісті
анықтамалық
әдебиеттерден алынады.
Мысал, ретінде суармалы жағдайда жоғары агротехникалық
деңгейде өсірілген бірқатар мал азықтық дақылдардың жасыл
балаусасының потенциалды өнімдерін (ПӨ) келтіруге болады:
- сүрлем дақылдар (жүгері, шай жүгері, күнбағыс және т.б.) – 450-
750 ц/га;
- көпжылдық шөптер (жоңышқа, қылтықсыз арпабас және т.б.) –
350-550 ц/га;
- біржылдық шөптер (судан шөбі және т.б.) – 250-350 ц/га.
Дақылдарды суландыру жағдайында өсіргенде дақылдың, сорттың
потенциалды мүмкіндігін ескере отырып, өнімнің мүмкін дәрежесін
негізге алу қажет және супайдалану коэффициентін пайдаланып, өнімге
қажетті ылғалды есептеп шығару керек, ал суды топырақ ылғалдылығы
ең аз сусиымдылығының 75-80% болатындай етіп жіберген жөн, әсіресе
өсімдіктердің өсіп-дамуына ылғалдың өте жоғары қажетсіну
кезеңдерінде.
Достарыңызбен бөлісу: