Жүгерінің тыңайтқыштар қолдану жүйесі - негізгі, тұқым себу кезіндегі
және үстеп қоректендірулерден тұрады. Негізгі тыңайтқыштарды сүдігер
жыртқанда гектарына: қаратопырақ пен қара-қоңыр топырақтарда 10-15 т
көң, 20-30 кг-нан фосфор мен калий. Азотты көктемгі қопсытуда гектарына
20-30 кг, ал тұқым сепкенде қатарға гектарына 15 кг дейін фосфор береді.
Үстеп қоректендіруде 20-30 кг-нан азот пен фосфор, 15-20 кг калий
қолданады. Құнарсыз топырақтарға гектарына негізгі тыңайтқыш ретінде
30-40 т көң, 45-60 кг фосфор, 40-50 кг калий, көктемгі қопсытуда - 50-60 кг
азот, тұқым сепкенде қатарлы 15 кг фосфор жұмсалады. Үстеп
қоректендіруге 20-30 кг-нан азот пен фосфор қолданады. Қышқыл
топырақтарға күзде гектарына 3-5 т әк пайдаланады.
Бұл тыңайтқыштар мөлшерлерін топырақ сапасына, алғы дақылдарға,
бұрын берілген тыңайтқыштарға, климат жағдайлары мен топырақтың
химиялық сараптама нәтижелеріне байланысты нақтылайды.
Т ұ қ ы м д ы с е б у г е д а й ы н д а у. Шаруашылықтарға жүгерінің
тұқымы арнайы зауыттарда іріктелген, яғни, себуге толық дайындалған
күйінде келеді. Олардың өнгіштігі 96%-дан (1-ші класс) кем болмауы
керек. Жүгері тұқымын себу алдында жылы ауада 5-6 күндей қыздырады.
Себер кезде 34%-дық витавакс 200 ФФ (1,5-2,0 кг/т) немесе дивиденд 030 (2
кг/т) препараттарының бірімен өндейді. Жүгері тұқымын топырақтағы
зиянды микрофлорадан қорғау үшін себуге бес күн қалғанда
инкрустациялайды-қосымша
қабықтайды.
Инкрустациялау
үшін
құрамында хлороформ, фентиурам және полистиролы бар препараттарды
пайдаланады. Жүгерінің бір т тұқымына препараттың 11 литрі (2 кг
фентиурам, 16,5 кг хлороформ және 0,5 кг полистирол) жұмсалады.
Инкрустациялау үшін жаңа "Уныш" (9 кг/т) пен NаКМЦ (0,2 кг/т)
қабықтүзгіш препараттары пайдаланылады. Инкрустацияланған жүгері
тұқымын нақты мерзімінен 5-6 күн ерте себуге болады.
Тұқымды с е б у м е р з і м і, ә д і с і және с і ң і р у т е р е ң д і г і.
Суық топыраққа мезгілінен ерте себілген жүгері тұқымы көп уақыт өнбей,
шіріп кетеді, кеш себілген жүгері тұқымының көктеп шығуына ылғал
жеткіліксіз болып, өнім мөлшері түсіп кетеді. Сондықтан жүгерінің себу
мерзімін дәл анықтаудың зор мәні бар.
Жүгері тұқымын себу тереңдігінде топырақ 10-12°С жылығанда себе
бастайды. Тез қызатын жеңіл топырақты жерлерге тұқым себуді ауыр
топырақтыдан ерте бастайды: осыған сәйкес Алматы облысы
жағдайларында кештеу және кеш пісетін жүгері будандарын 20-сәуір - 5-
мамыр аралығында, ал ерте пісетіндерін - 1-15 мамырда себеді; Жамбыл
облысында ортадан кеш пісетін будандарды 1-15 мамыр, кеш
пісетіндерін – 20-сәуір - 5-мамырда, ал ерте пісетіндерін 5-20 мамырда
себу ұсынылады; Қазақстанның оңтүстік шығысында суармалы
271
жерлерде оңтайлы себу мерзімі көктем жағдайларына қарай тұрақты
қырқаларда - 15–сәуір - 10–мамыр аралығы.
Жүгеріні себудің негізгі тәсілдері – кең қатарлы, пунктирлі және
шаршы-ұялы. Қолданыстағы технологиялар бойынша жүгері қатар
аралықтары 70 см, ал қатардағы өсімдік арасы 15-20 см етіп себіледі. Мұндай
дәл орталастыруды заманауи сепкіштер толық қамтамасыз етеді.
Шаршы-ұялы (ұя аралығы 70×70 см) себу тәсілі қазір көп
қолданылмайды, бұл тәсіл топырақты өңдеу екі бағытта да жүретіндіктен
армшөптермен өте көп залалданған танаптарда және тұқымдық жүгері
өсіргенде қолданылады.
Құрғақшылықты аймақтарда және жүгерінің биік сабақты сорттары
мен будандарына себуде қатараралықтар 80-90 см және одан да үлкен
арақашықтарға себіледі, ал аласа бойлы жүгері тұқымын себуде
арақашықтық 60 см дейін қысқаруы мүмкін.
Жүгері тұқымының себу мөлшері аймақ жағдайы, дақылды пайдалану
мақсаты, себу тәсілі мен тұқым ірілігі, буданға және тағы да көптеген
жағдайларға байланысты. Шаршы-ұялы тәсілде бір ұяға 2-3 тұқымнан
себіледі.
Бағдарламаланған астық өнімін алуда ерте пісетін жүгеріні
гектарына 70-75 мың, орташа және орташа кеш пісетін будандарды 65-70,
ал кеш пісетіндерді 60 мың тұқым мөлшерінде сепкенде ең жоғары астық
өнім қамтамасыз етілген.
Салмақтық себу мөлшері гектарына 10-нан 25 кг-ға дейін өзгереді.
Жүгері тұқымын
себу тереңдігі
- себу мерзімі, топырақтың механикалық
құрамы мен ылғалдылығына байланысты 5-6-дан 10 см-ге дейін.
Топырақ ылғалы жеткілікті жағдайда жүгері тұқымы 7-8 см тереңдікке
себіледі. Құрғақшылық аймақтарда себу тереңдігін 10-12 см дейін
ұлғайтады, ал ауыр топырақтарда 6-7 см дейін азайтады. Біркелкі тегіс
көктеу үшін жүгері егісін сеуіп болысымен бұдырлы немесе басқа осы
заманғы катоктармен егісиік тығыздалады.
Жүгері
егісін күтіп-баптау
негізінен арамшөптермен күресуге және
топырақтың физикалық жағдайын жақсартуға бағытталады. Тұкымды
сепкеннен кейін 3-4 күн өткеннен соң, жеңіл немесе орташа тырмалармен
топырақ бетіндегі қабыршақтарды және өсіп келе жатқан арамшөптерді жою
мақсатында себу қатарларына көлденең тырмалау жүргізеді. Осындай
өңдеуді жүгері өсімдігі көктеп шыққаннан соң 2-3 жапырақ кезеңінде
қайталайды.
Әрі
қарай
жүгеріні
күтіп-баптаудағы
маңызды
шара
–
қатараралықтарды қопсыту мен үстеп қоректендіру. Ол үшін қопсытқыш
өсімдік-қоректендіргіштер қолданылады. Бірінші қопсытуды 7-8 см, ауыр
топырақты жерлерде 8-10 см дейінгі тереңдікке 3-4 жапырақ пайда болған
кезеңінде, 10-12 см қорғаныш алаңын қалдыра отырып, ал екіншіні, егер
қажет болса үшіншіні де 6-7 см тереңдікке жүргізеді.
Үстеме қоректі қатараралықтарды бірінші қопсытумен біріктіріп
берудің тиімділігі өте жоғары.
272
Танаптар көпжылдық арамшөптермен ластанған жағдайда 50%-дық 2,4-Д
амин тұзы (1,5-2,5 кг/га) және 40%-дық диален (1,0-3,0 кг/га)
гербицидтерімен жүгерінің 3-4 жапырақ кезінде егісті бүркеді.
Гербицидтермен өңдеу үшін тек қана штангалы бүріккіштерді қолдану
керек.
Суармалы егістік жағдайында, тиімділігі жоғары гербицидтер
қолданғанда (эрадикан, агелон, атразин) қатараралық өңдеу шараларын
өткізбеуге де болады.
Суармалы егіншілікте өсіргенде топырақтың тамырлар әрекет ететін
қабатындағы ылғалдылықты ең төменгі ылғал сыйымдылығынан 75-80%
кем емес деңгейде суару арқылы ұстап тұрғанда ғана астық өнімі мол
болады. Бұл жағдай күздегі ылғал жинау үшін суару мен вегетациялық
суарудың жақсы үйлесуінің нәтижесінде қалыптасады: бірінші суару - 5-7
жaпыpaқ кезеңінде, екінші - шашақтану алдында, үшінші - гүлдену,
төртінші және бесінші суарулар - дән түзу алдында және дәннің сүттеніп-
балауызданып пісуінің алдында; жүгері егісін суару «Фрегат», «Днепр» және
ДДА-100 МА суару машиналарының бірімен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |