Сурет 21. Шай жүгері. 1, 2 – астық (нандық) шай жүгері егін көгі мен
гүлдену кезеңдерінде; 3 – масақшалар (жеміссіз - а және жемісті - б); 4 – дән; 5,
6 – егін көгі мен гүлдену кезеңдеріндегі судан шөбі; 7 – судан шөбінің
274
Көптеген түрлерінен біздің елімізде егілетіні
кәдімгі қонақ жүгері
(S.vulgare Pers., синонимі Antropogon sorghum) және малазығы үшін
өсірілетін судан шөбі (S.sudanense Piper).
Қонақ жүгері өнімінің пайдаланылу мақсатына қарай үш топқа
бөлінеді: дәндік, қантты (малазықтық) және сыпыртқылық.
Гүлшоғырының құрылысына қарай қонақ жүгерінің мынандай
формалары болады: тармақты, сығымдалған және түйіртпекті. Қантты
(малазықтық) қонақ жүгері ретінде негізінен сыпыртқы тармақты
формалары пайдаланылады. Сыпыртқылық қонақ жүгері өкіліне
тармақталмайтын нығыздалған формалы сорттары кіреді.
Қонақ жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, жақсы жетілген,
топырақтың 2,5 м және одан да терең қабатына бойлап кетеді.
Сабағының биіктігі 2 м, ал суармалы жағдайларда 3-5 м дейін, іші бос
өзекшемен толтырылған. Төменгі сабақ буындарында ауа (тірек)
тамырлары болады. Жапырақ алақаны жалпақ, ысрты балауызданған
қатпарлы көмкерілген. Бір өсімдікте 10-25 дана және оданда көп
жапырақтар болады.
Гүл шоғыры – шашақ, ұзындығы 15-60 см, әрбір тармағының
соңында екі масақша отырады, оның біреуі – қос жынысты, ал екіншісі-
аталық, гүлденгеннен кейін түсіп қалады. Негізінен айқас тозаңданатын
дақыл.
Дәні – қабықты немесе жалаңаш, пішіні – дөңгелек, жұмыртқа
тәріздес, бояуы – ақ, қоңыр, сары, бурыл. 1000 дән массасы 25-45 г. Бір
шашақта 1600-3500 дән болады.
Достарыңызбен бөлісу: