268
гүлденуі, дәннің сүттене пісуі, дәннің толық пісуі, барлығы 11 кезең
ажыратылады. Оның өсіп-даму (вегетациялық) кезеңінің ұзақтығы пісу
топтарына байланысты 75-180 тәулікке созылады. Жүгері будандары
пісу мерзіміне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
-
ерте пісетіндер, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 80-90 күн, негізгі
сабақтағы жапырақ саны 10-12 дана;
-
ортадан ерте пісетіндер - 90-100 күн, 12-14 жапырақ;
-
орташа мерзімде пісетіндер - 100-115 күн, 14-16 жапырақ;
-
ортадан кеш пісетіндер - 115-130 күн, 16-18 жапырақ;
-
кеш пісетіндер - 130-150 күн, 18-20 жапырақ;
-
өте кеш пісетіндер - 150 күннен, жапырақ саны 20-дан астам.
Жүгері көктегеннен кейін алғашқы 3-4 аптада баяу өседі. Осы кезде
егістікке жақсы күтіп-баптау жүргізу қажет, себебі жүгерінің жас көгі арам
шөптерден катты зардап шегеді, ал бұның бәрі оның әрі қарай өсіп-жетілуіне
көп зиян келтіреді. Жүгерінің ең қарқынды өсіп-жетілуі - буынаралықтардың
бастапқы өсуінен шашақгүл шығуға дейінгі кезең.
Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген жүгері будандары:
Достарыңызбен бөлісу: