139
Бұл бағыттар
Д.Н. Прянишников, А.В. Соколов, С.В. Щерба, П.Г.
Найдин, А.Г. Дояренко және т.б. жұмыстарымен негізделген.
Тыңайтқыштарды енгізу мөлшеріне сәйкес түзетулер енгізу арқылы
күрделі қателіктерден құтылуға болады, дегенмен көбінесе енгізілген
тыңайтқыштардың жоғары тиімділігіне қол жеткізіле бермейді, себебі
шектеуші факторлар – ылғалмен қамтамасыз етілуі, топырақтың тиімді
құнарлылығы бойынша нақты мүмкін өнім деңгейі есепке алынбайды.
Тыңайтқыштардың орташа мөлшері эмперикалық жолмен белгіленеді,
себебі белгілі бір дақылға қажетті азоттың, фосфордың және калийдің
оңтайлы санын анықтау үшін, топырақтың тиімді құнарлылығының
және егістіктің ылғалмен қамтамасыз етілуінің және т.б. әртүрлі деңгейі
есепке алынған, бірнеше варианттары бар тәжірибе жүргізуді талап
етеді.
Екінші бағыт – бағдарламаланған өнімнің қоректік заттарға
қажетсінуіне байланысты тыңайтқыш мөлшерін есептеуді қарастырады,
мұнда негізгі және қосалқы өніммен қоректік заттардың шығындалуы,
топырақтағы азоттың, фосфордың, калийдің мөлшері, олардың
топырақтан және тыңайтқыштардан пайдалану коэффиценті, сонымен
қатар тамыр және сабан қалдықтарында жинақталған минералды және
органикалық тыңайтқыштардың соңғы әсерлері есепке алынады.
Қазіргі заманның ірі агрохимиктардың пікірінше тыңайтқыш
мөлшерін есептегенде оңтайлы, тиімді және шегіне жеткен минералды
тыңайтқыштар мөлшері деген түсініктерден шығу керек.
Оңтайлы
– ауыспалы егіс айналымында топырақтың оңтайлы
құнарлылық деңгейін бірте – бірте арттырып немесе сақтап қалу
жағдайында 1 гектардан максималды таза пайда алу арқылы, сапалы
жоғары өнімді алуды қамтамасыз ететін мөлшер.
Тиімді -
өндірістік қалыптасқан ұйымдастыру – шаруашылық
жағдайында 1га танаптан жақсы және қанағаттанарлық сапасы жоғары
өнім шығуына мүмкіндік беретін және тыңайтқыш қолдану арқылы
міндетті түрде эканомикалық тиімділік ала отырып топырақтың
құнарлылығын қарқынды арттыру мөлшері.
Шегіне жеткен -
қолданып отырған тыңайтқыш минималды өз
шығынын өзі өтейтін жағдайда, ал ол шаруашылықта тыңайтқышты
алуына және енгізуіне көп қаражат болған жағдайда ғана мүмкін, тиісті
сапасы бар максималды мүмкін өнім деңгейін қамтамасыз ететін
мөлшер.
Шаруашылықтар эканомикалық жағдайына байланысты сол немесе
басқа тыңайтқыштардың енгізу деңгейін қолдана алады, бірақ алдынғы
екеуінің – тиімді және оңтайлының артықшылығы бар, дегенмен
экономикалық әсері және енгізілген мөлшердің сатылып алынуы
жағынан алғанда тыңайтқыштардың тиімді енгізу мөлшерін қолданудың
маңызы зор.
Ірі
агрохимик
Минеев
В.Г.
(1990)
жазған:
Өнімді
бағдарламалаудың жеке бір бөлімдерінен тек қана егіншіліктің барлық
140
кешенін жүзеге асырылуына белсенді ауысу өте қажет. Ол және тағы
да басқа агрохимиктар
, дақылдардың жоспарланған өнімге тыңайтқыш
мөлшерін есептегенде барлық жоспарланған өніммен шығатын қоректік
заттар бойынша жиі түрде баланстық есептеу әдісі қолданылады, деп
сендіреді. Бұл әдіс өте кең тараған, өйткені барлық қоректік заттардың
кіріс және шығыс бөлігін қамтиды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш мөлшерін анықтау
әдістемелері үш топқа ажыратылады:
1. Танаптық тәжірибе мен агрохимиялық картограммалардың
көрсеткіштерін тікелей қолдануына негізделген.
2. Есеп айыратын (балансты немесе есеп айыратын балансты).
3. Кешенді әдіс, бірінші және екінші топ әдістерін үйелестіруіне
негізделген.
Соңғы 40-50 жылда Батыс Европа және ТМД елдерінде екінші топ
әдісі өте кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: