Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет226/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   490
Байланысты:
index (15)

Қарақұмық  –  ылғалсүйгіш  дақыл.

  Бір  өлшем  құрғақ  зат 

қалыптастыру үшін тарыға қарағанда 3 есе, арпа мен бидайға қарағанда 

2  есе  артық  ылғал  шығындайды.  Оңтайлы  температурада  оның  жаппай 

егін  көгі  топырақтың  20-30  %  ылғалдылығында  пайда  болады. 

Қарақұмықтың  ылғалға  ең  жоғарғы  (максималды)  қажетсінуі  (50-60  %) 

гүлдену – жеміссалу кезеңінің алғашқы екі-үш аптасына сәйкес келеді.  

Қарақұмықтың ылғалға жоғары талабы оның бірқатар анатомиялық 

және  морфологиялық  ерекшеліктеріне  -  буландыру  беті  ауданының 

үлкендігі,  жапырақтарының  жоғарғы  және  төменгі  жақтарындағы 

көптеген  устьице  саңылауларының  болуы,  сабағының  балауыз 

тотынсыздығы,  әлсіз  дамыған  тамыр  жүйесі,  сонымен  қатар 

температураға  айтарлықтай  жоғары  қажетсінуі  –  ылғал  мен  жарыққа 

талаптарын арттыра түседі. 

     Сурет  16.  Қарақұмық  гүлінің 

құрылысы:  1  -  қысқабағанды;  2  - 

ұзынбағанды;     

     Сурет  17.  Қарақұмық  дәнінің 

пішіні:  1  –  қанатты;  2  –  аралық 

пішін; 3 – қанатсыз. 

 



 

245 


Қарақұмықтың  транспирациялық  коэффициенті  жоғары  және  500-

600 бірлікке тең. Оның өнімді қалыптастыруында гүлдену-пісу кезеңдері 

шешуші рөл атқарады. 

Қарақұмық  жеміс  салу  кезеңінде 



жарыққа  талабын

  күшейте 

түседі. Бұл ерекшелікті азот тыңайтқышы мен тұқымның себу мөлшерін 

белгілегенде  ескеру  қажет.  Қарақұмық  өсімдіктері  мол  ылғалдану  және 

қоректену  жағдайларына  тап  болғанда,  тұқымның  артық  мөлшері 

себілгенде  олардың  өзін-өзі  көлеңкелеуі  байқалады  және  астық  өнімі 

күрт төмендейді. 

Қарақұмықтың  тамыр  жүйесі



 

әлсіз 


дамуымен

  сипатталады,  алайда 

физиологиялық  белсенділігі  өте  жоғары.  Тамыр  жүйесінің  массасы 

бойынша  (бір  өлшем  алаңдағы)  ол  бидайдан  2,4  есе  арпадан  1,6  есе 

төмен, ал жұту қабілеті, керісінше, бидайдан 2,7 есе және арпадан 5,5 есе 

асып  түседі.  Қарақұмық  аэрациясы,  ылғалсиымдылығы  мен  құнарлығы 

жақсы  топырақтарда  тамаша  дамиды.  Мұндай  қасиеттер  жақсы 

мәденилендірілген жеңіл және орташа саздақ топырақтарға тән.  

 

Қарастырылып  отырған  дақыл  артық  қышқылдықты  көтере  алады, 



дегенмен мол астық өнімін әлсіз қышқыл және бейтараптылыққа жақын 

топырақтарда қалыптастырады. 

 

Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген қарақұмық сорттары: 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет