Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет238/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиялык ерекшеліктері.

 Күріш - жылу сүйгіш дақыл. Оның 

өнуіне қолайлы температура 11-12

о

С, ал 14-15



о 

С жылулықта ол тез және 

тегіс көктеп шығады. Күріштің вегетация кезеңінде өсуі үшін оңтайлы 

температура  25-30°С  шамасында.  Оның  жаңа  шыққан  көгіне  0,5° 

салқынның  өзі  қауіпті.  Күріштің  толық  жетілуі  үшін  3000-3500°С 

белсенді температура жиынтығы қажет. 

 

 

 




 

255 


 

Сурет  18.  Күріш:  1,  2-түптену  және  сүттене  пісу  кезеңіндегі  өсімдіктер;  3-

масақша;  4-аналық  гүл;  5-  ауа  өткізгіш  ткань  (аэренхима);  6-  қытай-жапон 

тармағының сіпсебасы, масақшасы және дәні; 7-үнді тобының сіпсебасы, масақшасы 

және дәні. 

 

Барлық  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  ішінде  суды  көп 



пайдаланатын дақыл - күріш. Оның транспирациялық коэффициенті орта 

есеппен  500-600-ге  тең  болады,  бірақ  танапта  үнемі  су  қабаты 

болғандықтан, бұл көрсеткіш төмендеуі мүмкін. 

Вегетация  кезеңінде  күріштің  суды  қажет  етуі  әр  түрлі.  Суды  өте 

қажет  ететін  кезі  түптенуден  сіпсебас  шығаруға  дейінгі  кезең.  Ол 

кезеңдерде күріш атыздарындағы қабаты 15 см-ден кем болмауы керек. 

Күріш  дәні сүттеніп  піскен  кезде  атызға  су  жіберу  тоқтатылады, 

ал қамырланып піскенде атыздағы су ағызылып, танап құрғатылады. 

Бір  гектар  күріш  егістігіне  15-18  мың  текше  метр  су  жұмсалады. 

Күрішті әртүрлі топырақта өсіруге болады, дегенмен оған механикалық 

құрамы  ауыр  топырақтар  оңтайлы,  Қазақстанда  күріш  егістіктері  сұр 

топырақты жерлерде орналастырылған. 

Қазақстанда  өсіруге  рұқсат  етілген  күріш  сорттары:  Авангард, 

Алтынай,  Арал  202,  Златый,  Қарақалпақстан,  Кубань-3,  Краснодарский 

424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Пак-Ли, Солнечный, 

Уз-Рос 7-13, Уз-РОС 59, Уш-Тобинский. 




 

256 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет