Көпжылдық шөптер
тіршілігінің 2-4-
жылында
Жоңышқа
80-100
60-80
Эспарцет
90-100
70-100
Қылтықсыз арпабас
120-160
100-120
Еркекшөп
60-90
60-90
Біржылдық шөптер
Судан шөбі
110-140
100-120
Сұлы, итқонақ және
т.б.
200-300
150-200
Кең қатарлап
сепкендегі сүрлемдік
дақылдар
Жүгері, күнбағыс
15-18
8-12
Шай жүгері
35-40
15-25
Кестеде өсімдіктердің жоғары санына ылғалмен жақсы қамтамасыз
етілгенде және жоғарғы агротехникалық деңгейде қол жеткізуге
болатындығы есепке алынып, сандар белгілі аралықпен берілген.
136
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді тұқымға кең қатарлы
әдіспен сепкен дұрыс (45—60 см), бұл әдіс 2 – 3 –ші тіршілік жылында 1
м
2
– де 10 – 20 дана өсімдік санының болуын қамтамасыз етеді, астық
тұқымдас шөптерді – кең қатарлы әдіспен (30—45 см) сепкенде, 2—3-ші
тіршілік жылында 1 м
2
- де 30 – 60 өсімдік, судан шөбі 150 – 160 дана
болады.
Ылғалмен қамтамасыз етілуі қолайлы болғанда аталған көрсеткіш
жоғары, ал қолайсыз болғанда – төмен болуы тиіс, бірақ көрсетілген
аралықта, яғни тұқымдардың себу жарамдылығына, танаптық
өнгіштігіне және өсімдіктердің сақталуына түзету енгізу керек (егістікті
күтіп – баптағанда, тіршілік ету кезеңінде әр түрлі себептерге
байланысты өсімдіктердің жойылуы).
Мал азықтық дақылдардың тұқым себу мөшері (млн. дана/га)
келесідей формуламен есептелінеді:
,
10000
*
100
*
Îò
Ñê
Ì
ï
мұнда:
М – өнгіш тұқым себу мөлшері, млн дана/га;
Ск – жинау алдындағы оңтайлы өсімдіктер саны, дана/м
2
;
Өт – өсімдіктердің тірі қалуы, % (17– кестеден алынады).
10000 - 1 м
2
ден 1 га – ға есептегенде.
Ары қарай 1000 тұқымның массасы көрсеткішін алып және
тұқымның себу жарамдылығына түзетулер енгізіп, жоғарыда жазылған
әдістемеге сәйкес салмақтық себу мөлшерін шығаруға болады.
Егістік дақылдардың және әсіресе көпжылдық шөптердің
тұқымдарының танаптық өнгіштігі зертханалық өнгіштікке қарағанда
төмен болады, сондықтан аталған көрсеткіштердің арасындағы
айырмашылықтарды кеміту мүмкіндігін зерттеудің жоғары практикалық
маңызы зор.
Тәжірибелерде агротехника деңгейіне байланысты көпжылдық
шөптердің тұқымдарының танаптық өнгіштігі туралы мәліметтер,
берілген өсімдіктер санын алу мәселесін шешудегі тұқымның себу
мөлшеріне сәйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Көптеген тәжірибелерде және бақылауларда жүгері тұқымының
танаптық өнгіштігі зертханалық өнгіштікке қарағанда 20—50% - ке
төмен болатындығ, ал өсімдіктердің сақталуы 60—80% болатындығы
байқалды. Бұл көрсеткіштер тұқымның себу мерзіміне, топырақтың
өңделу сапасына, тұқымның сіңірілу тереңдігіне, тұқымның сапасына
байланысты. Жүгері өсімдігінің сақталуы көбінесе егістікті күтіп –
баптау жұмыстарын дұрыс жүргізе білумен тығыз байланысты, атап
айтқанда көктегеннен кейін тырмалау, қатараралық культивация, яғни
бұл жұмыстар кезінде алынған егін көгінен 20—35% - ке дейін
өсімдіктердің жойылуы сирек кездеспейді.
137
Табиғи жолмен ылғалданғанда тұқымдардың танаптық өнгіштігі
келесідей аралықта өзгереді (орташа): жүгеріде 50 - 70%, судан шөбінде
60 - 70%, жоңышқада 10 - 60%, эспарцете 40 - 80%, еркекшөпте 25 -
50%, қылтықсыз арпабаста 20 - 45%, сонымен қатар көпжылдық
шөптерде бұл көрсеткіштер өздерінің ең жоғарғы деңгейіне ерте
көктемде және күзде сепкенде жетеді, себебі аталған мерзімдерде,
тұқымдардың сіңіру тереңдігі 2—3 см екенін еске ала отырып,
тұқымдарды ылғалды қабатқа сіңіру мәселесін шешуге мүмкіндік бар, ал
жоңышқаны суармалы жерлерде өсіргенде тұқымдардың танаптық
өнгіштігі 40-тан 60%-ға дейін жоғарылады.
Жылу сүйгіш — жүгері, судан шөбі, шай жүгері, итқонақ, тары
және т.б. дақылдардың тұқымдарының танаптық өнгіштігінің ең жақсы
көрсеткішіне топырақ қабаты 10-15
0
С-қа қызғанда және себу мерзімін
мамыр айының екінші жартысы мен маусым айының басын таңдағанда
қол жеткізуге болады.
Астық тұқымдас дақылдар үшін себу мөлшерін есептегенде, нақты
аймаққа тән жинау алдындағы 1 м² - ге келетін оңтайлы сабақ бітіктігін
есепке алған дұрыс. Бағдарламаланған оңтайлы сабақ бітіктігі
көрсеткішінде шаруашылықтың топырақ – климат жағдайын және алғы
дақылдарды есепке алған дұрыс. Есептегенде тұқымдардың танаптық
өнгіштігін, өсімдіктердің сақталуын, тұқымдардың себу сапасын, өнімді
түптенуді және бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторларды еске алып,
болжам жасау қажет. Астық тұқымдас дақылдар үшін есептеуді
М.С.
Савицкийдің (1973) ұсынған формуласымен жүргізуге болады:
,
*
*
100
*
*
Cж
В
К
А
С
Н
в
мұнда:
Н
в
– себу мөлшері, кг/га;
С – жинау алдындағы сабақ саны 1 м
2
– ге, дана;
А – 1000 тұқымның массасы, г;
К – өнімді түптену;
В – өсімдіктердің тірі қалуының көрсеткіші, %;
Сж – тұқымның себуге жарамдылығы, %.
Солтүстік Қазақстанда жаздық астық дақылдарының өнімді
түптенуі орташа 1,2 - 1,3 аралығында, бұл көрсеткіш әр жылда
ылғалдану жағдайына, өсіру технологиясына байланысты өзгереді, ал
басқа да дақылдар және сорттар үшін бұл көрсеткіш 1-ден 2,5-3,0-ке
дейін, тұқымның танаптық өнгіштігі орташа 70-90%, өсімдіктердің тірі
қалуы 65-70%, яғни бұл көрсеткіштер 50-ден 85% арасында өзгеріп
отырады.
138
Әр аймақта ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты астық
тұқымдас дақылдардың егін жинау алдындағы оңтайлы сабақ саны (С)
200-ден 360 дана/м
2
аралығында өзгереді.
Іс жүзінде аталған сұрақтар бойынша әр агроном өз бақылауларын
жүргізіп мәліметтер жинауы қажет, кейін толықтай негізде әр танап
үшін
ылғалмен
қамтамасыз
етілуін,
дақылдарды,
сорттарды,
арамшөптермен ластануын, топырақтың құнарлылығын, агротехника
деңгейін, себу мерзімін және т.б. факторларды есепке ала отырып,
бағдарламаланған сабақ жиілігі негізінде себу мөлшерін есептеуі тиіс.
Мал азықтық дақылдардың оңтайлы сабақ жиілігін есептеу үшін
жүргізілген танаптық тәжірибелер негізінде алынған және 17 кестеде
көрсетілген мәліметтерді пайдалануға болады.
Нақты топырақ – климат жағдайында әр дақыл үшін егін жинау
алдындағы оңтайлы сабақ жиілігіне қол жеткізу – бұл төменгі мөлшерде
тұқым мөлшерін шығындап жоғары өнім алу деген сөз, мұның өзі еңбек
және материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Ілімдік негізде егін жинау алдында оңтайлы сабақ жиілігін алуды
және тұқымның себу мөлшерін қалыптастыруды әзірлеу - өнімді
бағдарламалаудың алдында тұрған маңызды мәселе, себебі бұл
мәселелердің
шешілуі
нақты
жағдайларда
егістіктің
жақсы
көрсеткіштерімен жапырақ беті ауданының, фотосинтетикалық
потенциал, фотосинтездің таза өнімінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |