154
Агрофизикалық
қасиеті
:
топырақтың
жыртылатын
қабаты
есептелінеді, см, сонымен қатар топырақ тығыздығы, г/см
3
, жалпы
кеуектілігі, %, ылғалдылығы, % , суға төзімді (берік) агрегаттар 0,25мм,
%.
Агрохимиялық және физико-химиялық
– қарашірінді қабаты
есептелінеді, % және т/га; азот, % және т/га; жылжымалы фосфор,
мг/100 г топырақта; айырбасталатын калий, мг/100 г топырақта.
Минеева В.Г. (1990) бойынша, кәдімгі қаратопырақтар үшін бұл
көрсеткіштер келесідей параметрлермен сәйкес келуілері қажет:
1.
Топырақтың агрофизикалық қасиеттері
а) жыртылатын қабаты, см – 35
б) тығыздығы, г/см
3
– 1,10
в) жалпы кеуектілігі, % - 59
г) ылғалсиымдылығы, % массадан – 30
д) суға төзімді (берік) агрегаттар 0,25 мм, % - 60
2.
Топырақтың агрохимиялық және физико-химиялық қасиеттері
а) қарашірінді, % - 7,0, т/га – 270
б) азот, % - 0,30, т/га – 12,0
в) жылжымалы фосфор, мг/100 г почвы – 20
г) айырбасталатын калий мг/100 г топырақта - 35
Егер топырақтар бұл көрсеткіштер бойынша сәйкес келсе, онда
агрохимиктардың есептеуінше күздік бидайдың 60 ц/га-на дейінгі өнім
деңгейіне қол жеткізуге болады, ал көпжылдық шөптердің (пішен) – 120
ц/га өнімін алуға болады.
Қазақстан топырақтары құрамындағы қарашірінді мөлшері бойынша
келесідей ажыратылатынын есте ұстаған жөн %: кәдімгі қара
топырақтар – 6-8, оңтүстік қара топырақтар – 4,5-6,0, қара – қоңыр
топырақтар – 3,0-4,5.
Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы
параметрлеріне қол жеткізу үшін агротехникалық және агрохимиялық
шараларды қолдану қажет, ал ол ірі материалдық және қаржылық
шығындарды талап етеді.
Топырақ құнарлылығын оңтайландыру әдісінің едәуір жеңіл, қол
жетімді және шығындары аз жолдарының бірі – ол топырақ
құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшері арқылы, себебі
жылжымалы
фосфордың
мөлшері
топырақтың
жалпы
мәдениленгендігінің негізгі көрсеткіші ретінде қызмет етеді, яғни сол
арқылы өсіріліп отырған дақылдың жоғарғы өніміне қол жеткізуге
болады және қосымша енгізілген фосфор тыңайтқыштарының
155
тиімділігін талап етілмейді. Сонымен қатар нақты топырақ-климат
жағдайында ауыспалы егіс дақылдарының фосфор тыңайтқыштарымен
қоректендірілу деңгейіне баса көңіл аударған дұрыс.
Топырақ құрамындағы фосфордың
(Р
2
О
5
)
оңтайлы мөлшері ретінде,
ең жоғарғы өнімнен
90-95%-тен төмен емес деңгейге жеткенде деп
есептелінеді, ал қалған 5-10%-тің орны фосфор тыңайтқыштарымен
толтырылады.
Солтүстік Қазақстанның қара – қоңыр топырақтарындағы фосфордың
орташа мөлшері 1,0-1,5 мг/100 г, кәдімгі қара топырақтарда – 1,5-2,5
мг/100 г, топырақ құрамындағы фосфордың оңтайлы мөлшерінің
төменгі шегіне
(3,1-4,5 мг/100 г)
қол жеткізу үшін, 100 г топырақтағы
фосфордың мөлшерін
2-3 мг-ға арттыру қажет, бұл көрсеткішке 180-
500 кг Р
2
О
5
немесе қос суперфосфаттың 4 - 11 ц/га мөлшерін енгізу
арқылы жетуге болады, сонымен қатар жыл сайын өніммен
шығарылатын фосфор қоректік затының орнын толықтырып отыру
қажет.
Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшерін оңтайлы
мөлшерге дейін жеткізу үлкен қаражаттың жұмсалуын талап етеді,
себебі оның өзін-өзі ақтауы ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан әрбір
жекелеген жағдайларда, нақты шаруашылық жағдайында және оның
эканомикалық жағдайын есепке алғанда, «оңтайландыру» әдісін
қолданудың шаруашылық үшін пайдалылығына жан-жақты бағалаулар
жүргізу қажет.
Ауыл шаруашылығының минералды тыңайтқыштармен төмен
деңгейде қамтамасыз етілуін және шаруашылықтардың экономикалық
жағдайын есепке ала отырып, қазіргі уақытта топырақ құнарлылығы
деңгейінің оңтайлалдырылуы туралы айтуға негіз жоқ.
Сондықтан
соңғы жылдарда негізгі күш тыңайтқыш енгізудің баланстық әдісін
қолдануға бағытталуы тиіс және шаруашылықтар бірінші орында
экстенсивті (теріс) баланстан өтуі қажет, яғни қоректік заттардың
өніммен бірге шығарылуы және жоғалуы олардың топыраққа түсуін
жоғарылатады
,
ал қоректік элементтер жеткілікті болғанда тепе-
теңдіктің кіріс және шығыс бөліктері бір-бірімен тең болады.
Бұл
дақылдардың өнім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді және
енгізілген тыңайтқыштардың өзін-өзі жоғары дәрежеде ақтауының
арқасында топырақ құнарлылығының төмендеуіне жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: