Сумчанка.
Украина дәндібұршақ және жармалық дақылдар
ғылыми зерттеу институтының Сумы мемлекеттік облыстық ауыл
шаруашылығы стансасында шығарылған. Алята түршесіне жатады,
ортадан ерте пісетін сорт,жапырылуға және шашылуға төзімді сорт.
Сорттық технологиялық, жармалық сапа көрсеткіштері жоғары,
дәндерінің қабықтылығы 19-20%, 1000 санының массасы 27,3-31,4 г.
Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, СҚО,
Павлодар облыстарында өсіріледі.
Богатырь.
Ресей федерациясының П.И. Лисицын атындағы Орлов
ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Түршесі алята,
орташа мерзімде пісетін бейімді сорт, жапырылуға және шашылуға
төзімділігі орташа, технологиялық және жармалық сапалары жоғары,
жармасының шығымы 65-75%. 1000 дәнінің массасы 22-24г,
қабықтылығы 20-24%. Ақмола, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Қостанай,
СҚО, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |