Тыңайтқыш
мөлшерін
есептеу
әдістері.
Жоспарланған
(бағдарламаланған) өнімге тыңайтқыш мөлшерін анықтайтын тепе-
теңдік (баланстық) әдісі бірнеше модификациялардан тұрады, оның
ішінде кең тарағандары:
а) элементар баланс әдісі;
б) жоспарланған қосымша өнімге;
в) нормативтік баланс әдісі;
Есеп айыратын балансты топтар әдісін қолданғанда (а және б
модификациялары)
баланстың
шығыс
бөлігінде
жоспарланған
(бағдарламаланған) өніммен бірге шығарылатын қоректік заттар, әрбір
қосалқы өніммен (астық, құрғақ зат) нақты сан мөлшерінде қоректік
заттар (N, P
2
O
5
, K
2
O) шығарылатынын еске ала отырып есептелінеді.
Баланстың кіріс бөлігінде топырақтағы сіңімді қоректік зат, енгізілген
тыңайтқыш мөлшері және топырақ пен тыңайтқыштан қоректік
заттарды пайдалану коэффиценттері, ал олардың мөлшері өсіп – жетілу
кезеңіндегі топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейіне дақылдың
өсіру технологиясына байланысты.
Сондықтан, қазіргі уақытта тыңайтқыш мөлшерін есептеудің
бірнеше әдістері бар, дегенмен олардың негізінде қоректік заттардың
шығарылуы
және
топырақ
пен
тыңайтқыштан
пайдалану
коэффиценттері туралы мәліметтер бар. Каюмов М.К. (1989) бұл
классификацияларға қосымша мәліметтер енгізді және есептеу әдістерін
төмендегідей белгілері бойынша 4 топқа бөлген:
1. Жоспарланған өнімге, топырақ құнарлылығын және енгізілген
туктен
қоректік элементтердің пайдаланылуы есепке алынған қоректік
заттардың шығарылуы бойынша.
2. Жоспарланған қосымша өнімге, тыңайтқыш енгізбегенде өнім
деңгейі белгілі болғанда және топырақ құнарлылығы тиімділігінің
есебінен потенциалдық мүмкін өнім.
141
3. Бірінші және екінші топ көрсеткіштері бойынша, бірақ топырақ
құнарлылығын ары қарай жоғарылату есебімен.
4. Топырақты баллдық әдіспен бағалау бойынша, анықталған
дақыл өнімінің бір баллдық құндылығында және тыңайтқыштан қосылу
мүмкіндігі.
Жоғарыда аталған әдістердің ішінен бірінші әдісті – элементарлық
баланс әдісін толығырақ қарастырамыз, яғни ол өз ішінде қарқынды,
экстенсивті және жетімсіздік (нөлдік) болып бөлінеді:
Қарқынды (жағымды) – егер қоректік заттардың топыраққа келіп
түсуі олардың өніммен шығарылатын және топырақ
пен
тыңайтқыштан шығындалуы артып кетсе.
Экстенсивті (жағымсыз немесе жетімсіздік) – егер өніммен
шығарылатын және шығындалған қоректік заттар мөлшері олардың
топыраққа келіп түсуінен артып кетсе.
Жетімсіздік (нөлдік) – егер кіріс пен шығыс бөлімдері және қоректік
заттар тең болса.
Нормативтік баланс әдісінің ерекшелігі қоректік заттардың кіріс
және шығыс бөлігінің барлық бөлімдерін егжей – текжейлі тәтпіштеп
есептейді.
Кіріс бөлігінде – топыраққа қоректік заттардың тыңайтқышпен,
тұқымдармен келіп түсуі, бұршақ тұқымдас дақылдардың түйнек
бактерияларының азоты мен екінші әрекеттегі бактериялар –
азотфиксаторлардың жиналуы және сөзсіз топырақтың тиімді
құнарлылығы есептеледі.
Шығыс бөлігі – танаптан өніммен бірге шығарылған қоректік
заттар, жер бетінен сумен ағып кету арқылы топырақтан және
тыңайтқыштан шығындалған қоректік заттар, инфильтрация
(жауын, өзен, көл суларының тау жыныстарындағы жарықшалар мен
кеуектер арқылы жерге сіңуі), газ тәрізді шығын (мысалы, азоттың
денитрификациясы). Нормативтік баланс әдісі өте күрделі, оны
шаруашылық жағдайында кең көлемде қолдану қиын, сондықтан,
әдетте баланстық әдіс элементтерін ұзақ уақыт және тереңірек оқып
білу үшін арнайы тәжірибелер жүргізу қажет.
Осыған
байланысты
нормативтік
баланс
әдісінің
екі
модификациясын қолдану ұсынылған: толық немесе экологиялық
(биологиялық) және жеңілдетілген (шаруашылық).
Бұл әдістің бірінші модификациясында қоректік заттардың кіріс пен
шығыс
бөлігінің
барлық
бөлімдері
есептелінеді,
ал
екінші
модификациясында – кіріс бөлімдерінің қалдықтарымен, тұқымдарымен,
азотфиксатор-бактерияларымен
келіп
түскен
қоректік
заттар
есептелінбейді және шығыс бөлігінде топырақтан шығындалған
қоректік заттар мөлшері, жинақтап келгенде бүл бөлімдер тең ретінде
қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |