Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Халық  шаруашылығындағы  маңызы,  таралуы,  өнімі



Pdf көрінісі
бет268/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   490
Байланысты:
index (15)

Халық  шаруашылығындағы  маңызы,  таралуы,  өнімі

Қазіргі 


уақытта  Қазақстанда  астық  өндіруді  тұрақтандыру  ауыл  шаруашылығы 

ғылымдары  мен  өндірістің  негізгі  міндеттерінің  бірі  болып  табылады. 

Әіресе  бұл  мәселе  нарықтық  экономикаға  көшуге  байланысты  өткір 

қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған  

50  елдің  құрамына  кіру  мақсатында  және  қуатты  бидай  астығын 

арттырудың,  оның  экономикалық  әлеуетін  тұрақтандырудың,  әрі  азық-

түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты. 

Мұндай  қосымша  астық  алу  көздерінің  бірі  –  Қазақстанда  күздік 

дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі 

күздік  бидай    екендігі  белгілі.  Ол  барлық  астық  дақылдарынан  өнімі 

бойынша  4,0-тен  10-12  ц/га  дейін  асып  түседі.  Осыған  қоса  жаздық 

бидайға  қарағанда  азық-түліктік  құндылығы  кем  болмаса  да  одан 

бірқатар  артықшылықтарымен  ерекшеленеді:  ол  топырақтан,  күзгі, 

қысқы,  ерте  көктемгі  ылғалды  және  қоректік  заттарды  жақсы 

пайдаланады;  топырақты  су  және  жел  эрозиясынан  сенімді  қорғайды; 

арамшөптерге  қарсы  күресте  ерекше  маңызы  бар;  аурулармен  аз 

залалданады және астық зиянкесі – астық сұр көбелегі жарақаттануынан 

«өтіп  кетеді»,  әрі  7-10-нан  15-30  тәулікке  дейін  вегетациясын  ерте 

аяқтайды.  Күздік  бидайдың  ерте  пісуі  нәтижесінде  егін  жылы,  құрғақ 

уақытта 


жиналады, 

ауыл 


шаруашылық 

техникалары 

тиімді 

пайдаланылады,  көктемгі-күзгі  себу  және  жаздық  дақылдарды  жинау 

кезеңіндегі  қаурыттылықты  төмендетеді.  Оның  ерте  жиналуына 

байланысты  тамыз  айының  бас  кезінде  сүдігер  дайындауды  ерте 

жүргізуге  мүмкіндік  береді,  ал  мұның  өзі  аңыз  қалдықтарының  жақсы 

миерализациясын  қамтамасыз  етеді,  топырақта  ылғал  жинауға  және 

арамшөптер  мен  зиянкестерге  қарсы  ерекше  маңызды.  Күздік  бидай 

алғы  дақыл  ретінде  жартылай  сүрі  танабы  болып  табылады  да  кейінгі 

дақылдардың өнімін арттырады. 

Дәнді  астық  дақылдары  ішінде  бидай  өте  құнды  тағамдық 

өсімдіктердің  бірі  ретінде  дүниежүзінде  230  млн.  га  егіс  алқабын  алып 

жатыр,  оның  ішінде  күздік  бидай  егістіктері  35%-ын  құрайды,  ал  оның 

астық өнімі орта есеппен 25,4 ц/га. 

2009 жылы Қазақстанда күздік бидай 465,1 мың га егістікте өсірілді 

және  орташа  астық өнімі  19,4  ц/га  құрады.  Ал  жаздық бидайдың  астық 

өнімі  11,7  ц/га  болды.  Елімізде  күздік  бидайдың  негізгі  егістік  ауданы 

Батыс Қазақстан (133 мың га), Оңтүстік Қазақстан (137 мың га), Жамбыл 



 

283 


(113  мың  га)  облыстарының  үлесіне  тиеді.  Бұл  жылы  солтүстік 

Қазақстан облыстарында күздік бидай 29,9 мың га алқапқа өсірілді. 

Солтүсік  Қазақстанда  ұзақ  уақыт  бойы  күздік  бидайға  жеткілікті 

көңіл бөлінбеді: аймақтық қатал климат жағдайлары оның биологиясына 

сәйкес  келмейді,  нашар  қыстайды,  маусым  айының  құрғақшылығын 

көтере  алмайды  да  астық  өнімін  төмендетеді,  -  деп  түсіндірілді.  Соған 

қарамай  Қостанай  облыстық  ауылшаруашылық  тәжірибе  стансасы  мен 

басқа да мекемелер аталған дақылды осы аймақта өсіруге болатындығын 

және жаздық бидайдың артық астық өнімін беретінін көрсетті. 

Кезінде  (бұрынғы  ССРО-ның  ыдырау  қарсаңында)  егіншілік 

мәдениетінің  өсуі,  дақылдарды  өсірудің  қарқынды  (пәрменді) 

технологияларын  игерудің  ж.б.  нәтижесінде  Солтүстік  Қазақстанның 

жекелеген  облыстары,  шаруашылықтар  күздік  бидайды  кеңінен  өсіре 

бастады.  Атап  айтқанда,  1989  жылы  оның  егістігі  Солтүстік  Қазақстан 

облысында  –  20,1  мың  га,  бұрынғы  Көкшетау  облысында  –  10,3, 

Қостанай облысында – 8,0 және Целиноград (қазіргі Ақмола) облысында 

– 0,7 мың га болды, ал астық өнімі тиісінше – 14,0; 14,3; 15,9 және 15,0 

ц/га жетті, ал осы жылы жаздық бидай өнімі оларда  – 7,3; 6,5; 6,1 және 

9,1  ц/га  ғана  болған.  Көпжылғы  деректер  де  күздік  бидай  астық  өнімі 

жаздықтан  жоғары  екенін  көрсетті:  орта  есеппен  1986-1989  жылдары 

Қостанай  облысында  2,9  мың/га  егістіктің  әр  гектарынан  күздік  бидай 

15,7  ц  астық  берсе,  жаздық  бидай            (3,3  млн/га)  –  9,0  ц  астық  берді; 

Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын өсірілген 6,1 мың га күздік 

бидай  егістігінен  19,5  ц/га  астық  жиналды,  ал  жаздық  бидайда  бұл 

көрсеткіш  (1,0  млн  га  егістіктен)  –  11,6  ц/га  болды.  С.Сейфуллин 

атындағы 

ҚазАТУ-нің 

өсімдік 


шаруашылығы 

кафедрасының 

зерттеулерінде  орта  есеппен  3  жылда  (2001-2003  ж.ж.)  Ақмола 

облысының қара-қоңыр топырақтарында астық күздік бидайда 23,3 ц/га 

болғанда,  бақылау  варианты  жаздық  бидайда  ол  13,4  ц/га  тең  болды. 

(Қ.М.Мұсынов,  2007).  ҚР-ның  АШМ-нің  деректеріне  қарағанда  2009 

жылы  елімізде  күздік  бидайдың  астық  өнімі    19,4  ц/га,  ал  жаздық 

бидайда    ол  11,7  ц/га  болғанда  бұл  көрсеткіштер  тиісінше  Ақмола 

облысында  -  13,6  және  13,4,  Қостанай  облысында  -  15,6  және  14,4  ц/га 

болды. Басқаша айтқанда, Солтүстік Қазақстан аймағында күздік бидай 

жаздыққа  қарағанда  әр  гектар  егістіктен  1,2-7,9  центнерге  дейін 

қосымша  астық  өнімін  берген.  Келтірілген  мысалдар  Қазақстанның 

Солтүстігінде күздік бидай өсіру мүмкіндігін көрсетеді және оған тиісті 

көңіл аудару қажет. 

Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. 

Осыған  байланысты  төменде  аталған  түрдің  өсу,  даму  және  өсіру 

технологиясының ерекшеліктері қарастырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет