себіледі, көктемде сепкенде олар көктейді, түптейді, бірақ генеративтік
280
күздіктердің тағы бір маңызды ерекшелігі: күзде себілетіндіктен және
жаздық дақылдарға қарағанда ерте пісетіндіктеріне байланысты егу, жинау
кезінде шаруашылықтағы көктем мен күздегі қызу қарбаласты азайтады
және техника мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірақ күздіктерді күзде себу мен олардың қыстап шығуы, кейде
дакылдардың бір бөлігінің зақымдануына, тіпті опат болуына әкеліп
соғатын қолайсыз жағдайлармен байланысты. Күздіктердің зардап шегуі мен
опат болуына қатты аяздар, температураның күрт ауытқуы, сондай-ақ жұқа
немесе өте қалың қар жамылғысы және тағы басқа да қолайсыз жағдайлар
себеп болады.
Арнайы шаралар қолданып күздіктердің қыс пен аязға төзімділігін
арттыруға, қолайсыз факторлардың әсерін алдын алуға, немесе зардабын
азайтуға болатынын ғылым мен тәжірибе дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: