Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


    Егін  жинау  алдындағы  қолайлы  сабақ  жиілігін  (шөп



Pdf көрінісі
бет138/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   490
Байланысты:
index (15)

2.6    Егін  жинау  алдындағы  қолайлы  сабақ  жиілігін  (шөп 

оттылығын) бағдарламалау 

 

Сабақ  жиілігіне  әсер  ететін  жағдайлар.



 

Егін  жинау  алдындағы 

өсімдік  саны  қоршаған  орта  мен  агротехниканың  көптеген 

факторларының  әсерімен  қалыптасады.  Бұл  факторларды  екі  топқа 

бөлуге  болады.  Факторлардың 

бірінші тобы

    толық  көктеу    кезеңіндегі 

өсімдіктер  санын  анықтайды.  Бұл  негізінен,  белгіленген  себу 

мөлшерінің  сақтау  және  жеткілікті  жоғары  далалық  өнгіштігін 

қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Факторлардың 

екінші  тобы

 



 

128 


өсімдіктердің  өсіп-даму  кезеңіндегі  сақталуын  және  күздік  астық 

дақылдарының қыстап шығуын анықтайды. 

Егін  жинау  алдындағы  өсімдіктер  санына    тұқымның  далалық 

өнгіштігі,  өсімдіктін сақталуы  мен  тірі  қалуы  әсер  етеді,  оларды  тұқым 

себу мөлшерін есептегенде болжап есепке алу қажет.  

Далалық өнгіштік – 

толық көктеу кезеңіндегі өсімдік саны, себілген 

өнгіш тұқымның пайызбен көрсетілген бөлігі.    

Далалық өнгіштік (Дө) мына формуламен есептеледі: 

 

Дө = 


толық көктеу кезеңіндегі өсімдіктер саны, дана/м

2

*100 

          себілген өнгіш тұқымның саны, дана/м

2

 

 

Өсімдік  сақталуы

  –   


егін  жинау  қарсаңындағы  өсімдік  саны,  бір 

өлшем жердегі егін көгінің пайызбен көрсетілген бөлігі.  

Өсімдік сақталуы (Өс) мына формуламен есептеледі: 

 

Өс = 



 өсімдіктер жинау алдында, дана/м

2

*100________  

         толық көктеу кезеңінднгі өсімдіктер саны, дана/м

2

 

 

Өсімдік  сақталу  көрсеткіштерінің    толық  көктеу  кезеңінен  егін 

жинау қарсаңына дейін өзгеруі өсімдіктердің опат болуына байланысты  

және  көптеген  факторларға  -  төмен  ылғалдануына  (куаңшылық), 

өсімдіктердің  зиянкестер  және    ауырулармен  зақымданылуына,  өсіру 

технологиясын  дұрыс  пайдалануына  (күтіп–баптау  жұмыстар  -  

тырмалау,  қатар  аралық  культивация      жұргізгенде  өсімдіктерді  кесіп 

кету,  зақымдау,  гербицидтерді  дурыс  пайдаланбау  және  т.б.)  

байланысты. 

 

Өсімдіктің  тірі  қалуы(Өт)

  –  егін  жинау  қарсаңындағы  өсімдік 

саны, ол пайызбен көрсетілген себілген өнгіш тұқымның бөлігі.   

Өсімдіктін  тірі  қалуы  екі  әдіспен  есептеледі:    а)  себілген  өнгіш 

тұқым мөлшерімен келесі формуламен:  

 

Өт= 


Жинау алдындағы өсімдіктер саны, дана /м

2

*100 

         Өнгіш тұқым мөлшері, дана/м

2

 

 



б)  тұқымның  далалық  өнгіштігі  мен  өсімдіктердін  сақталу 

көрсеткіштері арқылы: 

 

Өт= Дө*Өс/100, мұнда: 



 

Өт – өсімдіктердін тірі қалуы, %; 

        Дө – тұқымның далалық өнгіштігі, %; 

С

р



 – өсімдіктің сақталуы, %. 


 

129 


 

Тұқымдардың 

танаптық 

өңгіштігінің 

көрсеткіштері 

және 


өсімдіктердің  сақталуын  анықтамалық  әдебиеттерден  сәйкесінше 

негізделген 

дұрыстамалармен 

дақылды 


өсірудің 

жобаланған 

технологиясының деңгейіне алуға болады.  

 

в) танаптық өнгіштік және өсімдіктердің арқылы себілген тұқымдардың 



себу жарамдылығын ескеру арқылы:  

  

Өс = Сж*Тө*Өс 



         10000 

 

мұнда: 



      Өс — өсімдіктердің сақталуы, %; 

      Сж — тұқымдардың себу жарамдылығы, %; 

      Тө — тұқымдардың танаптық өңгіштігі, %; 

      Өс — өсімдіктердің сақталуы, %. 

Тұқымдардың  себу  жарамдылығы  (Сж)  тұқымдардың  тазалығын  

(Т,  %)    зертханалық  өңгіштігіне  (Лө,  %)  көбейту  арқылы  табылады,  % 

көрсетіледі:  

 

Сж =   Т



т

*Лө 


           100 

 

Сонымен,  жоспарланған  сабақ  бітіктігі  арқылы  себу  мөлшерін 



есептегенде алдын-ала көрсеткіштерді болжамдау қажет – тұқымдардың 

танаптық  өңгіштігін,  өсімдіктердің  өміршеңдігі  мен  сақталуын,  олар 

метеорологиялық және агротехника жағдайына тәуелді болады. 

      Бұл көрсеткіштерді және өнімді түптену коэффициентін болжау өте  

қиын,  өйткені  өсіп-жетілу  кезінде  метеорологиялық  жағдайлар  қалай 

болатыны  белгісіз,  сондықтан  ,  тәжірибеде  және  өндірісте  алынған, 

орташа мәліметтерді қолдануға тура келеді. 

Жалпы  мәліметтер  бойынша,  күздік  қарабидайдың  өнімді  түптенуі 

орташа  1,47,  күздік  бидайда  –  1,6,  ал  жаздық астық дақылдарында  –  1-

1,3 мөлшерінде, ал жаздық бидайдың танаптық өңгіштігі орташа алғанда  

-  70-94%,  өсімдіктердің  сақталуы  66-69%,  57-ден  85%  аралығында. 

Осындай көрсеткіштер мал азықтық дақылдар бойынша шығарылған. 

Тұқымдардың  тарнаптық  өңгіштігі  мен  өсімдіктердің  сақталу 

көрсеткіштері, 



біріншіден,  топырақты  өңдеуден,  тұқымдардың  себу 

сапа көрсеткіштерінен және оларды себуге дайындаудан, қалыптасқан 

жағдайға  оңтайлы  себу  мерзімін  таңдау,  тұқымдарды  себу 

тереңдігінен,  егістіктерді  күту  тәсілдерінен  және  т.б.,  яғни 

технологияның  барлық  элементтерін  оңтайландырған  жағдайда 

жоғары  көрсеткіштеге  жетуге  болады,  бірақ  технология  бұзылғанда 

айтарлықтай төмендеуі мүмкін. 


 

130 


Мал  азықтық  дақылдардың  тұқымдар  танаптық  өңгішітігі  мен 

өсімдіктер  сақталу  орташа  көрсеткіштері  мынадай:  сүрлемдік  жүгеріде 

танаптық  өнгіштік  –  50-70  %,  өсімдіктердің  сақталуы  –  70-90  %;  бұл 

көрсеткіштер тиісінше күнбағыста – 70-80 және 80-90%, 40-45 және 90-

95 %, еркекшөпте – 25-50 және 60-90 %, судан шөбінде – 60-70 және 80-

95  %.  Бұл  көрсеткіштерді  білу  мен  оларды  тәжірибеде  қолдану 

агрономға  тұқымдардың  танаптық  өңгіштігін  лабораториялыққа,  ал 

өсімдіктер сақталуын 100%-ға жақындатуға мүмкіндік береді, 



яғни әрбір 

себілген  тұқымнан  толыққанды  егін  көгін  алуға,  ал  әрбір  алынған 

өсімдік  толық  пісу  (шабылмалы)  кезеңіне  жетуіне  тырысу  керек,  бұл 

арқылы  тұқымдар  шығындарын  азайтуға  болады,  бұл  өсімдік 

шаруашылығында  алынатын  өнімнің  өзіндік  құны  құрылымында 

маңызды орын алады.  

Мысалы,  Германияда  жүгері  өсіру  тәжірибесіне  сілтеуге  болады, 

онда  тұқымдардың  танаптық  өңгіштігін  95%  дейін  жеткізуге 

болатындығын  көруге  болады,  яғни  себілген  өңгіш  тұқымдардың 

ысырап  болуы  5%-дан  аспайды,    ал  өсімдіктердің  сақталуы  100% 

жақындаған.  Мұндай  жақсы  көрсеткіштер  жоғары  себу  сапасы  бар 

тұқымдарды  себу  арқылы,  оларды  себуге  дайындау  технологиясы 

(іріктеу,  жоғары  тиімді  препараттармен  өңдеу,  инкрустациялау  және 

т.б.),  топырақты  себуге  дайындау  сапасы    (культивациялау,  тығыздау 

және т.б.), әрбір дақыл ұшін топырақтың жылынуы және оның жоғарғы 

қабаттағы  ылғалдылығын  ескере  отырып  себу  мерзімін  таңдау, 

тұқымдардың  берілген  терңдігін  және  олардың  қатардағы  орналасуын 

қамтамасыз ететін жоғары дәлдікті сепкіштер қолдану және егістіктерді 

күту жүйесін таңдау, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет