Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


үшін  тұқым  себу  мөлшерін  есептеу  әдістемесі



Pdf көрінісі
бет140/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   490
Байланысты:
index (15)

үшін  тұқым  себу  мөлшерін  есептеу  әдістемесі.

 

Анықталған  егістікке 

тұқым  себу  мөлшерін  есептегенде  топырақтағы  өнімді  ылғал  қорын, 

вегетациялық  кезеңде  ылғалдану  жағдайын,  топырақ  құнарлылығын, 

арамшөптермен  ластануын  және  т.б.  факторларды  ескерген  дұрыс,  ал 

бұл  агрономның  үлкен  білімділігі  мен  біліктілігін  талап  етеді,  себебі 

жапырақ  бетінің  ауданының  қалыптасу  ерекшелігі,  фотосинтетикалық 

потенциал, дақылдар егісінің фотосинтетикалық таза өнімі, сорттар және 

соңында ең төменгі мөлшерде тұқым шығындағанда қалыптасатын өнім 

– сабақ жиілігіне (шөпоттылығына) байланысты.  

Аталған  көрсеткіштердің  қолайлылығы  ылғалдану  жағдайымен 

тікелей  байланысты,  егістіктің  қалыпты  траспиациясы  үшін  топырақ 

ылғалымен  қамтамасыз  етілген  жапырақ  бетінің  ауданын  қолайлы  деп 

санаған  жөн,  яғни  ылғалмен  қамтамасыз  етілуі  неғұрлым  төмен  болса, 

соғұрлым  жапырақ  бетінің  ауданының  көлемі  төмен  болуы  тиіс, 

сондықтан 1м² келетін сабақ жиілігі де (шөпоттылығы) төмен болады.  

Дақылдардың себу мөлшерін есептегенде агрономдардың жіберетін 

қателіктерін  табиғаттың  өзі  реттейтіні  аз  кездеспейді,  мәселен  бірқатар 

дақылдарды  шектен  тыс  тұншықтырғанда  өсімдіктердің  жоғалуы  (өлуі) 

байқалады,  сонымен  қатар  өсімдіктер  нашар  түптенеді,  салмағы  төмен 

болады  және  т.б.,  ал  керсінше  шөп  оттылығы  сирек  болғанда  түптену 

коэффиценті  жоғары  болады,  яғни  ылғалмен  қамтамасыз  етілу 

жағдайына және басқа да факторларға байланысты сабақ жиілігінің және 

егістікте  жапырақ  беті  ауданының  қалыптасуының  өздігінен  реттелу 

үрдісі жүреді. Егіншіліктің қарқынды технологиясында сабақ жиілігінің 

табиғи  жолмен  реттелуіне  үміт  артуға  болмайды,  мұның  өзі  тұқымның 

үлкен  шығынына,    тиісінше  қаражат  шығынына  және  өнімнің 

төмендеуіне әкеліп соғады.     

Өндіріс  жағдайында  себу  мөлшерін  есептеудің  екі  негізгі  әдісі 

қолданылады:  біріншіден  –  ұсынылған  себу  мөлшері  арқылы  млн. 

дана/га  (себу  коэффиценті)  және  екіншіден  –  оңтайлы  сабақ  жиілігін 

есепке алу жолымен.  



Бірінші  әдіс

  тәжірибелерден  алынған  және  әр  аймақ,  облыс,  аудан 

үшін  бір  гектарға  млн.  дана  өнгіш  тұқым  себу  мөлшерін  ұсынған 

ғылыми  мекемелердің  мәліметтеріне  негізделген  (тұқымдардың  себу 

коэффиценті). Көптеген жылдар бойы әр аймақтарда ғылыми мекемелер 

дақылдар  және  сорттармен  егістік  тәжірибелер  жүргізді,  бұл 

тәжірибелерде себу мөлшерін зерттеу кең көлемде жүргізілді, мәселен, 1 

гектарға 1- ден 10 млн. дана өнгіш тұқым себу, осыдан келіп зерттелген 

себу  мөлшерлерінің  қайсысында  ең  жоғарғы  өнім  болғандығы 

анықталып,  өндіріске  ұсынылды.  Мысалы,  Солтүстік  Қазақстан  үшін 




 

134 


арпаның  себу  мөлшері  1  гектарға  2,5-нан  5,5  млн.  өнгіш  тұқым 

ұсынылған,  сонымен  қатар  құрғақшылық  аудандары  үшін  –  2,5  –  3,5, 

ылғалмен  жақсы  қамтамасыз  етілген  аудандарда  3,0  –  5,5  млн.  дана 

өнгіш тұқым. Өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру және басқа да 

пәндердің  оқу  құралдарында  жазылған  агротехникалық  іс-шаралар 

барлық дақылдар үшін бірдей.  

Тұқымдардың  салмақтық  себу  мөлшерін  есептеу  үшін  (кг/га) 

ұсынылған  себу  мөлшері  млн.  дана/га,  1000  тұқымның  массасы  және 

олардың себу жарамдылығы алынады:   

,

100



*

*

Ñæ



À

Ê

Ñì

 мұнда: 



Н

в

 – салмақтық себу мөлшері,  кг/га; 



К – ұсынылған себу мөлшері 1 гектарға млн. дана өнгіш тұқым 

(себу коэффициент); 

А –  1000 тұқымның массасы, г; 

Сж – тұқымдардың себуге жарамдылығы,  %. 

Бұл  әдістің  артықшылығы    –  есептеудің  қарапайымдылығы,  ал 

кемшілігі  –  тұқымдардың  танаптық  өнгіштігіне,  тіршілік  кезеңінде 

өсімдіктердің  сақталуы  мен  тірі  қалуына  әсер  ететін  жағдайлар  есепке 

алынбайды,  яғни  бұл  жерде  сабақ  жиілігінің  және  өнімнің  қалыптасу 

үрдісінде агрономдардың рөлі пассивті деп атауға болады. 

  

Екінші  әдіс  –

  барлық  көрсеткіштерді  есепке  ала  отырып,  егістікті 

жинау алдындағы оңтайлы сабақ жиілігін қарастырады, яғни жобаланған 

тұқымның  себу  мөлшеріне,  өсімдіктердің  сақталуына  және  себу 

жарамдылығына түзетулер енгізеді.   

Әр  танапқа,  дақылдарға,  сорттарға  көктемгі  қалыптасқан 

жағдайларға  байланысты,  әсіресе  ылғалмен  қамтамасыз  етілуіне  сай 

агротехника деңгейі басқаша өзгереді, яғни өсу жағдайы әзірленеді және 

тұқымның  танаптық  өнгіштігіне,  өсімдіктердің  сақталуына  болжам 

жасалады. Бұл әдіс ең төменгі мөлшерде тұқым шығындағанның өзінде 

егістікті жинау алдында оңтайлы сабақ жиілігін алуға мүмкіндік береді, 

сонымен  қатар  өімдіктер  өздерінің  ең  жоғарғы  деңгейде  биологиялық 

ерекшеліктерін  көрсете  алады,  атап  айтқанда  түптену  мүмкіндігі, 

түраралық  күресін  ең  төменгі  денгейге  жеткізуі  және  сабақ  жиілігінің 

өздігінен  реттелуі,  өсімдіктердің  опат  болуы  (жоғалуы),  өнім  құрылым 

элементтері көрсеткіштері қатынастарының нашарлауы және т.б.  

Астық  тұқымдас  және  мал  азықтық  дақылдардың  себу  мөлшерін 

есептеудің бірқатар ерекшеліктері бар. 

Оңтайлы асбақ жиілігі үшін мал азықтық дақылдарға себу мөлшерін 

есептегенде,  нақты  топырақ  –  климат  жағдайында  өсімдіктердің  өсіп  - 

дамуын  және  жоғарғы  өнім  қалыптастыруын  қамтамасыз  ететін    1м²-ге 

келетін өсімдіктер санын оңтайлы сабақ жиілігі деп есептеген дұрыс.  



 

135 


Ылғалмен  қамтамасыз  етілуін,  агротехника  деңгейін  және  т.б. 

факторларды қоса есептегенде алынуы мүмкін жоғары деңгейдегі өнімге 

қол  жеткізуде,    қалыптасқан  нақты  жағдайлар  үшін  егістікті  жинау 

алдында  өсімдіктердің  немесе  шаруашылықтарда  өсірілетін  өсімдік 

топтарының оңтайлы сабақ жиілігін алдын ала есептеп алған дұрыс.  

Әрбір  агроном  -  өндірісші  барлық  технологиялық  элементтердің  

өнім  құрылым  элементтерінің  және  барлық  тіршілік  кезеңінде 

«тұқымнан тұқым қалыптастыруға дейін» өнімнің қалыптасуына, соның 

ішінде  тұқымның  танаптық  өнгіштігіне,  өсімдіктердің  ылғалмен  және 

қоректік  заттармен  қамтамасыз  етілуіне  байланысты  тірі  қалуы  және 

сақталуына,  арамшөптермен  ластануына,  себу  мерзіміне,  тұқым  сіңіру 

тереңдігіне,  сонымен  қатар  сабақ  жиілігіне  (шөпоттылығына),  өнімді 

түптенуіне  және  т.б.    бақылау  жасап  және  оларды  бағалай  отырып 

тәжірибе жинақтауы тиіс. 

Мал  азықтық  дақылдардың  оңтайлы  сабақ  жиілігін  есептеуде 

берілген  мәліметтер  ретінде  егістік  тәжірибелерден  және  Солтүстік 

Қазақстанның  өндірістік  жағдайларынан  алынған  жалпы  мәліметтерді 

пайдалануға болады (Кесте 17).      

 

Кесте  17.  Солтүстік  Қазақстанда  мал  азығына  өсіргенде  жоғарғы 



деңгейде  өнім  қалыптастыруды  қамтамассыз  ететін  мал  азықтық 

дақылдардың оңтайлы сабақ жиілігі (жинау алдында, дана/м

2

)  


 

Дақылдар  

Ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейі 

Суарылғанда немесе 

табиғи жақсы 

ылғалданғанда  

Суарылмағанда және 

қанағаттанарлық деңгейде  

ылғалмен қамтамасыз етілгенде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет