Ақ зең және склероциния.
Бұлар саңырауқүлақ сипатындағы аурулар.
Оларға борсу, дүмпу және басқа да қолайсыз жағдайлардан әлсіреген
күздіктер шалдығады. Ақ зең және склероциниямен күресу үшін оларға
төзімді сорттарды өндіріске енгізу, тұқымды себу алдында виал (0,4-0,5
кг/т), витавакс 200 фф, 34% (1,5-2,0 кг/т) және басқа да препараттармен
өңдеу, сондай-ақ басқа да шараларды атқару қажет.
Өндіріске төменгі температураларға төзімді сорттар енгізу -
күздіктердің жақсы қыстап шығуын қамтамасыз ететін маңызды шара.
Бірақ төмен деңгейлі агротехникада төзімді сорттардың өзі де үсіп кетуі
мүмкін. Сондықтан күздіктер жақсы қыстап шығуы үшін кешенді шаралар
қажет: топырақты тұқым себуге уақытында және сапалы дайындау; калий
мен фосфор тыңайтқыштарын мезгілінде қолдану; аймақтың топырақ-
282
климаттық ерекшеліктеріне байланысты себу мерзімі, себу мөлшері мен
тереңдігін пайдалану; тұқымды улы химикаттармен өңдеу, қар тоқтату ж.б..
Осындай кешенді агротехникалық шаралар іске асырылған жағдайда ғана
күздіктер жақсы қыстап шығып, мол астық өнімін қалыптастырады.
КҮЗДІК БИДАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |