Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет269/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиясындағы  ерекшеліктер

.

 

Күздік  бидай  биологиясы 



бойынша 

жаздық 


бидайдан 

ерекшеленеді. 

Жаздық 

бидайдан 

айырмашылығы  –  оның вегетациялық кезеңі  күзде  басталады да,  келесі 

жылы  жазда  аяқталады.  Тіршілік  үрдісінде  күздік  бидай  өну,  көктеу, 




 

284 


түптену,  түтікке  шығу,  масақтану,  гүлдену  және  пісу  (сүттене  пісу, 

балауыздана  және  толық  пісу)  кезеңдерінен  өтеді.  Алғашқы  үш 

кезеңдері  күзде,  қалғандары  –  келесі  жылы  көтемде  және  жазда  өтеді. 

Осы 


кезеңдері 

бойынша 


оның 

биологиялық 

ерекшеліктерін 

қарастырайық. 



Тұқымның  өнуі

  –  бұл  тыныштық  күйдегі  тұқымның  белсенді 

әрекетке  көшуі,  ол  үшін  жылу,  ылғал  және  ауа  қажет.  Тұқымы  өз 

массасының  45-50  %  су  сіңіргеннен  кейін  өне  бастайды,  топырақтың 

оңтайлы  ылғалдылығы  ТЫС-тың  60-70  %  мөлшерінде  болғаны  дұрыс. 

Құрғақ-далалы  аймақта  алғы  дақылды  таңдағанда  және  дайындағанда 

бұл өте маңызды. Тұқымның суды сіңіруіне температура көп әсер етеді. 

Күздік  бидай  тұқмы  0

о

С-да  суды  сіңіре  алады,  бірақ  мұндай  жағдайда 



тұқым  бөрткенімен  физиологиялық  өсу  үрдісі  тоқтап  қалады.  Топырақ 

ылғалдылығы  ТЫС-тың  60  %-да  және  температура  4

о

С-да  тұқым 



ылғалдылығы  50  %-ға  жетінші  тәулікте,  ал  температура  10

о

С-да  –  3,5 



тәулікте  жетеді.  Тұқымның  өнуі  үшін  оңтайлы  ауа  температурасы  14-

16

о



С.  топырақ  ылғалдылығы  өте  жоғары,  қатты  тығыздалып  қалғанда 

немесе  топырақ  қабыршағы  пайда  болғанда  анаэробты  жағдайларда 

тұқым өнбейді немесе нашар өнеді. 

Тұқымның  өнуінің  алғашқы  күндерінде  органогенездің  бірінші 

кезеңі  жалғасады  -  өсу  конусының  әртүрлі  ткандерге  дифференциясы 

(оқшаулануы)  жүреді,  ұрықтық  тамыршалармен  жапырақшалардың 

ұзара  өсуі  күшейеді,  ұрықтық  сабақ  оқшауланады,  жаңа  жапырақтар 

ұрықтары қалыптасады. Тұқымның өну мерзімі топырақтың тығыздығы 

мен  оны  өңдеу  түріне,  тұқымның  сіңіру  тереңдігі  мен  топырақпен 

түйісуіне  байланысты  өзгереді.  Құрғақ  ірі  кесекті  нашар  өңделген, 

арамшөптермен ластанған топырақтар күздік бидай тұқымының жаппай 

өнуіне жағдай жасамайды, мұны өсіру технологиясын жасағанда ескеру 

қажет.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет