Биологиялық ерекшеліктері.
Жылуға қажетсінуі.
Қарақұмық
жылусүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Оның тұқымдары 7-8
о
С
топырақ температурасында өне бастайды, алайда өскіндердің дамуы 15-
30
о
С аралығында жақсы жүреді. Оның егін көгі бозқырауға (үсікке)
сезімтал және минус 2-3
о
С ауа температурасында жарақаттанады, ал -
4
о
С-да өсімдіктер мүлде опат болады.
Гүлдену – жеміссалу кезеңінде
қарақұмық жоғары температураға
өте сезімтал, өз кезегінде ол жемістердің түзілуіне теріс әсерін тигізеді,
әсіресе ылғал жетімсіздігі байқалғанда. Бұл кезеңдегі ауаның оңтайлы
температурасы 19-25
о
С аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы
50 %-дан кем болмағаны жөн. Температураның 30
о
С жоғары және
салыстырмалы ылғалдылығы 30 %-дан төмен жағдайда тозаңдану үрдісі
нашарлайды да түйіндердің (завязь) жаппай опат болуына ұрындырады.
Жеміссалуға биологиялық минимумнан (12-14
о
С) төмен температурада
да теріс әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |