Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Өсіру  технологиясының  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет257/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру  технологиясының  ерекшеліктері. 

Ауыспалы  егістіктегі 

орны,  бірінші  кезекте,  өсіру  бағытына  байланысты.  Қонақ  жүгеріні 

далалық және малазықтық ауыспалы егісте  орналастырады. 

Ең  жақсы  алғы  егісі-күздік  және  жаздық  масақты  дақылдар,  дәнді-

бұршақтар, сүрлемдік жүгері, картоп, бір және көпжылдық шөптер. 

Егіншілік  мәдениеті  жоғары  жерлерде  қонақ  жүгеріні  жалқыдақыл 

ретінде өсіруге болады. 

Дақылды  фитомелиоративтік  қасиеттері  жоғары  болғандықтан, 

тұзды жерлерде де өсіреді.  



Тыңайтқыштар  жүйесі.

  Көптенген  зерттеушілер  қонақ  жүгері 

егісіне  органикалық  және  минералдық  тыңайтқыштарды  берудің 

тиімділігін көрсетеді. 

Жоғары  өнім  қалыптастырылғандықтан,  қоанқ  жүгері  топырақтан 

көптеген мөлшерде қоректік заттар жұмсайды, әсіресе кедей топырақты 

жерлерден. Сондықтан жұмсалған қоректік заттардың орнын толықтыру 

жоғары өнім алудың негізгі кепілі. 

Қонақ  жүгері  вегетациясының  бастапқы  сатысында  қоректік 

заттарды  аз  мөлшерде  жұмсайды,  сол  себепті  тыңайтқыштардың  жеңіл 

сіңірілетін формаларын  қажетсінеді,  әсіресе  түтіктену    сатысында  және 

шашақтанудың алдында. Сондықтан, негізгі өңдеу алдында гектарға 50-

80  т/га  көң,  N

90-120, 


Р

90-120


  және  К

50-60


  кг/га  әсерлі  затпен  сіңіру  керек. 

Көңмен,  фосфорды  күзде,  ал  азотты  топырақты  жырту  алдында  берген 

жөн.  Тұқыммен  бірге  түйіршіктелген  суперфосфатты  мөлшері  –  30-40 

кг/га беру тиімді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет