жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және
заттар (АЭЗ), 4-6% май, 1,8-2,2% клетчатка, 1,2-1,5% күлді заттар, 12-
262
майлылығы 6,5%, ал ұрықтың майлылығы 40%-ға дейін жетеді. Ұнның
сапасын көтеру үшін, тартар алдында бөлініп алынған дәннің ұрығынан
тағамдық және дәрілік май өндіріледі.
Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа
ферменттер мен витаминдер бар. Ферменттер тұқымдағы қоректік
заттар қорын өніп келе жатқан ұрыққа сіңімді жағдайға дейін
ыдыратады. Негізгі ферменттер: диастаз көмірсуларды ыдырататын
(крахмалды қантқа дейін), липаза, майларды ыдырататын, ақуыз
заттарды өзгертетін-протеолетикалық ферменттер, тотықтырушы
ферменттер-пероксидаза.
Витаминдер - адам, жануарлар, өсімдіктер өмірінде маңызды рөл
атқаратын күрделі және әртүрлі химиялық қосындылар. Жүгері дәнінде
В витаминінің кешені (В
1
, В
2
, РР, В
6
) және А провитамині.
Жүгері егісін табиғи - экономикалық аудандарға дұрыс орналастырғанда
және жоғары агротехника қолданып өсіргенде одан өте жоғары, тұрақты
дән және көк балауса өнімі алынады.
Малазықтық дақыл ретінде де жүгерінің маңызы зор. 100 кг жүгері
дәнінің қоректік құндылығы 134 малазық өлшеміне тең болса, ондағы
қорытылатын ақуыздың мөлшері 7,9 кг, 1 кг дәнде 2-3,4 г лизин, 1-2 -
метионин, 0,5-1 г триптофан болады. Демек, жүгері дақылының дәні
барлық мал түрлеріне бағалы құнарландырылған жемазық.
Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның
сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезеңінде жеке собықтарынан,
немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем
дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің
ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе
жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын
малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен
араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен
сабақтары өңдемей-ақ тамаша мал азығы.
Жүгерінің жасыл балаусасында жинаудың алдында 21,8% құрғақ зат,
2,5% протеин, 1,8% ақуыз, 0,9% май, 4,7% клетчетка және 12,4% АЭЗ
болады.
Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады.
Дәнінен спирт, крахмал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан,
собық өзегі мен орамынан - линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар
жасайды.
Жүгерінің агротехникалық мақызы да зор. Отамалы дақыл
болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арамшөптерден
тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен
молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы
алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себеді.
Жүгерінің шыққан тегі - Орталық Америка. Бұл дақыл XV ғасырда
Америкадан Испанияға әкелінген. Россияда, Қавказда, Молдавияда және
263
Украинада екпе дақыл ретінде XVII ғасырдан бастап егіле бастаса, қазір
басқа да солтүстік аудандарға тараған.
Жүгері дуниежүзінде кең тараған дақыл, егіс ауданы жөнінен (140,1
млн га) бидай мен күріштен кейін үшінші орында.
Достарыңызбен бөлісу: