264
Сурет 19. Жүгері. 1, 2 – көктеу және гүлдену кезеңіндегі өсімдіктер; 3, 4 –
аталық гүл шоғыры және масақша; 5, 6 – аналық гүл шоғыры және масақша.
Жүгерінің сабағы мықты, іші өзекшемен толтырылған, орташа биіктігі
2-2,5 м, буынаралықтар саны 8-25 дейін.
Жапырақтары - таспалы, ірі, шет жақтары кірпікті, тақтасының
үстіңгі жағы түкті. Тілшесі қысқа, мөлдір, құлақшасы жоқ.
Жүгері – екі ұялы, бірақ даражынысты өсімдік. Аталық гүл шоғыры -
шашақгүл (сіпсебас) сабақтың басында орналасады, ал аналық гүл шоғыры
- собық (сұлтан) жапырақ қолтығында жайғасқан. Бір өсімдікте бір-екі,
кейде үш собық қалыптасады. Оның орташа массасы 250-300 г. Собық
өзектен тұрады. Оның ұяшықтарында тік қатарда жұптасып аналық
гүлдерімен (200-800) масақшалар орналасқан. Тұқымның қатарлары жұп,
көбіне олар - 10-12. Собық бірнеше қабатты түрі өзгерген жапырақпен
жабылып тұрады. Гүлдену кезеңінде түйін бағаншалары жапырақ орамынан
сыртқа шығып, буда түрінде салбырап тұрады. Жүгерінің дәні көпшілік түр
тармақтарында ірі, 1000 санының массасы 250-300 г. Дән пішіні сортқа,
қатарлардың орналасу тығыздығына байланысты, түсі - ақ, сары, қызыл
және басқа да реңді болады.