249
(28.05-5.06) дәл келеді және топырақтың 8-10 см тереңдігінде
температура 12-14
о
С дейін жетеді.
- Орталық Қазақстанның қара топырақты және күңгірт қара-қоңыр
топырақтары аймағында – мамырдың 30-нан 5 маусымға дейін;
- Батыс облыстарда қарақұмық себетін шаруашылықтарда 11-20
мамыр аралығы;
- Оңтүстік Қазақстанда - 26-31 мамыр аралығы;
- Шығыс Қазақстан облысында тау бөктерлі аймағында 21-25
мамыр, құрғақ-далалы аймағында - 26-31 мамыр.
Себу тәсілі.
Қарақұмықты жаппай қатардағы, тар қатарлы және кең
қатарлы тәсілдермен себуге болады. Себу тәсілін таңдағанда есте
ұстайтын жайт, кең қатарлы тәсілдің артықшылығы жаппай қатардағы
тәсілмен салыстырғанда орташа мерзімде пісетін сорттарды ерте және
оңтайлы мерзімдерде құнарлығы жоғары, жақсы мәденилендірілген
немесе жеткілікті мөлшерде тыңайтқыш енгізілген топырақтарда
себілгенде, әрі егістіктер кезінде жоғары сапалы күтіп-баптау
жұмыстары жүргізілгенде байқалады. Ал жаппай қатардағы себу
тәсілінің кең қатарлыдан артықшылығы орташа құнарлылықтағы және
арамшөптерден таза танаптарда ерте пісетін сорттарды сепкенде,
сонымен қатар шабыннан кейінгі егісті (поукосные посева) сепкенде
көрінеді.
Себу мөлшері
.
Қарақұмықтың себу мөлшері көптеген топырақ-
климат жағдайларына, себу тәсілі мен мерзімінен, танаптардың
тазалығына, сорттың биологиясына байланысты өзгереді. Кең қатарлы
себу тәсілінде – 2,0-2,5 млн/га өнгіш тұқым (1000 тұқымның массасы 25
г болғанда – 50-60 кг/га); жаппай қатардағы тәсілде – 3,0-4,5 млн/га
өнгіш тұқым (75-95 кг/га).
Жаппай егін көгін алу, өсімдіктердің біркелкі пісуі үшін қарақұмық
тұқымын ылғалды топырақ қабатына бірдей
Достарыңызбен бөлісу: