Қысқа төзімділік
-
күздік дақылдардың қыстап шығу кезінде
қалыптасатын қолайсыз жағдайларға (борсу, тұншығу және тағы басқа) төтеп
беру қабілеті.
Аязға төзімділік
-
өсімдіктердің 0°С-тан төменгі температураларға
төтеп беру қабілеті.
Суыққа төзімділік
-
к
үздік дақылдардың 0°С-тан жоғары төмен
температураларға төтеп беру қабілеті.
Күздік дақылдардың ішінде аязға тезімділігімен күздік қара бидай
ерекшеленеді. Ол түптену түйіні орналасатын тереңдіктегі - 20°С және одан
да төмен температураға төтеп береді, күздік бидай - 18°С, ал күздік арпа -
12°С дейінгі аязға шыдайды. Бұдан төмен температуралар күздік дақылдар
егістіктерінің опат болуына ұрындырады.
Күздіктерді үсуден сақтауда жоғары агротехниканың, кар тоқтату мен
ауыл шаруашылығы өндірісіне суыққа төзімді сорттар енгізудің маңызы
зор. Қар жамылғысы топырақ температурасының төмендеуінен қорғайды,
ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша ауаның температурасы -
32-33°С дейін төмендегенде қар жамылғысы жоқ топырақтың
температурасы 2 см тереңдікте -20-22°С, қар жамылғысы 15 см болғанда -7
-11°С, ал қар жамылғысы 50 см болғанда -2 -3°С-ты көрсеткен. Демек, қар
тоқтату - күздіктерді үсуден сақтайтын тиімді шара. Осы шараның
арқасында күздік егістіктерінде көктемде қар еруінен пайда болған ылғал
қоры айтарлықтай артады.
Достарыңызбен бөлісу: |