Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет231/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымды  себуге  дайындау.

  Қарақұмықтан  тұрақты  астық  өнімін 

алу  үшін  әрбір  ірі  шаруашылықта  кем  дегенде  екі  аудандастырылған 

сортты  сепкен  жөн  және  оның  бір-бірінен  пісу  мерзімі  мен 

агротехникалық  шараларға  қажетсінуі  бойынша  айырмашылықтарымен 

ерекшеленуі дұрыс. 

Қарақұмықты  ірі,  толыққанды  тұқыммен  себу  қажет.  Оның 

тұқымын  себу  кондициясына  жеткізу  және  ірі,  ауыр  салмақты 

фракцияларын  бөліп алу  жылжымалы  тазалағыш  машиналарды  (СМ-4), 

кептіргіш-дәнтазалағыш 

кешендерде 

(КЗС-20Ш, 

ЗАВ-40 

ж.б.) 


тұқымтазалағыш  қосымшалармен  бірге  (СП-10),  пневматикалық 

іріктегіш үстелдерде (ПСП-2,5 және СПС-5) қол жеткізіледі. 

Өну энергиясы төмен тұқым тобын құрғақ ауада қыздырған дұрыс. 

Ол үшін арнаулы алаңдарда немесе қалқаның астында жұқа қабатпен (10 

см шамасында) жайып тастайды. Тәулігіне бірнеше рет аударыстырады, 

ал түнге қарай үйіп, брезентпен жауып қояды. Қыздыру күн көзінде 2-3 

тәулік және қоймада 5-6 тәулік жүргізіледі. 

Тұқымды  міндетті  түрде  дәрілеген  жөн.  Фузариоз,  пероноспороз, 

церкоспороз,  сұр  шірік,  өңездену  ауруларына  қарсы  ТМТД  80  %, 

Фентиурам немесе Тигам улы химикаттарының бірімен ПС-10, ПСШ-15 

«Мобитокс» дәрілегіш құрылымдарда 2 кг/т мөлшерінде дәріленеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет