Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Берілген  өнімділіктегі  егістің  жапырақ  беті  ауданы  және



Pdf көрінісі
бет135/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   490
Байланысты:
index (15)

Берілген  өнімділіктегі  егістің  жапырақ  беті  ауданы  және  

фотосинтетикалық  потенциал.

 

Дақылдың  өнімі  фотосинтез 

процесінде  құрылады,сондықтан  ФБР  пайдалану  коэффициентін  өсіру 

мақсатымен  нақты  жағдайда    егістіктің  қолайлы  құрылымы  мен  тиісті 

жапырақ беті ауданын қалыптастыру керек.  

Көптеген  дақылдардың  жапырақ  беті  ауданы  егістіктегі  өсімдік 

саны  мен  әр  өсімдіктің  жапырақ  беті  ауданына  тәуелді,  ал 

жарырақтардың  жиынтық  ауданы(м

2

/га)  көбінесе  сабақ  бітіктігі  мен 



өсімдіктердің  даму  дәрежесімен  анықталады,  әрі  агрометеорологиялық 

жағдайлар мен агротехника дәрежесіне байланысты өзгереді.   

Мәселен,  Г.  П.  Устенко  тәжірибелерінде  жапырақ  ауданы  үш  есе 

өскенде (13,1-тан 40,2 мың. м

2

/га)  жүгері дәнінің өнімі 4,6 есе өсті. И.С. 



Шатилов  пен  М.К.  Каюмов  (1970)  тәжірибелерінде  1  гектарға  жапырақ 

ауданы  10  мың  м

2

  –ден  80  мыңға  дейін  артқанда  ФБР  пайдалану 




 

124 


коэффициенті  екі  есе  өсті,  осы  заңдылық  И.И.Синягинның  (1990) 

зерттеулерінде де байқалған.   

Өсімдіктердің  күн  радиациясын  сіңіру  жапырақ  бетінің  ауданы 

өсіп,  35-40  мың.  м

2

/га  жеткенге  дейін  артады,  ал  егістіктің  қолайлы 



құрылымы  А.А.Ничипорович  пен  С.Н.  Чмораның  деректері  бойынша, 

жапырақ ауданы біршама тез өсіп 40 мың м

2

/га жететін және ұзақ ұақыт 



бойы  активті  осы  дәрежеде  жұмыс  істейтін  егістіктерде  болады, 

сонымен  бірге  өсіп-даму  соңында  олар  азаяды,  немесе  мүлдем  өліп 

қалады,  бірақ  жинақталған  пластикалық  заттарды  өнім  құрайтын 

бөлігіне беріп үлгереді. 

 

  

Өткен  ғасырдың  70-80  –  ші  жылдары  Целиноград  облысы  (қазір 



Ақмола)  жағдайында  жүгері,  жонышқа,  еркекшөп  және  т.б. 

егістіктерінде  жүргізілген  танаптық  және  өндірістік  тәжірибелерінде 

оңтайлы егістер құрылымын  (ауданның бір өлшем жеріндегі өсімдіктер 

саны,  жапырақ  беті  ауданы  және  т.б.)  қалыптастырғанда  өсімдіктердің 

биологиялық,  морфологиялық ерекшеліктері мен ылғалдану жағдайына 

байланысты дақылдардың өнімі орта есеппен  40-50% артуға мүмкіндік 

туғызды (Н.И.Можаев, 1983).     

Табиғи ылғалдану жағдайында дәнді және мал азықтық дақылдарда 

13  -  тен  40  мың  м

2

/га    жапырақ  беті  ауданы  қалыптасады,    құрғақ  зат 



өнімі  бұл  жағдайда  20-35  ц/га  (10-18  ц/га  астық)  жетеді.  Айтарлықтай 

жоғары  емес  жапырақ  беті  ауданын  (9—15  тыс.  м

2

)  бидай  (Сулейменов 



М.К.,1991)   және  еркекшөп  (Н.И.Можаев,  1979)  қалыптастырады,  ал  ол 

олардың  қуаңшылыққа  төзімділігін  арттыруға  мүмкіндік  жасайды  және 

Солтүстік  Қазақстанның  қуаңшылық  жағдайларына  бейімділігін 

арттыруды қамтамасыз етеді.    

Солтүстік  Қазақстан  жағдайында  суландыру  егістіктерінде  және 

есептелген  тыңайтқыш  мөлшерін  қолданғанда  жоңышқа  мен  жүгерінің 

жапырақ  беті  ауданы    60-90  мың  м

2

/га  өсіргенде,  абсолют    құрғақ  зат 



өнімі 100-150 ц/га дейін артты.  

Сонымен,  ылғалдану  жағдайына  байланысты  әртүрлі  дақылдарда 

жапырақ  беті  ауданының  оңтайлы  мәндері  әртүрлі  болуы  мүмкін: 

көптеген екпе дақылдарда ол 40-60 мың м

2

/га деңгейінде, қуаңшылыққа 



төзімді дақылдарда – 10-20 мың. м

2

/га.  



Мал  азықтық  дақылдардың  жапырақ  ауданы,  астыққа  өсірілетін 

дақылдарға  қарағанда    үлкен  болуы  керек,  өйткені  олардың 

жапырақтары өнімнің негізгі бөлігі болып табылады. 

Сонымен  қатар  жапырақ  ауданы  ылғалмен  қамтамасыз  етілуіне  де 

байланысты,  өйткені  жапырақтар  ауданы  үлкен  болған  жағдайда 

транспирацияға  (булануға)  су  көп  жұмсалады,  яғни  өсімдіктердің 

жапырақ  беті  ауданы  егістіктердің  ылғалмен  қамтамасыз  етілуімен 

тығыз  коррелятивті  байланыста:  топырақтағы  ылғал  мөлшерімен  және 

өсімдіктің транспирациясымен.   

 Пайдаланылған 

ФБР  мөлшерінде  өсімдіктер  топырақтан 

транспирацияға 

қажетті 

ылғал 

мөлшерін 

алған 

жағдайда 



 

125 


қалыптасқан егістіктердің жапырақ беті ауданын – қолайлы жапырақ 

беті ауданы  деп есептеуге болады.   

Қолайлы  жапырақ  беті  ауданы  –жоғары  өнім  қалаптастырудың 

негізгі  шарттарының  бірі,  сонымен  қатар  фотосинтетикалық  потенциал 

да (ФП) жоғары болуы тиіс.  

Фотосинтетикалық потенциал(ФП) белгілі бір уақыттағы  жапырақ 

ауданы  қызметінің    ұзақтығын  сипаттайды  (тәулік  м

2

)  және  мына 



формуламен есептеледі: 

 ФП = Ж*Т, мұнда: 

ФП — мың. м

2

 • тәулік; 



Ж – жапырақ беті, мың. м

2

/га;  



Т – кезең ұзақтығы, (тәулік); 

Вегетациялық  кезеңінде  ФП  бірнеше  рет  анықталады,  сондықтан  есеп 

келесі формула бойынша есептеледі:  

3

4



3

2

3



2

1

2



1

*

2



)

(

*



2

)

(



*

2

)



(

Ò

Æ

Æ

Ò

Æ

Æ

Ò

Æ

Æ

ÔÏ





 ..., мұнда: 

Ж

1

, Ж



2

, ... — өлшем жүргізген уақытындағы  алғашқы  және соңғы 

кезеңіндегі жапырақ ауданы (мың. м

2

/га; 



Т – кезеңнің ұзақтығы, тәулік, тәжірибелерде әдетте 10 - 15 тәулікке 

сәйкес. 


Оңтайлы  құрылым  қалыптастыратын  ерте  пісетін  дақылдар  мен 

сорттар  егістіктерінде  А.А.  Ничипорович  бойынша(1981)  өскін  пайда 

болғаннан  кейін    30  күн  өтпей–ақ    жапырақ      ауданы    30  мың.  м

жету 



керек,  50-ші  күнде 

   


40  мың.  м

2

,  ал  фотосинтетикалық  потенциал—  2 



млн.  м

2

/тәулік  болу  керек,  өсіп–даму  кезеңі  ұзақ  өсімдіктерде  әр 



гектарда    30  күнде  —  15  мың.  м

2

,  70  күнде  —  50  мың.  м



2

  жапырақ 

ауданы  қалыптастыру  қажет,  ал    ФП  —2,5—3,0  млн.  м

2

/тәулік  болуға 



тиіс. 

Көпшілік  дақылдарда  сабақ  бітіктігі  өскен  сайын  жапырақ  ауданы 

мен  ФП  мөлшері  артады,  мұның өзі  ФБР  толығырақ  сіңіруге  жеткізеді, 

алайда  құрғақ  далалық  аймақта  шектен  тыс    жиілетінген  егістіктерде 

өнім азайып кетеді.  

Сонымен,  егістіктердің  оңтайлы  құрылымын  қалыптастыру 

мақсаты  және  сонымен  қатар    жапырақ  беті  ауданы  егістіктердің 

ылғалмен  қамтамасыз  етілуімен  және  өнім  деңгейімен  тығыз 

байланысты,  сондықтан  бұл  фактор  шаруашылықтың  егістікті 

пайдалануын  (жемшөп,  астық)  ескере  отырып,  тұқымның  себу 

мөлшерін есептегенде негізге алынады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет