Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет240/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   490
Байланысты:
index (15)

Топырақ  өңдеу

.

 

Күріш  өсіруді  механикаландыру  үшін 



инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі 

-  атыз.  Оның  көлемі  2-3  гектар.  Суды  танапта  ұстап  тұру  үшін  танапты 

айнала  топырақ  үйіндісімен  қоршайды.  Танаптың  негізгі  бөгеттері 

биіктеу  болып  бірнеше  жылға  жасалады,  көлденең  бөгеттері  аласалау, 

биіктігі  30—40  см,  бұлар  әр  күз  сайын  жаңартылып  отырады.  Жал 

аралығындағы жерді «атыз» деп атайды.  

 Атыздың  ені  20  м,  ұзындығы  700-1500  м  болғаны  дұрыс.  Су  бас 

арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі. 

Әр атыздың ұзын бойына, бас арыққа қарама қарсы тереңдігі ең 

кем дегенде 0,7 м арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық 

суды  ағызып  жіберуге  арналады.  Су  бас  арықтан  атызға  және  одан 

қашыртқы  арыққа  ашып-жабатын  қақпағы  бар  құбырлы  тоспалар 

арқылы ағып барады. 

Күріш  танаптарының  топырағын  өңдеу  көбінесе  алғы  дақылдарға 

байланысты.  Көп  жылдық  шөптер  ұлтанын  өңдеуді,  көктемде  бірінші 

орымнан кейін немесе өсімдік биіктігі  8-10 см-ге жеткен  кезде, күрішті 

себер  алдында  7-8  см  тереңдікке  дискілі  БДТ-2,8,  БДТ-4,0  ауыр 

тырмаларымен  бастаған  қолайлы.  Топырақ  құнарлығын  көп  жыл  бойы 

тиімді  пайдалану  мақсатында  жерді  таяз  жыртудан,  бірте-бірте 

тереңдетіп жыртуға көшу керек. Ол үшін екінші және үшінші жылдары 

күріш  егісін  жиып  алысымен  тиісінше  22-24  және  23-27  см 

тереңдіктерге аудара жыртады. 

Мамыр  айында  топырақты  8-10  см  тереңдікке  дискілі  БДТ-3, 

БДТ-7  құралдарымен  екінші  рет  өңдейді,  содан  кейін  ПА-ЗА,  Д-20Б 

құралдарымен танап тегістеледі. 

Топырақтың  ірі  түйіршектерін  үгіту  және  жерді  тегістеу  үшін 

себу алдында танапты ЗКК-бА, ЗКК-1,4 таптағышымен тығыздайды. 

Күріш  көп  жылдық  шөптердің  екінші  айналымына  себілгенде 

топырақ  өңдеу  наурыз-сәуір  айларында  3-4  см  тереңдікке  БЗТС-1,0 

тырмасымен ылғал жабудан басталады. 

Сәуір-мамыр  айларында  танап  РЧ-3,б  чизел  қыршуышымен  16-18 

см  тереңдікке  қопсытылады,  содан  кейін  Д-719,  Д-20Б,  ПА-4А 

құралдарымен танап тегістеледі. 

Мелиорациялық  танапты  қазан  айында  түренді  ПН-4035,  ПН-8-35 

соқалармен  25-37  см  тереңдікке  жыртады.  Ерте  көктемде  3-4  см 



 

259 


тереңдікке  ЗБТС-1,0  тырмасымен  тырмалап,  содан  кейін  Д-20Б,  ПА-4А 

құралдарымен танап тегістеледі. 

Күрмек тектес арамшөптермен күресте 25-27 см терендікке аудара 

жыртқан сүдігер тиімді. Ал батпақты жерде өсетін арам шөптерге қарсы 

топырақты 12-14 см терендікте жыртқан дұрыс. 

Қайта  игерілген  тың  мен  тыңайған  жерлерде  (ең  кемі  23  см), 

сонымен  қатар  қамыс  басқан  учаскелерде  (25-27  см)  сүдігер  ерте 

жыртылады. 

Екпе  сүрі  жерді  өңдеу  оған  себілген  дақылды  жинап  алысымен, 

жерді  суарудан  (гектарына  1000-1500  м

3

)  басталады.  Су  топыраққа 



толық  сіңіп,  арамшөптер  жаппай  көктеп  шыққаннан  кейін,  танапты 

сыдыра  жыртқыш  соқалармен  (ППР-10-25,  ППП-5-25)  20-22  см 

тереңдікке  жыртады.  Жыртылған  қабат  толық  кепкеннен  соң  егістік 

жердің жөндеу-тегістеу жұмыстарына кіріседі. 

Топырақты  тұқым  себу  алдында  өңдеу  жұмыстарына  көктемде 

топырақтың  физикалық  пісуі  жетсімен  кіріседі,  Топырағы  тығыз  және 

ылғалы  көп  жерлерде  сүдігер  көлденең  және  ұзын  бойына  16-18  см 

терендікте өңделеді. 

Көктемгі  егістік  жерді  тырмалау,  тығыздау  және  кесектерді 

майдалау  жұмыстарын  тоң  кесектердің  оңай  ұнтақталатын  кезінде 

жүргізеді.  Ауыр  саз  топырақты  егістегі  тоң  кесектерді  арнайы 

майдалағышпен немесе ауыр таптауыштармен ұсақтайды. 

Арамшөптер  басып  кеткен  жерлерді  тұқым  себерден  2-3  күн 

бұрын  16-18  см  тереңдікке  қайта  жыртып,  пайда  болған  тоң  кесектерді 

соңынан «Зигзаг» тырмасы тіркелген ауыр дискілі БДТ-2,2 немесе БФД-

2,5, БДГ-3,0, БДНТ-3,5 тырмаларымен ұнтақтайды. 

Күріш  егісінде  минералдық  тыңайтқыштарды  пайдаланғанда, 

әсіресе  оларды  енгізудің  мерзімдері  мен  тәсілдерін  білудің  үлкен 

маңызы  бар.  Егіске  тыңайтқыш  енгізудің  мерзімдерін  белгілегенде 

күріштің  өсіп-жетілуінің  ең  жауапты  кезеңі  -  оның  түптенуі  мен 

сабақтана (түтіктене) бастаған кезі екенін әрқашан ескерген жөн.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет