Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Тұқымдық  алқаптарда  қарақұмық  өсіру  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет236/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымдық  алқаптарда  қарақұмық  өсіру  ерекшеліктері

.

  Сорттық 

тұқымның сапасы көбінесе өсіру жағдайларына байланысты. Сондықтан 

тұқымдық  егістіктерде  қарақұмық  өсірудің  барлық  кешенді  шаралары 

және  тұқымның  жоғары  сорттық,  тұқымдық,  әрі  өнімділік  қасиеттерін 

сақтауға бағытталған кейбір қосымша агротехникалық тәсілдерді жүзеге 

асыру  қажет.  Тұқымдық  алқаптарда  барлық  агротехникалық  шаралар 

жоғары деңгейде жүргізілуге тиіс. 

Тұқымдық  егістер  ең  жақсы  алғы  дақылдардан  соң  құнарлығы 

жоғары,  тыңайтқыш  енгізілген  және  арамшөптерден  таза  танаптарға 

орналастырылады. Бірнеше сорттар өсірілгенде биологиялық ластанудан 

сақтану  мақсатында  олардың  арасында  200  м-ден  кем  емес  еңістік 

қалдырылады. Қарақұмықты алдыңғы жылы оның басқа сорты өсірілген 

танапқа  орналастыруға  болмайды,  мүмкіндігі  болса,  татар  қарақұмығы, 

жабайы шомыр ж.б. арамшөптермен ластанған танаптардан қашқақтаған 

дұрыс. 


Дер кезінде жоғары сапада жүргізілген негізгі және себу алдындағы 

топырақ өңдеудің



 

маңызы ұшан теңіз. Тұқымдық танаптарға минералды 

тыңайтқыштардың  толық  мөлшерін  енгізу  қажет,  ал  бұл  өз  кезегінде 

тұқымның өнімділік қасиеттері мен себу сапасын жақсартады. 

Дақылды кең қатарлы тәсілмен  оңтайлы себу мерзімінде себеді, ал 

мұның өзі  тұқымның көбею коэффициентін арттырады, түраралық отау 

жұмысын  жеңілдетеді  және  жоғары  сапалы  тұқымның  қалыптасуына 

мүмкіндік жасайды. 

Тұқымдық алқаптарда дұрыс күтіп-баптау жұмыстарын

 

дер кезінде 

іске  асырудан  маңызы  зор.  Көктеуге  дейін  жүргізілген  тырмалау, 

гербицид    қолдану,  қатараралық  өңдеу,  үстеп  қоректендіру  мен  бал 

араларымен  тозаңдандырудан  басқа,  егістіктердегі  қиын  ажыратылатын 

мәдени  өсімдіктер  мен  арамшөптерді  отау  қажет.  Біріншісіне  –  бидай 

мен  арпа,  ал  екіншісіне  –  татар  қарақұмығы,  жабайы  шомыр  ж.б. 

жатады. 


Тұқымдық  алқаптарды  бөлектеп  жинайды  және  әуелі  жоғары 

репродукциялы  танаптан  бастайды  әрі  дәннің  75-80  %  піскен  болуы 

керек.  Дестеге  шабу,  оны  жинау  және  бастыру  қысқа  уақытта 

жүргізіледі.  Комбайнның  барлық  тетіктері  мұқият  реттелген,  тауарлы 

қарақұмық  жинауда  тәжірибеден  өткен  және  алдында  жиналған 

дақылдардың дәндерінен арылтылған болуға тиіс. 

 

КҮРІШ 

 

Күрішті  бағалы  жармалық  дақыл  ретінде  өндірудің  жылдан  жылға 



ұлғайуының  бірнеше  себептері  бар.  Біріншіден  күріштің  жармасы 

жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 килограмы 3590 калорияға 

тең.  Жарманың  абсолютті  құрғақ  зат  құрамында  88%  крахмал,  6-8% 

ақуыз,  0,5%  май,  0,5%  қант  бар.  Адам  ағзасына  сіңімділігі  (96%)  мен 




 

253 


қорытылымдылығы  (98%)  бойынша  әсіресе  диетикалық  және  балалар 

тағамы ретінде азық-түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.  

Екіншіден  күріш,  жер  шары  халықтарының  (Қытай,  Үндістан, 

Корея,  Вьетнам  және  басқа  елдердің  халықтары)  жартысынан 

астамының сүйіп жейтін тағамы.  

Күріштің  сабаны  -  жоғары  сортты  қағаз,  құрылыс,  жеңіл  аяқ  киім, 

еденге  төселетін  шағын  кілемдер,  әшекей  бұйымдар,  балалардың 

ойыншықтары  арқан,  қап  сыяқты  тұрмыстық  қажет  материалдар 

өндіруде қолданылады.  

  Күріштің  1  кг  сабанында  0,25  мал  азықтық  өлшем  болғанымен,  ол 

нашар  қорытылады,  сондықтан  оған  құрама  жем  қосып  мал  азығы 

ретінде пайдаланады. 

Күріш Азияның оңтүстік-шығысынан тараған, сондықтан бұл дақыл 

егісінің  көпшілігі  -  83,4  млн  гектары  -  Азияда  орналасқан.  Күріш 

Америкада  5,6  млн,  Африкада  -  9,3  млн,  Европада  -  0,6  млн  гектардан 

астам жерге өсіріледі. 

Қазақстанда  күріш  Қызылорда,  Алматы  (Балқаш  және  Қаратал 

аудандары)  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  өсіріледі.  Соңғы 

жылдары  республикада  күріш  егісінің  ауданы  азайып  кетті,  егер  1991 

жылы күріш 135 мың гектарға егілсе, 2007 жылы 75,7, ал 2009 жылы 85,3 

мың гектарға себілді. 

Күтіп-баптау  технологиясына  байланысты  күріштен мол  өнім алуға 

болатынын  өндірістік  тәжірибе  дәлелдеп  отыр..  Өндірістік  жағдайда 

гектарынан 35,0-45,0 ц, Краснодар өлкесінде 50,0 ц/га, Кубань тәжірибе 

шаруашылығында 78,1 ц/га өнім алынған. Екі мәрте Социалистік Еңбек 

Ері  Ыбырай  Жақаев  кезінде  күріштің  әр  гектарынан  171  центнерден 

өнім алған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет