береді. Заманауи агротехниканы қолданғанда жүгеріні бір танапқа көптеген
269
Жауын-шашыны аз аймақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін
күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды.
Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдар үшін жақсы алғы
дақыл. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға
себілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз
етеді.
Т о п ы р а қ ө ң д е у. Жүгері тамыры топырақтың борпас болуын
және терең жыртылуын қалайды. Сондықтан оңы себуге арналған жер,
күз айларында алғы дақылдар орып алынғаннан кейін ЛДГ-10, ЛДТ-15
сыдыражыртқыштарымен немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен 7—8 см-
ге қопсытылады, сонан кейін 25—27 см-ге, ал механикалық құрамы
ауыр сазды, батпақты жерлер 27-30 см тереңдікке жыртылады.
Жүгеріні жаңа ресурсүнемдегіш әдістермен, гербицидтерді тиімді
қолданып өсіргенде, барлық аймақтарда да қатараралықты өңдеудің
қысқартылуына байланысты, арамшөптерді тегіс құрту, топырақ
ылғалын мол сақтау, негізгі жыртудың сапасымен тығыз байланысты.
Оңтүстік аудандарда суармалы жоңышқадан кейін сепкенде, өсімдік
қалдықтарының минералдану бәсеңдету мақсатында жер өңдеу оларды
жерге терең сіңіруге бағытталуы тиіс. Ол үшін қыркүйек айының
басында жоңышқа пішенге орылып алынғаннан кейін оның тамырының
мойнын
қырқып
кептіру
үшін
жер
ЛДГ-10,
ЛДГ-15
сыдыражыртқыштарымен немесе КПГ-350 сыдыра қопсытқышпен
өңделеді. Осы өңдеуден 10-15 күннен кейін, тамыр мойындары кепкен
кезеңде танапқа жыртаралды су беріледі де топырақ түренді соқалармен
30-35 см-ге жыртылады. Келесі жылдары өңдеу тереңдігі 25-27 см-ге, ал
механикалық құрамы жеңіл топырақтарда 20-25 см-ге дейін азайтылады.
Отамалы дақылдардан кейінгі және арамшөптерден таза танаптарды
алдын ала сыдыра өңдеусіз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы қаупі бар
аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 жазық тілгішті қопсытқыштарды
пайдаланып топырақты терең қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда
топырақты жартылай сүрі жер типінде өңдейді.
Топырақты көктемгі өңдеу ылғал сақтауға, ұсақ түйіртпекті борпас
топырақ қабатын қалыптастыруға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі
тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге қосымша тырмалаудан тұрады. Бірінші
қопсыту, ерте мерзімде арамшөптер шыққаннан соң 10-14 см тереңдікке, ал
тұқым себу алдындағы қопсыту тұқым себу тереңдігіне жүргізіледі.
Гербицид енгізілген егістікте, көктем ылғалды болғанда тегістеу
жүргізілмес бұрын, БП-8 тырмасымен немесе УСМК-5, КПС-4, КПГ-4
қопсытқыштарымен қопсытылады.
Достарыңызбен бөлісу: