285
түйіндер, сабақтар мен олардың буынаралықтары, негізгі гүл
шоғырының бас бөлігі оқшауланады, масақ негізі түзіледі. Күздік
бидайдың көктеу кезеңінің ұзақтығы өнімді ылғал қоры жеткілікті
болғанда және температура ережесі қолайлы қалыптасқанда, әрі
қалыпты себу мерзімінде 15 тәулікке дейін өзгереді.
А.И.Носатовский (1965) деректері бойынша қалыпты жағдайларда
көктеу кезеңінің өтуіне қажетті оң температура жиынтығы 200
о
С
шамасында.
Күздік бидайды сепкенде топырақтың 0-10 см қабатындағы сіңімді
ылғал қорын ескерген дұрыс: егер ол 10 мм-ден жоғары болса – бұл
өсімдік вегетациясының қолайлы жағдайларда басталуының сенімді
көрсеткіші; 10мм-ден кем болса – егіннің көктеуі жауын-шашынға өте
тәуелді; 5 мм-де – егін көгі сирек шығады және оның бастапқы даму
кезеңінде өсімдіктердің опат болуы мүмкін.
Жапырақтарының өсуімен бір мезгілде тамыр жүйесінің дамуы
жүреді. Үшінші және төртінші жапырақтардың қалыптасу уақытында
ұрықтық тамырлар 27-28 см-ге дейін топыраққа бойлайды, бұл уақытта
түптену түйіні қалыптаса бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: