Топырақ өңдеу жүйесі
.
Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз
аудандара өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты – ылғалды
максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және
арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс.
Қонақ жүгерінің топырақ өңдеу тәсілі алғы дақылға және танаптың
арамшөптермен ластану дәрежесіне байланысты. Сондықтан, егер қонақ
жүгері масақты дақылдан кейін орналастырса, онда, топырақты өңдеуді
аңызды сыдыра жыртудан (7-8 см) бастайды.
Рахимбеков Т.С., Каракальчев А.С. (1991) пікірлерінше, қонақ
жүгері өсірілетін танапты негізгі өсңдеуді 25-30 см дейін тереңдікке
жүргізу өнімділіктің жоғарлауына септігін тигізеді. Топырақты 15-20
см-ден 30-32 см дейінгі тереңдікте жырту арамшөптер санын азайтады
және соның әсерінен көк балауса өнімділігі 16,5 пайыз артады, яғни
танапты тереңге жырту оң әсерін тигізеді.
Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты
тырмалау және тұқымды себер алдындағы культивациялау шаралары
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |