254
б) желімді күріш
Олардың негізгі айырмашылығы, дән концистенциясы мен
химиялық құрамының әртүрлілігінде; кәдімгі күріштің өсіріліп жүрген
түршелері - үнді және қытай-жапон тармақтарына жатады.
Түршелерді бір-бірінен ажыратудың негізгі белгілері:
1) гүл қауызы төбесінің сипаты - тік немесе иілген;
2) қылтықтылық - қылтығы бар немесе жоқ;
3) гүл қауызының түсі – әртүрлі;
4) қылтық түсі- гүл кауызы түсіндей;
5) дән түсі - көбінесе ақ.
Кәдімгі күріш - біржылдық өсімдік (Сурет 18). Тамыр жүйесі
шашақты, тереңге бойламайды (0,2-0,25 м терендікке ғана), тамыр
талшықтары әлсіз дамыған, бірақ көп - 300-ге дейін. Тамырда арнайы
ауа өткізгіш тканьдар (аэренхима) барлығының арқасында күріш үнемі
су жайылған жағдайда өсіп-жетілуге бейімделген. Ондай тканьдар
сабағында және жапырағында да болады.
Сабағы - биіктігі 0,8-1,2 м қуыс, түйін аралықтардан (9-дан 20-ға
дейін) тұратын сабан. Сабақтар күшті түптенеді, 3-5 өнімді сабақ
қалыптастырады.
Жапырақтары-сызықты-ланцетті, қырлы жүйкеленген, шеттері
үшкірленіп біткен, ұзындығы 20-25 см, ені 1,5-2,0 см. Негізгі түсі -
жасыл, алайда қызыл, қызғылт, қоңыр-күлгін де болады. Жапырақ саны
- 10-ІЗ дана.
Гүл шоғыры - сіпсебас (20-30 см) қырлы орталық білігі бар, одан
бірінші дәрежелі 2-3 бұтақшалар шығады, олардан екінші дәрежелі
бұтақшалар тарайды да ұштарында бір гүлді масақшалар орналаскан.
Масақ қауыздары қалың, ланцетті, гүл қауыздары катты, тығыз,
қабырғалары мен қырлары болады, төменгілері қылтықты болуы
мүмкін.
Масақшалары – бір гүлді. Гүл қауыздары сарғыш, қызыл, қоңыр,
қоңыр-күлгін, қара болуы мүмкін.
Гүлдері басқа астық дақылдарынан 6 аталықтың барлығымен
ерекшеленеді. Күріш - өздігінен тозаңданады. Дәні қабықты,
бастырғанда масақ және масақша қабықшаларымен бірге бүтін масақша
түрінде үгітіледі, «шалы», «шалтық» деп те аталады. 1000 тұ'қымның
массасы 27-38 г. қауыздылығы, 14-32%, шынылығы - 65-98%.
Достарыңызбен бөлісу: