281
салдарынан цитоплазма сусызданып құрғап оның коллоидтары
коагуляцияға ұшырайды. Бұл қайта орнына келмес үрдіс – ақуыз
денатурацияланады. Үсіген өсімдіктер көктемде көктеп шығады, бірақ
біраздан кейін сарғайып опат болады.
Үсікке қарсы шаралардың ең негізгілері: төзімді сорттар себу және
егістіктерде қар тоқтату.
Борсу
- топырақ әлі тоңазымай, күздіктердің вегетациясы тоқталмай
тұрып егістікті қар басып қалған жағдайда өсімдіктердің опат болуы. Бұл
жағдайда өсімдіктер қоректік заттарды тыныс алуға жұмсайды, ал қар
астында жарықтың жеткіліксіздігінен оны ассимиляциямен толықтыра
алмауынан азады, түрлі ауруларға шалдығады және опат болады.
Борсумен күресу үшін күздіктерді мезгілінде және қажетті мөлшерде
себу, қарды таптауышпен тығыздау және басқа да шараларды іске асыру
керек.
Тұншығу
-
су жиналып, су басқан жерде өсімдіктердің оттегі
жетіспеуінен тұншығып өлуі. Бұл жағдай ойпаң жерлерде жиналған судың
көп уақыт тұрып қалуынан болады. Тұншығуды болдырмау үшін жиналған
суды ағызып әкету қажет. Барынша тиімді шара – күздіктерді
мүмкіндігінше жер бедері тегіс алқаптарға орналастырған дұрыс.
Дүмпу
–
жаңа жыртылған, борпылдақ топыраққа себілген күздік
дақылдар өсімдіктерін топырақ отырған кезде мұз қабыршығы оларды жер
бетінде қылғындырып ұстап қалады да, түптену түйіні жер бетіне шығып,
тамырларының үзілуі салдарынан опат болады. Оны болдырмау үшін
күздік дақылдарды себу алдында топырақты бұдырлы катоктармен
тығыздау оң нәтиже береді.
Мұз қабыршағы.
Қыста жылымық кезінде қар еріп, одан кейін түскен
суық кезінде су қатып топырақ бетінде мұз қабыршағы пайда болады. Бұл өте
қауіпті. Қатқақ, қар сияқты аяздың әсерін бәсеңдете алмайды, қайта күшейте
түсіп күздіктердің өліп қалуына әкеліп соқтырады. Жерге жабысып
жатқан мұз қатқақтарын бұзуға болмайды, өсімдіктерді зақымдап алуымыз
мүмкін. Мұз қатқақтарының зиянды әсеріне қарсы қар тоқтату мен қыстың
аяғында күл, шымтезек ұнтақтары және басқа да материалдарды пайдаланып,
олардың еруін тездету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: