122
Орманды дала
120-135
70-
80
95-
110
130-
145
150-
170
160-
180
Қуаңшылықты
дала
110-150
65-
90
85-
125
120-
160
135-
185
145-
200
Құрғақ дала
110
65-
85
85
120
135
145
Солтүстік Қазақстан жағдайында көпжылдық орташа мәліметттер
бойынша танаптық жұмыстар жүргізу алдында (сәуір айының ІІІ
онкүндігі) топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері,
әдетінше, ең төменгі сиымдылықтан төмен және 65-тен 160 мм –ге дейін
өзгереді. Өнімді ылғал мөлшерінің ең жоғары деңгейінің (120-160мм)
мүмкіншілігі әртүрлі жылдар бойынша 50% аспайды, себу жұмыстарын
жүргізу алдында ол 10-15 мм-ге төмендейді.
Топырақ-климат аймақтары бойынша топырақтың 1м қабатындағы
өнімді ылғалдың орташа қоры 110 –нан (құрғақ дала) 120-150 мм-ге
дейін (орманды дала, құаңшылық дала) өзгереді, бірақта 10 жылда бір
рет минималды деңгейге (65-90мм) төмендейді және 10 жылда бір рет
максималды деңгейге (145-200 мм) көтеріледі,ал орташа ылғал қоры мен
жылдар саны 10-нан 4-5 және 1-2 жыл аралық орташа мен максимальды
немесе минимальды ылғал қоры да орын алады.
Сонымен,
Қазақстанның далалы
аймақ жағдайында өнімді ылғал
мөлшері бойынша әрбір 10 жылдың 1-2 жылы қолайсыз(құаңшылық), 2-
3 жылы жақсы және 4-5 жыл орташа ылғал қорымен сипатталады.
Өнімді ылғал қоры жаздың екінші жартысындағы және өткен жылдың
күзіндегі ылғалдану жағдайына, қыста түскен жауын-шашын мөлшеріне
байланысты. Осы жағдайларды есептей отырып себу алдындағы
топырақтың мүмкін ылғал қорының көрсеткіштерін болжауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: